Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 October 2018
«АСЫЛДАР ТУҒАН, ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН - ШИЕЛІ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 October 2018
«ШИЕЛІ ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ШЫҒАРЫЛҒАН КІТАПҚА АРНАЛҒАН ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 October 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 October 2018
Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 October 2018
ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 October 2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 17 October 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 12 October 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 October 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 October 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «21» қыркүйек

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған  ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді.«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа,мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.    

Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                                 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 

  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

Видео ақпараттар

Scroll to top