5 сауал -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 July 2018
Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 July 2018
Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 June 2018
ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 25 June 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 21 June 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

 Қызылорда                                                                                                                                                                                                                                                             20 маусым 2018 жыл

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

 БЖЗҚ-ның облыстық филиалында бүгін келушілер саны соңғы үш ай ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Қор ұйымдастырған «Ашық есік күніне» салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген басқа да азаматтар қатысты. Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбір тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты  сауалдарына жауап ала алады. Қор жетекшілігі жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылын ескере отырып, Ашық есік күнін дәстүрлі шараға айналдыруды шешті. Бір жарым жыл ішінде Ашық есік күніне 20 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жолы қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырды.

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың,  міндетті кәсіби зейнетақы жарналары  жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші- ерікті зейнетақы түрлері өзінің зейнет  жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға  ниетті азаматтарға арналған.

Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыру да маңызды.  Бүгінде бұл туралы білу үшін Қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерін электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса,  қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары www.enpf.kz  сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді –көшірме алу» қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған  ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да Қор қызметтерін қолдануға болады.

Ашық есік күні туралы пікірімен шараға зейнетақы шотының жай-күйін білгісі келген әжесін әкелген Нұрлан есімді жігіт бөлісті. «Зейнетақы қорының жұмысын мен ескіше түсінетінмін. Ал бүгін мұнда заманауи технологиялар жан-жақты  енгізілгенін көріп, таңданып қалдым. Енді әжеме оларды қолдануға көмектесемін. Үйде шәй ішіп отырып-ақ қызмет алатын болады».

Тағы бір қатысушы Әділбек жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет етеді екен. «Мен зейнетақы шотым туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алып отырамын. Соңғы үзінді-көшірме келгенде, жұмыс беруші жарнамды уақытылы аудармағанын, бірақ бұны бізден жасырғанын түсіндім. Бүкіл мекемедегі жағадй осындай болып шықты. Біздің талабымыздан кейін жарна аударылды. Енді мен қор сайтында жеке кабинет ашып, жағдайды әрдайым қадағалап отырмақпын. Басқаларға да осындай кеңес берем. Интернет арқылы қызмет алудың еш қиындығы жоқ, әрі ыңғайлы».

2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдіспен көрсетілген. Қордың корпоративтік стратегиясына сай, 2021 жылы бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу көзделген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда   құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі

БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz

8(727)312 60 38 ішкі 5220

Видео ақпараттар

Scroll to top