«ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЗАУЫТ АЛАҢЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 21 November 2018
Ы.ЖАҚАЕВ ЕЛДІ МЕКЕНІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 19 November 2018
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 15 November 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 12 November 2018
5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 09 November 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 07 November 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

ЖАС-170

 "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие"

 Еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.

Осы арада "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша?", "Олардың ел экономикасына тарту үшін не істеу керек?" деген заңды сұрақтар туындайды. Осы және өзге де сұрақтар жауап алу үшін біз "БЖЗҚ" АҚ Қазалы аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Ринат Аяпбергеновпен әңгімелескен едік.

  Ринат Алмасұлы, жалпы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер?

–Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.

Тағы бір анықтамада«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі деп айтылады.

Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады.Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.

Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.

Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.

Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.

Егер жұмыс беруші зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек?

–Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақытылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағымдануға болады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дей тұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады. 

Оларды ел экономикасына тарту үшін істеу керек?

–Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.

2018 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,19 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі көлеңкелі экономиканың деңгейі жоғарлауы – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті), бейресми жұмыстардың болуы, табыстарды жасыру, өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы сияқты мәселелерді тудырады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты.Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар:әлеуметтік жұмыс орны;кәсіптік оқыту;жастар тәжірибесі;қоғамдық жұмыстар;кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру.

Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу –заман талабы.

– Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Әңгімелескен

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ

Видео ақпараттар

Scroll to top