5 сауал -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 July 2018
Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 July 2018
Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 June 2018
ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 25 June 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 21 June 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда

Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

Ертерек хабарлағандай, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылды. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталған. Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен қамтамасыз етілген. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.

Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынған болатын. Жыл соңына дейін осындай мобильдік кенселер тағы бір қатар облыс орталықтарында жұмысын бастамақ.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ Мобильдік кеңсесі іске қосылғаннан бері еліміздің үш өңірінде мыңнан астам азаматқа зейнетақы қызметтері көрсетілді.

Есепті кезеңде тұрғындар тарапынан ең сұранысқа ие болған қызметтерді атап айтар болсақ, олар: жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнінде жаңа редакциядағы өтінішті беру, ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру және деректемелерді өзгерту/толықтыру жөнінде өтініш қабылдау. Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті бар болса немесе Жеке кабинет қолжетімді болған жағдайда (деректемелерді өзгертуді қоспағанда) жоғарыда аталған операцияларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтында онлайн тәртібінде жүзеге асыруға болады.

Бұл сынақ жоба шалғай елдімекендер, сондай-ақ, Қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және Шараларды жүзеге асыру жоспарына қол қойылды. Осы құжаттар аясында қазақстандық ұлттық пошта желісі операторының бөлімшелері арқылы Қор бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда зейнетақы қызметтері көрсетіледі.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленіп дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметінің көрсетілу деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады деп күтілуде.

Бұдан басқа, Қор электрондық қызметтерге қолжетімділікті оңайлату мақсатында екінші деңгейдегі банктердің инфрақұрылымдарын – интернет-банкинг пен банкоматтар желісін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

АҚ «БЖЗҚ» Қызылорда

облыстық филиалы

Видео ақпараттар

Scroll to top