АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 December 2018
БЖЗҚ туралы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 December 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 December 2018
Хабарландыру -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 December 2018
Хабарландыру -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 December 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 29 November 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 26 November 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 November 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 November 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 22 November 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылында жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды.

Біздің дана халқымыз «Жаны сергектің тәні сергек» деп тегін айтпаған. Бүгінгі зымыран заманның талабы да белгілі: тек дені сау ұлт қана мына мың құбылған әлемде бәсекеге қабілетті бола алады. Ендеше, бұл спорт кешенінің ашылуы тек спортшылар үшін ғана емес, баршамыз үшін қуаныш – деді аймақ басшысы Қ.Е.Көшербаев.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Төңкеріс - К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Көпеев Бауыржан Амангелдіұлының жеке қаражатына жобалық құны 97 млн. 300 мың теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Елбасы Жолдауындағы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында Шиелі ауданында заманауи спорт алаңдары, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.

Былтырғы жылы ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн. теңгені құрайтын спорт кешені пайдалануға берілсе, биылғы жылы 42 млн. теңгенің спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Еңбекші, Жөлек ауылдарынан да дәл осындай кең спорт кешендері іске қосылды. Сонымен бірге, Керделі, Бестам ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Бидайкөл ауылдық округі, Гигант ауылдық округінен жобалық құны 180 млн. 102 мың теңгенің жабық жүзу бассейінінің құрылысы аяқталды.

Видео ақпараттар

Scroll to top