ШЕКАРАНЫҢ БЕРІКТІГІ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 17 August 2018
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 15 August 2018
Каспий саммиті жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 August 2018
«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 August 2018
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 09 August 2018
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 09 August 2018
«СЫЗДЫҚ БОҚАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ СӨЗ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 August 2018
ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 03 August 2018
5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 August 2018
Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 August 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есебін тыңдап, нақты міндеттер жүктеді.

Өңір үшін өзекті мәселенің бірі жолдың жайы. 12 ауданның үшеуіне қатқыл табанды жол мүлдем жоқ. Әсіресе көктем мен күзде шалғай ауылдардың халқы жол азабын тартып келеді. Биыл Казталов ауданына дейінгі жолдың қалған 30 шақырымына асфальт төсеу көзделген. Одан арғы Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының ара қашықтығы 300 шақырым. Президент осы аралыққа жол құрылысын жеделдетуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сендер қараңдар мен үкіметке тапсырма бердім. Қаражат шығарып, биылғы жылы қанша салу керек? Ол үлкен жол емес ғой, даңғыл анадай 5-6 жолақ болатын. Кәдімгі аудан арасында жеңіл машина жүретін жақсы жол болу керек. Әсіресе ана Бөкей Ордасы ауданына туристерді апарамыз деп отырмыз. Қалай апарамыз? Ол Ресейге бізден жақын. Сондықтан осы мәселені қолға алып шешеміз бірге. 

Кеңес барысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа сапарын қорытындылай келе өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асып, тұрғындардың әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екі жылдан бері жол түспеді Оралға қарай. Бүгін Ресейден келе жатқанда әдейі тоқтап, облыс жағдайымен таныстым. Өндірісті араладым біраз, бесеуін көрдік. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыт, құрылыс материалдары, жиһаздар жасайтын зауыттарды көріп, елмен сөйлестім. Жастардың сарайында болдық. Жаңа салып жатқан алаңда болдық. Жалпы бір қарағанда айтатын мәселе облыста өте жақсы жылжу, өнім бар.

Видео ақпараттар

Scroll to top