
2017 жылы Астанада баспананың рекордтық 2,36 млн шаршы метрі салынған.
Бұл республикада салынған баспана көлемінің 25% құрайды, деп мәлімдеді қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында.
Астанада жаңа үйлер бой көтеретін 4 аумақ пен қаланың ескі бөлігін ықшамдылық, көпорталықтылық пен қолжетімділік қағидалары бойынша реновациялау бағдарламасы анықталды. Бұған қоса, мұнда баспананың 17 млн-нан астам шаршы метрі салынуы мүмкін.
«Бас жоспарға қатысты сіздің берген тапсырмаңызды орындау барысында біз Үкіметпен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған қаланы дамыту бағдарламасына өзгерістер енгіземіз. Кезеңділік пен қаржыландыруды анықтау есепке алына отырып, физикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар мерзімінен бұрын салынады. Халықаралық байқаудың қорытындыларына сәйкес, 30 сәуірге дейін біз 2 млн адам тұратын қаланы дамыту жоспарының 5 нұсқасын алып, мамырда сізге ұсынатын боламыз. Бұл байқауға Ұлыбритания, Канада, Сингапур және Ресей сияқты елдердің ірі консорциумдары қатысып жатыр», – деді Ә. Исекешев.
5 әлеуметтік бастамасы бойынша Мемлекет басшысының«7-20-25» қолжетімді несиелеу тұжырымдамасы көптеген тұрғындарға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
«Тағы да бір бастамаңыздың аясында қаланың негізгі 4 жоғарғы оқу орнындағы жатақханада сұранысқа ие орындарды санап қойдық. Олардың саны 10 мыңға жетеді», – деді әкім.
Астанада жалпы аумағы 10,4 га құрайтын 10 жер учаскесі анықталды. Балама ретінде елорда әкімдігі нарықтық механизмдерді қолдануды ұсынады.
«Қазір қалада 9 мың орынға лайықталған жұлдызы жоқ 100-ден аса отель мен хостел бар. Олар МЖӘ моделі бойынша студенттерге қызмет көрсете алады. Бұл қаржы мен уақытты үнемдейді. Тиісті ұсынысты біз Білім және ғылым министрлігіне түсіреміз», – деп түйді сөзін Ә. Исекешев.
-
Last Updated: 05 April 2018
-
Hits: 794
Кірушілер есебі
Бүгін | 129 |
Кеше | 633 |
Осы аптада | 129 |
Осы айда | 9861 |
Барлығы | 198694 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
- "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшу стратегиясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегi № 176-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- БЖЗҚ
- Азаматтардың өтініш тілектері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау өткізді
- 5 сұрақ
- Көпшіліктің назарына!