3.ГИГАНТ (БИДАЙКӨЛ), ЖУАНТӨБЕ, БЕСТАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ХАЛЫҚ ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 20 January 2020
2.ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЕҢБЕКШІ, ЖИДЕЛІ, ТАЛАПТАН ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 20 January 2020
1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 20 January 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 17 January 2020
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 January 2020
Құрметті аудан тұрғындары! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 December 2019
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясын шақыру ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 25 December 2019
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің зейнетақысы (ЕЭО) -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 24 December 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 December 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 December 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы – Ли Куан Ю атындағы тәжірибе алмасу бағдарламасына Орталық Азиядан қатысып отырған тұңғыш саяси тұлға.

Осыдан 27 жыл бұрын құрылған бағдарлама аясында бірқатар елдің басшылары мен министрлері Сингапурдың даму тәжірибесін зерттеген болатын. Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева премьер-министр Ли Сянь Лунмен кездесті. Ол осы мемлекеттің негізін қалаушы Ли Куан Юдың үлкен ұлы екенін атап өткен жөн. Ядролық қаруды таратпау мәселесін талқылаған Дариға Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан ұсынған күн тәртібін қолдауға шақырды. Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына төрағалық етіп отыр, сондықтан да кездесуде ұйымның Еуразиялық экономикалық одақпен өзара әрекеттесуі талқыланды.

Үсен Сулеймен, Қазақстанның Сингапурдегі елшісі:

– Еуразиялық экономикалық одақ Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын ескеріп, тараптар KAPTICA форматын кеңейтіп, оны өңіраралық құрылымға, атап айтқанда, Еуразиялық-Тынық мұхиты сауда-индустриялық палатасына айналдыру қажет деген ортақ пікірге келді. Бұл  қазіргімен салыстырғанда аймақтағы кәсіпкерлердің өзара әрекеттесу деңгейінің жоғары болуына оң ықпал етеді.

Дариға Назарбаева Сингапур экономикасында жаңа технологияларды қалай қолданып жүргенімен танысты.

Дариға Назарбаева, ҚР парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

– Алматы әуежайын жиі тұман басады. Кейбір маусымда бұл көп қиындық тудыратыны белгілі. Әуежай үшін қолайлы жер іздеп жатырмыз.

Дариға Назарбаева инвестиция тарту жөніндегі келіссөзді ағылшынша жүргізсе, елімізге құрмет білдірген кейбір шетелдік инвесторлар өздерін қазақша таныстырды.

Азиядағы алпауыт инжиниринг компанияларының басшылары тың тәжірибелерін Қазақстанда қолдануды ұсынды.

Омар Шахзад, Meinhardt Group атқарушы директоры:

– 2017 жылдың соңында Қазақстанға барғанбыз. Біз елдеріңізде су құбырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесе аламыз. Бүгінгі таңда үлкен қалаларға су жеткізу барысында оның көп мөлшері жоғалады. Сингапур судың шығынын барынша азайтқан жүйені құруда жаһан жұртына үлгі болып отыр.

Сонымен қатар Дариға Назарбаева Парламент спикері, Сыртқы істер министрі, Сауда және индустрия министрі және Ли Куан Ю атындағы бағдарламаның төрағасымен де кездесті.

Билахари Каусикан, Сингапур СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі:

– Сингапур мен Қазақстан географиялық орналасу жағынан алыс болғанымен, біз – Азия мемлекеттеріміз. Қазақстан құрлықта, Сингапур теңіздегі өз тасымал мүмкіндіктерін пайдаланып, осы екі бағытты түйістіру арқылы екіжақты қатынасты қарқынды дамыта түсеміз деген сенімдеміз.

Дариға Назарбаева тақылеттес кездесулер Қазақстан мен Сингапур қарым-қатынасын нығайтып, елімізде Сингапурдың үздік тәжірибелері қолданылуына сеп болатынын айтты.

Видео ақпараттар

Scroll to top