КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 24 February 2020
БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
Мемлекеттік қызметшілер мен жұбайларының назарына! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 February 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2020
ХАБАРЛАМА! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 31 January 2020
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» және «Нортиван» препараттары айналымнан уақытша шығарылды.

Құрамында валсартан белсенді заты бар дәрі-дәрмек қан қысымы жоғары науқастарға арналған. Алайда отандық фармацевттер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ескеріп, аталған дәрілер емделушілерге зиян болуы мүмкін деген шешімге келіп отыр.

Артериалды гипертония, инсульт және жүрек талмасы бар науқастарға арналған бірқатар препараттың құрамынан белсенді заттар табылған. Қытайдың фармацевтикалық компаниясына тиесілі бұл өнімдердің құрамында валсартан белсенді заты бар. Бұл туралы өндіруші компания әлемдегі импорттаушыларына шілде айында ескерткен. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өкілдерінің айтуынша, жуырда өндіруші ел препаратты әзірлеу технологиясын өзгертуіне байланысты дәрі-дәрмек құрамындағы мөлшерлік норманы бұзып алған болуы керек.

Людмила Бұйрабекова, ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы:

– Біз тергеу келіссөздеріне Балкан фарма және Сановель өндіруші-компанияларының өкілдерін де шақырдық. Өйткені олардың да өнімдерінен белсенді заттар табылды. «Вазар», «Нортиван» және «Комби Кардофекс-сановель плюс» дәрі-дәрмектері нарықтан уақытша алынды. Осы жағдайға байланысты дәріханалар мен емделушілерден препаратты толық қайтарып алу және дәрілік заттарды тегін рецепт бойынша басқасына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, емделушілерге тегін медициналық көмек көлемі негізінде ұсынылатын препараттың қорабы ашылған болса да, дәріханалар оны қайтарып алуға міндетті. Дәріні тапсырғаннан кейін науқас өзін емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгінуі тиіс. Ал маман оған тыйым салынған препараттың орнына баламалы дәрі-дәрмек жазып береді.

Берік Шәріп, «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

– «Вазар» препаратынан толық бас тартып жатсақ, оның орнына «Вальсакор» дәрі-дәрмегін ұсынатын боламыз. Мұны да біз екі кезеңдік тендер арқылы жеңіп алдық. Бүгінде аталған препараттың 1 млн 800 мың бірлігін тұтынушыға жеткіздік, осынша көлемі дәріханаларда да бар. Осы айда қоймаларға тағы 2 млн 4 мың бірлігін жеткізуді көздейміз. Бұл жыл соңына дейін толық жетеді деп ойлаймыз.

Сөйтіп дәрігерлер сақтықты ойлап отыр. Өйткені шетелдік санитарлық қадағалау қызметтері де кей препараттардан қауіптенеді. Фармация комитетінің ішкі тергеуі нәтижесінде толық тексеруді қажет ететін препараттың тіркеу куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, бейресми дерек бойынша, елімізде артериалды гипертонияға шалдыққан 2 млн-ға жуық азамат бар. Оның ішінде есепке тіркеулі тек 47 мыңы ғана тегін медициналық көмек алып келеді.

 

 

Scroll to top