
2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».
Қор мамандары ерікті жарналардың артықшылығы туралы, оны қалай әрі кім сала алатыны және қашан алуға болатыны туралы айтып береді. Салымшы қандай сыйақы ала алады және оларды мұраға алу құқығы кімге беріледі?
Келушілер негізгі күн тәртібімен қатар «БЖЗҚ» АҚ филиалының жұмысын ұйымдастырумен танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қыр-сырын ұғына алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын мәселелердің барлығына қатысты білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысқан соң қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.
«Ашық есік күнінің» Қызылорда облыстық филиалы Ә. Тәжібаев көшесі, 26 үй мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының кеңсесінде өтетінін еске саламыз.
-
Last Updated: 17 September 2019
Кірушілер есебі
Бүгін | 361 |
Кеше | 922 |
Осы аптада | 361 |
Осы айда | 5845 |
Барлығы | 194678 |
Жиі қаралатын ақпараттар
- Бюджетті орындау
- «Нұрлы жер» бағдарламасы. Сегіз айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаковпен кездесті
- АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
- «2018-2020 жылдарға арналған Иіркөл ауылдық округінің бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №19/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен кездесті
- ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ