Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Шиелі ауданында бұқаралық спортты және дене шынықтыру мен жоғарғы спорт шеберлігін  дамыту  бойынша

АҚПАРАТ

Бұқаралық спорт

Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 27,1% пайызды құрады. Аудан  бойынша шұғылданушылар саны – 22338 адам.

Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың  жыл басынан бері 72 аудандық, 5 облыстық 1 республикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде волейболдан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, қазақ күресінен, дойбыдан, футболдан, баскетболдан, қазақ күресінен облыстық жарыстар өткізілді.  Аудан тұрғындары арасында салауаттылықты насихаттау мақсатында ҚАЗАТОМ-пром мекемелері тұрақты түрде спартакиадалар өткізіп және еске алу турнирлері, мектеп бітіруші түлектердің жыл санап ауылдық жерлерде спорттық шараларды өткізуді үрдіске айналдырып отыр.

2018 жылдың  қаңтар, ақпан айында  аудан спортшылары  облыстық жарыстардан 44 алтын, 58 күміс, 66 қола алса, республикалық жарыстармен Қазақстан Республикасының чемпионатында 13 алтын,
8 күміс,17 қола медальдар иеленді. Ұлттық құрама мүшелігіне барлығы – 4 спортшы енген.

Үстіміздегі жылы Павлодар қаласында таеквондодан өткен ҚРЧ-да Әмірхан Жания қола жүлдегер атанса, Ақтау қаласында жастар арасында қазақ күресінен өткен ҚРЧ-да Төлепов Бекжан І орынды иеленді. Ауыр атлетикадан Қызылорда қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ҚРЧ-да  Бектай Асылжан 77 келі салмақта қола жүлдегер қатарынан көрінді.

Алда атқарылатын міндеттер:

 Мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында Алғабас, Ақмая елді мекендерінде  салынған  спорт кешендерін ел игілігіне пайдалануына қарқынды жұмыс жасау. 2018 жылы бұқаралық спорттың дамуын одан әрі қарай жандандыру, Қазақ күресінен өтетін жасөспірімдер арасындағы М.Шоқай, Бала би баба, Ы. Жақаев атындағы республикалық турнирді өз деңгейінде ұйымдастырып өткізу. Сонымен қатар үстіміздегі жылы Жаңақорған ауданында спорттың 15 түрінен өтетін Ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2018» ХХХІІ облыстық спартакиадасында ауданымыз жалпы командалық есепте үштіктен көріну.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top