ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 August 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 07 August 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 August 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 August 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 August 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 31 July 2019
«Бес сұрақ» айдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 July 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 15 July 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 July 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 03 July 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекеме кәсіпорындарының 2019 жылғы II - тоқсанындағы Шиелі аудандық мәдени шығармашылығы орталығы және мәдениет үйлері мен клубтары бойынша өткізілген мәдени шаралар

Сәуір айында мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың  дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында          «Үш тілділік – заман талабы» атты эссе жазудан аудандық байқауы болып өтті.  Байқауға аудан мектептерінен 17 талапкер қатысып, бас жүлені №45 «АқОрда» мектеп-гимназиясының оқушысы Булатова Таңшолпан, І орынды №47 мектеп-лицейдің  оқушысы Бекмұратов Досымжан, ІІ орынды №46 мектеп-лицейдің оқушысы Мадиева Жанель, ІІІ орынды №127 мектеп-лицейдің оқушысы Альшерова Шахнұр жеңіп алды. Эссе жазу байқауына қатысушылар үш тілде яғни қазақ,  ағылшын, орыс тілдерінде  «Менің елім-Қазақстан» атты эссе жазды.

  Сонымен қатар «Шиелі ауданының Бибіпатмасы» атанған Ұлман Мәмірееваның 95 жасқа толуына орай «Еңбегімен еленген Ел анасы» атты кездесу кеші болып өтті. Кеш басында анамыздың өмірі мен еңбек жолынан сахналық қойылып қойылса, ҚР мәдениет қайраткері Кенжебай Жүсіп  өзінің жүрек жарды лебізін арнаумен жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Ұлман анамызды 95 жасымен құттықтап, ақ жаулықты, гүл шоғын сыйға тартты. Кеш иесін құттықтап келген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күлей Сағындыққызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Қойшыбайұлы, «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қатира Жәленова өздерінің ыстық тілектерін жеткізсе, аудан өнерпаздары Ақдәулет Есімов, Сафуан Көрегенов, Аслан Дсмағанбетовтер Е. Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін, ҚР білім беру ісінің үздіктері Дилара, Несібелі Оразымбетовалар халық әні «Үкілім-ай» әнін, Гүлнұр Әбілова         Н. Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнін, күйші Әділбек Тәшімов                    Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін орындап Ұлман анамызбен көрерменнің алғысына бөленді.

1 мамыр – Қазақстан халқының  бірлігі мерекесіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» атты  мерекелік шеру, концерт, мәдени – көпшілік шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Біздің жетістіктеріміздің барлығы  - татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері біршаңырақтың, бір тудың астынан табылып, еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Осы мерекелік шарада ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдері мен аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.

7 мамыр күні кенттік Арман мәдениет Үйінде Отан қорғаушылар мерекесіне орай ұйымдастырылған  «отан деп соққан жүректер» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шраамыз прологпен басталып , одан соң аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап елдің тыныштығын және бейбіт өмір тіледі.Соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

9 мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Тағзым» алаңында «Ұрпаққа ұран - Ұлы Жеңіс» атты митингі болып өтті. Митингде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы және ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжанов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің амандығы мен халқымыздың тыныштығын  тілеп алғысын айтты. Аудан өнерпаздары соғыс жайлы әндерді шырқап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

15 мамыр  – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Біз-бақытты отбасымыз» атты отбасылық  эстафеталық сайысы болып өтті.Сайысқа 7 отбасы қатысып Бас жүлделі Жиделіарық ауылынан Шыныбековтар отбасы, І орынды Қарғалы ауылынан Самидиновтар отбасы, ІІ орынды Жақаев ауылынан Айымқұловтар отбасы және ІІІ орын Бала би ауылынан Күзембаевтар отбасылары алды. Эстафеталық сайысқа қатысушы  отбасыларының барлығына дерлік жүлделі орындар мен алғыс хаттар  және бағалы сыйлықтар берілді.

21 мамыр күні аудандық Б. Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күніне арналған  «Мәдениетім-мәртебем» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мерекелік шара мәдениет қызыметкерлерінің                                          

11 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында «Үш тілділік-заман талабы» атты эссе жазу байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты «Менің елім-Қазақстан» атты тақырыбында үш тілде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде эссе жазды.

         12 сәуір күні Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Шиелі ауданының Бибіпатымасы Ұлман Мәмірееваның 95 жасқа толуына  арналған «Еңбегімен еленген Ел анасы» атты кездесу кеші болып өтті. Кеш театрландырылған қойылыммен басталды. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мерейтой иесін құттықтап ыстық ықыласын білдіріп арнайы қамзолын кигізіп ақ жаулығын тақты. Кенжебай Жүсіп мерейтой иесіне арнау әнін жолдады. Кеш облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төреағаларының сөз алуымен және аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

         1 мамыр күні М. Шоқай атындағы орталық алаңда Қазақстан Республикасының  бейбітшілік пен  татулықты әлемге үлгі еткен достық пен ынтымақтың елі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты  өзге ұлт өкілдерімен бірлескен мәдени мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.Шараға шешен, кәріс, неміс, орыс ұлттары әр қайыссы өз өнерлерімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

         7 мамыр отан қорғаушылар күніне орай «Отан - деп соққан жүректер» атты шарасы өткізілді. Шараны аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, елімізге  бейбіт өмір мен тыныштық тіледі. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

         9 мамыр күні Көкшоқы елді-мекеніндегі «Тағзым» алаңында  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран – Ұлы Жеңіс» атты митингі болып өтті. Шарада аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Сарсенбек Байжанов, ардагерлер кеңесінң төрағасы Сұлтанбек Оразымбетов  құттықтау сөз сөйлеп елге тыныштық тіледі. Аудан өнерпаздары соғыс жайлы және патриоттық  әндерді шырқап көпшіліктің көңілінен шықты.

         13 мамыр күні аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде  15 мамыр – Халықаралық отбасы  күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Біз – бақытты отбасымыз» атты  отбасылық эстафеталық сайыс болып өтті. Эстафеталық сайысқа жеті отбасы қатысып, 4 отбасы  жүлделі орындар, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға  ие болды.

         21 мамыр аудандық  мәдениет Үйінде мәдениет қызметкерлері күні мерекесіне орай «Мәдениетім мәртебем» атты салтанатты кеш болып өтті. Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Жаниязов ашып, мәдениет қызметкерлерін  кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Мерекелік шара мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

24 мамыр күні аудандық мәдениет Үйінде Сыр еліндегі балалар шығармашылығын халық арасында жас таланттардың танылуына арналған «Ақ көгершін » атты ІІІ облыстық әншілер конкурсына іріктеу болып өтті.  Байқауға бірнеше талапкерлер қатысып бақтарын сынады, талапкерлердің арасынан оза шыққан  Сақтағанова Гүлсезім,  Талғатқызы Қызғалдақ, Бектөреұлы Біржандар  облыстық байқауға жолдама алды.

31 мамыр күні саяси қуғын  - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Мұстафа шоқай ескерткішінің жанында  митинг өткізілді.Қоғам қайраткері М. Шоқай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Митингіні аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып, «бұл қазақ үшін қасіретті тарих бетінде өз таңбасын қалдырған бұл жылдарды бүгінгі ұрпақтарымыз ешқашан ұмытпайды» деп атап өтті. Бұдан соң № 45 мектеп-лицей оқушыларының әдеби монтажы оқылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына құран бағышталып, бұдан былайғы кезде елімізде тыныштық, халқымыздың амандығын тілеп тарқасты.

         1 маусым күні аудандық М. Шоқай алаңында 1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өтті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып, жылы лебіздерін балаларға білдіріп,  жас бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады.

          «Көкшоқы» елді-мекеніндегі тағзым алаңында 4 маусым – ҚР Рәміздер күніне арналған «Ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты салтанатты кеш болып өтті. Ауданымыздың әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап,өнерлерін көпшілікке тарту етті.

         13 маусым күні аудандық мәдениет Үйінде медицина  қызметкерлерінің кәсіби  мерекесіне орай  «Ақ желеңді, ақ халатты абзал жандар» атты салтанатты кеш, мерекелік марапаттау болып өтті. Медицина қызметкерлерін  төл мерекелерімен аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтап алғысын білдірді, кеш барысы аудан өнерпаздарының өнерлеріне ұласты. 

         14  маусым  күні аудандық мәдениет үйінде «Азамат. Тұлға. Қайраткер» атты мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановты еске алуға арналған кеш болып өтті. Сыр елінің әлеуметтік – экономикалық дамуына  орасан зор үлес қосқан  дара тұлға, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, елдің абыз ақсақалы, мемлекет және қоғам қайраткері, әрбір істе ұлттың ұпайын түгендеп, ұрпақ болашағы үшін алаңдаған, қазақы қалпымыздың сақталуына аса мән берген, мемлекеттің дамуы жолындағы еселі еңбегінің арқасында  халықтың құрмет-қошеметіне бөленген азамат. Еске алу кеші бейнероликпен, ақындардың арнауымен бастады. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып беріп С. Шаухамановтың жары Жұпар апайға сый құрметін жасады. Еске алу кешінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы Дүйсенбаевқа, досы, ҚР еңбегі сіңген дәрігері, денсаулқ сақтау ісінің үздігі, Қызылорда облысының «Құрметті» азаматы, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Мақановқа берілді. С. Шаухамановтың жары Жұпар апайға сый құрметін жасады. С. Шаухамановтың қызыметтес досы мемлекет және қоғам қайраткері Қорғанбек Қайруллаев және Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Р. Мауяевтар сөз алды. Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

         14 маусым күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлықтап салтын, жасайды халқым» атты аудандық жас келіндер сайысы болып өтті. Сайысқа алты ауылдың үмітін үкілеп. 35 жасқа дейінгі келіндер қатысып, Бас жүлдені Ақмая ауылынан Әйтенова Алтынай, І орынды Алғабас ауылынан Бөлегенова Индира, ІІ орынды Тартоғайлық Нұрабаева Алмагүл, ІІ орынды Баймұратова Гүлжайна, ІІІ орындарды Тұрсынбай датқа ауылынан келген Мырзахметова Жадыра мен Нартай ауылынан келген Байсұн Айнұр ие болды.

         15 маусым күні  Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында  «Сексеннің шықты биыл сеңгіріне» атты мерейтой иелері еңбек  ардагерлері Қалдыбай Сүгірбаев, Сәулебай Аймаханов,  Үпілмәлік Мырзахметовтердің  80 жасқа толуына арналған салтанатты кеш болып өтті. Кешті аудан әкімі Ә. Оразбекұлы ашып, кеш иелеріне ұзақ ғұмыр тілеп, мерейтойларымен құттықтап, сый-сыйапат тапсырды. Сонымен қатар кеште мерейтой иелерінің қызыметтес ағалары мен достары сөз алды. Аудан өнерпаздары әсем әндерін шырқап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

         18 маусым күні Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасына орай және Жастар жылы аясында ұйымдастырылған  «Жалынды жастар ат үстінде» атты  жігерлі жастардың ат үстіндегі спорт түрінен өнер көрсету байқауы болып өтті. Байқауға 18-29 джас аралығындағы он алты ауыл жастары қатысып бақтарын сынға салды. Бәйгеден оза шыққан Төңкеріс ауылынан келген    Бас жүлдені, Қарғалы ауылынан  Орынбасаров Мағжан    І орынды, Жиделіарық ауылынан Бураханов Заманбек ІІ орын, Бала би ауылынан Амангелді азамат пен Еңбекшілік Ерғали Жамбылдар жүлделі ІІІ орыдарға ие болды және барлық қатысушылар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Видео ақпараттар

Scroll to top