Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 February 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 February 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде Бірыңғайжиынтықтөлем (БЖТ) іскеқосылды.

Бірыңғайжиынтықтөлемөзін-өзі жұмыс пен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Солар қылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауылшаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтеркөрсететін), тұрғын емес орын жайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және басқа елді мекендерде 0,5 АЕК мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне иеа заматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шеек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

Видео ақпараттар

Scroll to top