Каспий саммиті жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін -- "Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекет осы аптада ..." -- 10 Тамыз 2018
«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -- "«Хабар» халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән ..." -- 10 Тамыз 2018
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді -- "Елбасы Жарлығымен Павлодар облысының Качир, ..." -- 09 Тамыз 2018
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады -- "Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ..." -- 09 Тамыз 2018
«СЫЗДЫҚ БОҚАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ СӨЗ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -- "Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылы тектілігімен ..." -- 08 Тамыз 2018
ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді -- "Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» ..." -- 03 Тамыз 2018
5 сұрақ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 02 Тамыз 2018
Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым ... -- "Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 ..." -- 02 Тамыз 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 31 Шілде 2018
27 шілдеде қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын көре алады -- "27 тамыздан 28 тамызға қараған түні ..." -- 27 Шілде 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120710;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 
  • Гигант ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі, №84 
  • Тел/факс: 8 (72432) 36-1-01;
  • Электрондық пошта:  E-mail: Gigant101@mail.ru
Гигант ауылдық округінің әкімі

 

Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғарғы тұрған мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.Ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің жиналыстарын шақырады, оларда қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және үндеулерін қарайды. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттардың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық округ аумағында жер қатынастарын реттеуді   жүзеге асырады.Заңды және жеке тұлғалармен  шарттар жасасады, заңдық және банкі құжаттарына қол қояды.Тұрғын үй қорын, жолдарды жөндеуді және салуды, аула маңы аумақтарын күтіп ұстауды ұйымдастырады.Шаруа (фермерлік) қожалықтарын, ауылдық округ тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындарды, кооперативтерді ұйымдастыруға ықпал етеді.Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді.Өртке қарсы қауіпсіздікті және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасайды.

Қазақстан  Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жүргізуді іске асырады.Табиғат зілзаласы, экологиялық апат, мал індетінің таралуы, өрт, қоғамдық тәртіптің жаппай бұзылуы жағдайларында адамдардың өмірін сақтау, олардың саулығы мен құқығын қорғау, материалдық құндылықтарды бүлдірмей сақтап қалу жөнінде заңда қарастырылғандай ерекше шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік басқару органдарында, сот орындарында кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелермен қарым-қатынас жағдайларында заңда қарастырылғандай азаматтардың мүдделерін көздейді.Тарихи және мәдени ескерткіштерді, зираттарды және   өзге жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

         Мүгедектердің, асыраушысынан айрылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың, жалғыз басты аналардың, табиғат зілзаласынан зардап шеккен азаматтардың материалдық және тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуын болдырмау жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ұсыныс енгізеді. Заңда белгіленген шектерде, тәртіпте тиісті аумақ халқын еңбекке орналастыру оларға әлеуметтік-мәдени, дәрігерлік, сауда, тұрмыстық және өзге қызмет көрсету мәселелерін шешеді. Ауылдық округтің ішкі саясат саласындағы жұмыстарын жүргізеді, орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер  шығарады. 

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Гигант ауылдық округінің әкімі

36-1-01

2

Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы 

36-1-01

3.

Асқаров Қуаныш Әмірұлы                                                            

Қаржы саласы жөніндегі (есепші жетекші  маман

36-1-01

4.

Шотаева Назира Алдабергеновна

Салық жинауды есепке алу және жастар ісі жөніндегі

 жетекші маман

36-1-01

5.

Шакиева Запура Колдасовна

Жетекші маман, жер қатынастары маманы

36-1-01

6

Парманкулов Кайрат Капанович

Әскери есепке алу жөніндегі жетекші маман

36-1-01

Халықпен жұмыс

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына және “Әкімшілік рәсімдер туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 19 бабы 1-тармағына сәйкес Гигант ауылдық округі  әкімінің аппаратында ауылдық округі әкімінің азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі:

 

 

АТЫ-ЖӨНІ

 

 

ҚЫЗМЕТІ

 

ҚАБЫЛДАУ

УАҚЫТЫ

 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

 

 

 

Гигант ауылдық округінің әкімі

Дүйсенбі

сағат 16.00-18.00

Бейсенбі

сағат 16.00-18.00

 

8(72432)36-1-01

Ереже

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» ережесі

1.    Жалпы ережелер

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіулін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар 

            2) Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының «Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
                5. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3.   «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Гигант ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120710, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі № 84.

Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы - «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

2.    Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзу.
  2. Негізгі міндеттері:

1) мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу.

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

4) заңдықы пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру

  1. Функциялары:

1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17-1.  Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының «Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:

  • Мәдениет, өнер, тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру:
  • тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамассыз ету;
  • тiлдердi қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауды жүзеге асыру.
  • халық шығармашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқада шаралар өткiзу;
  • мүдделi мемлекеттiк мекемелермен бiрлесiп мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;
  • достастық мемлекеттерiнде және шетелдерде өтетiн фестивальдарға, байқауларға және басқа шараларға үздiк шығармашылық ұжымдарды, жеке орындаушыларды ұсыну;
  1. Құқықтары мен міндеттері:

        1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

           2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

           3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

           4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

            7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3.    Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
                21. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  3. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:     

            1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

            2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

        3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

            4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

            5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

      6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

            9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

            10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

            11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

            12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

            14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

            15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

            16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

            17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

            18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

            19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

            20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

            21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

            22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

            25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

            26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

            27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

            28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

            30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

            31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

            32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

            33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

            34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

            35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

            36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

            37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

            38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

            39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

            40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

            41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

            42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

            43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

            44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

            45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Гигант ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

            46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

            «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1.      Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

27. «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Гигант ауылдық округінің тарихы

Гигант ауылдық округі 1976 жылы Ақмая ауылдық округінен бөлініп, дербес округ болып құрылды.Осыған дейін  ауылдық совет Ақмая ауылында орналасқан.  

Ауылдық округ Шиеліден түстікке қарай 3 км, Сырдария өзенінен теріскейге қарай 22 км қашықтық аралыққа орналасқан. 

Қазіргі күні округте үш елді мекен, орталығы Бидайкөл ауылы 663 отбасы, 3748 адам. Оның ішінде Бидайкөл ауылында 628 отбасы, 3554 адам, 22 бекетте 21 отбасы, 130 адам, Ақтам елді-мекенінде 14 отбасы, 64 адам бар.

Елді мекендердің барлығы аудан орталығымен асфальт жолмен байланысқан, жүйелі маршруттты таксилер қатынайды. Жаңадан соғылған бір орта мектеп 600 орындық, күрделі жөндеуден өткен 270 орындық мәдениет Үйі, Қазпошта, ауылдық дәрігерлік амбулатория,  он жеті аралас дүңгіршек, 230 нүктелі АТС және 22 бекетте 15 үйде, Ақтамда 9 үйде  телефон, сонымен қатар Бидайкөл елді мекенінде 278 үйде, Ақтам елді мекенінде 3 үйде, 22 бекетте 10 үйде OTAU TV  орнатылған.

 Ауыл тұрғындары негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады.Әлеуметтік мекемелер болып саналатын №148 қазақ орта мектебінде 110 оқытушы қызмет атқарады, 676 оқушы оқиды, директоры Шорабаева Орынкүл Дүйсенқызы.Бидайкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында дәрігер Ибрагимова Назерке Смайылқызы, Өтегенова Құлпынай, акушерка Ибраева Иңкар, медбикелер Мамбаева Зәуреш, Досжанова Гүлжамал, Нартаева Мейрамкүл, Ізімбетов Ердәулет, Нәлібаева Аймереке, Сейілханова Жанна, Молдиярова Жанат, тазалықшы Әбенова Ақнұр және Сұлтанова Ақмаралдар  халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылдық Мәдениет Үйінің  директоры Сейділдаева Қалияш, ауыл кітапханасының меңгерушісі Омарова Әсел, кітапханашы Қасқабаева Ғазиза Серікбайқызы, оқырмандармен жұмыс жасауда.

Бидайкөл ауылдық мешітінде ауыл имамы Тұрсынов Ғалымжан діни әдет-ғұрыптарды насихаттап ауыл тұрғындарына, жастарға  тағылымдама жасауда.

Ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүндібаев Серікбай, Әйелдер кеңесінің төрайымы Назарбекова Ұлмекен  халыққа қызмет көрсетуде.

Бидайкөл елді мекенінде  жеке кәсіпкерлер ашқан «Қуаныш», «Жанерке» және «Нұртілек»  үш бала-бақша яслилері  мен жеке «Дәріхана» қызмет жасауда.

Видео ақпараттар

Scroll to top