«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 April 2019
Салықтық амнистия -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 April 2019
«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 17 April 2019
ШИЕЛІДЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 April 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛЛЕЯСЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 April 2019
ШИЕЛІДЕ РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 April 2019
ШИЕЛІДЕ КҮРІШ АҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 April 2019
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 03 April 2019
Көпшіліктің назарына! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 03 April 2019
5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 April 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Ы.Жахаев мұражайы

Директор музея  имени Жахаева

Ы.Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі

Ыханова Құттықыз Шайыққызы 1962 жылы Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Керделі ауылдық селосында дүниеге келді. 1969 жылы Нартай Бекежанов атындағы № 156 мектептің 1 сыныбына барып, 1979 жылы бітіріп шықты. 1979 – 1982 жылдары Алматы қаласындағы педагогикалық училищенің мектепке дейінгі балалар тәрбиешісі бөлімін тәмамдап, 1982-1986 жылдары «Коммунизм» колхозының комсомол комитетінің  хатшысы болып қызмет атқарды. 1991-1994 жылдары  «Қарлығаш» балалар бақшасында әдіскер,1994-1996 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасады. 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы университеттің Қызылорда филиалына түсіп, 2003 жылы «Болашақ» университетін бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын алды. 1996-2008 жылдары аралығында Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінде директор онан соң 2008-2009 жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры болды. 2009 жылдың қараша айынан бастап Ы.Жахаев атындағы  күріш өсіру тарихы музейінің директоры қызметін атқарып келеді. Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірнеше рет облыстық, аудандық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Музейде түрлі қайырымдылық акцияларын өткізіп оған аудан тұрғындарына түрлі зергерлік және қолөнер бұйымдарын, тарихи маңызы зор тұрмыстық заттар  әкеліп музей қорына тапсыруға ықпал жасады.

Отбасылы.  

МУЗЕЙ ТАРИХЫ

Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі 1978 жылдан 1982 жылға  дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңеңсінің № 150-р қаулысымен 30.04.1982 жылғы жарлығымен және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі болып қайта құрылды.

Музей үш бөлімнен тұрады: 1. «Сыр өңіріндегі күршітің даму тарихы». 2. «Ыбырай және оның жетістіктері». 3. «Тәуелсіздік» бөлімі.

Экспозицияда археологиялық, этнографиялық, мүсін, суреттер, құжаттар, кітаптар және қолөнер бұйымдары қойылған.

Музей қорында он мыңнан астам экспонаттар ауданымыздың құрылуы, тарихы, мәдениеті және еңбек майталмандары жайлы мәліметтер береді.

Қазіргі таңда музей қызметінде жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор. Музейде Интернетке қосылған компьютер жүйесі бар. «Музеолог» бағдарламасы жүйелі түрде жүргізілуде.

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейінің

2019  жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы атқарылған жұмыстары жайлы мәліметі

 

                     Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейінің 2018 жылға жоспарланған жұмыстары, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы   2 шілдесіндегі «тарихи, мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» және 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңдарына, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында, облыс және аудан әкімдерінің мәдениет саласын дамыту мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау және тиімді пайдалануға арналған түрлі бағдарламалары, Шиелі аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрықтары мен музейдің  Жарғысына сәйкес жүргізіледі.  

                  Музейдің негізгі мақсатты жұмыстарының бірі музей қорын экспонаттармен толықтыру болатын болса, қаңтарда  негізгі қорға 8 дана, ақпанда негізгі қорға 3 дана, барлығы 11 дана, наурызда көмекші қорға 5 дана экспонат жинақталды. Музей қорында барлығы 10370 экспонат, негізгі қор 6598 дана, көмекші қор 3772 дана құрайды.

                    3 айда ғылыми төлқұжат толтыру жұмыстарына байланысты 50 дана экспонатқа төлқұжат толтырылды, қаңтар 20 дана, ақпан 10 дана, наурыз 20 дана, ал музеолог  бағдарламасы бойынша 40 дана экспонат компьютер жадына  енгізілді, 10 дана қаңтар, 10 дана ақпан, наурызда 20 дана.

Есеп беру мерзімінде музей залдары бойынша келушілерге қаңтар айында  38  экскурсия, ақпан айында 40 экскурсия, наурыз айында 40 экскурсия жүргізілді.  Барлығы 118 сағат экскурсия.

Іс-шараларға байланысты  музейде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру  бағдарламасы аясында  аудандық оқушылар үйінің үйірме оқушыларымен  «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты іс- шара ұйымдастырылды. Шараға оқушылар, ұстаздар қатысты.

Көрмелік жұмыстарға байланысты  14 қаңтар күні «Туған елдің тұлғалары», 19 қаңтар күні «Еңбек ер атандырады», 28 қаңтар күні «Күріш біздің байлығымыз» 3 көрме, 25 ақпан күні «Ұлттық жәдігер ат әбзелі» 1 көрме, 6 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әйел-Ана, Әйел- Ару, Әйел -Гүл» орамалдардан, «Сұлулық әлемі-шеберлік» зергерлік бұйымдардан, «Шебердің қолы ортақ» қолөнер бұйымдарынан,  «Әйел-Ана – бақытың мен берекең!» кесе- шәйнектерден, «Ана өмірдің шуағы» самаурындардан көрмелер Ы.Жақаев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға қойылды, Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесіне 19 наурыз күні «Көктемдей жүзі нұрлы – Ұлыстың ұлы күні» атты тұрмыстық заттардан, қолөнер бұйымдарынан «Думан- Шиелі» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, 21 наурыз күні Шиелі аудандық И Құтпанұлы атындағы орталық стадионда «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты қолөнер, тұрмыстық бұйымдардан 9 көрмелер ұйымдастырылды. Барлығы  13 көрме ұйымдастырылды.

Ғылыми ағарту жұмыстары бойынша  қаңтар айын16-сы күні Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туылғанына 115 жыл толуына орай, «Қылқалам шебері» атты №150 мектептің бастауыш сынып оқушыларына 5 лекция, ақпан, наурыз айларында 19 күні  «Қазақтың қайсар қызы – Әлия Кеңес одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туылғанына 95 жыл» толуына Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде үйірме оқушыларын 9 лекция оқылды. Барлығы 14 лекция сағат.

  Ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан көлеміндегі мектептер мен мекемелермен байланысып музейге көрермен қамту  арқылы  қаңтар айында 13000 теңге түсіріп, оған барлығы  600  адам қамтылып, ақылы көрермен 109, ақысыз көрермен 491 адам қамтылды, ақпан айында

22000 теңге түсіріп, оған барлығы 500 адам қамтылып, 194 ақылы көрермен, 306 ақысыз көрермен қамтылды,  наурыз айында 22000 теңге түсіріп, оған барлығы 800 адам қамтылып, 194 ақылы көрермен, 606 ақысыз көрермен қамтылды.

Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасының

Шиелі аудандық Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейі»

мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы: 120709, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Н.Бекежанов к-сі, № 5.

Тел: (факс) 8 (724) 32-31-1-04

Музей директоры: Көшекбаев Ғабитбек Сардарбекұлы

Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00

Түскі үзіліс: 13.00-15.00

Демалыс күні: жексенбі

Билет бағасы: ересектерге – 120 теңге

студенттерге – 80 тенге

балаларға – 50 теңге 

НартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейi 1990 жылысалынып, 1993 жылдың 25 қазанындапайдалануғаберiлдi. Музейқыштансалынған, екi қабатты, екi күмбездi шығысәшекейiменбезендiрiлген.

Музейдіңжалпыадамзатбаласыныңөміріндезаттықжәнеруханимәдениеттітанытуда, зерттеуменнасихаттаудаүлкенрольатқарады.

Көнезаманескерткішініңүлгі,нұсқаларынжинақтаушы,сақтаушы,насихаттаушыжәнемұралардыұрпақтан-ұрпаққажеткізеотырып, осынегіздеқоғаммүшелерінетәлім-тәрбиеберетінғылыми-мәденижәнеруханимекеме.

НартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейоблыстықатқарукомитетiнің 1990 жылғы №23 қаулысынасәйкесҚызылордаоблысы, Шиелi ауданыНартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейiнiңнегiзi ретiндеқұрылды.

2005 жылыН.Бекежановмемориалдықөнермузейікүрделіжөндеуденөтті.

2007 жылдың қазан айында музей залдарына рэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан» залы ашылды.

Музей көлемi :

Нартай музейiнiң жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан.

Музей үйi негiзiнен 2 – қабатты көрмез алынан тұрады:

Музейдегі барлық экспонаттар саны: 15712 дана.

оның ішінде негізгі қор 9132 дана.

көмекші қор 6580 дана.

      

  Қызылорда  облыстық  тарихи – өлкетану музейінің

Нартай Бекежановтың  мемориалдық өнер музейі филиалы  бойынша

2019 жылдың 3  айда   атқарылған жұмыстар жайлы

анықтама

18 қаңтар  күні  Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты  бағдарламасы аясында №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары  «Ұлт мұрасы» атты көрмені тамашалады. Көрмеде музей қорындағы ұлттық аспаптардан (қобыз, домбыра, сыбызғы, сырнай т.б)  жәдігерлер қойылды.

7 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында      №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің оқушыларына музей қорындағы қамшы, қақпандардан көрме ұйымдастырылды.

7 ақпан күні Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойына орай "Алтын діңгекті алып емен " атты әдеби кеш болып өтті.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        14 ақпан күні  Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында «Шиелі шежіресі» атты ауданымыздың саңлақ өнер иелері – Пернебай Ізмәмбетұлы және күйші Тынысбек Дүйсебековпен киелі өнерді ұлықтау мақсатында кездесу кеші өткізілді.

15 ақпан күні Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, келер ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанның отты жалыны» атты жауынгерлермен кездесу кеші өткізілді.

1 наурыз күні Шиелі аудандық оқушылар үйінің «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Әбжаппарова Айжан үйірмеге қатысушы оқушылармен бірге Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейімен танысты . Оқушылар 1 наурыз Алғыс айту күніне орай музейден алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

6 наурыз күні Нартай ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған «Аналар - өмір шырағы » атты мерекелік кеште Нартай музейінің қызметкерлері музей қорындағы жәдігерлермен сахнаны безендірді.                                                                                                                                                         13-14 наурыз күндері Елбасының «Қазақстандықтардың әл – ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Өз жеріңді танып біл!» бастамасы аясында Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің ғылыми қызметкерлері Утеева Жанатпен Қалтайқызы Меңтай өскелең ұрпақты тарихи- мәдени ескерткіштермен және қасиетті орындармен таныстыру мақсатында №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің оқушыларын Шиелі кентіндегі ескерткіштерімен таныстырды.

19 наурыз күні Нартай ауылында "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні"- атты наурыз тойы тойланды. Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің қызметкерлері шашу шашып,думанды тойға ұласты. Осы мерекеге келген ауыл тұрғындары музейді аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Экскурсия-лекциялар:  3 айында  Қазақстанның халық әртісі, этногроф, композитор А. Затаевичке 150 толуына орай «Қазақ музыкасының майталманы» , ақпан  айында халық ақыны, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері   Н. Бекежановтың 129 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы жыршысы» , Қазақтың күйші композиторы Қазанқап Тілепбергенұлына 165 жыл толуына орай «Күй даланың шабысы» атты лекция   жазылып  аудан ішіндегі мектептерге   оқылды.

3  айда  1802  келуші қамтылып,  101 рет экскурсия жүргізілді. Музей қорындағы 15  дана  құнды  экспонат «Музеолог» бағдарламасына енгізіліп, 15 төлқұжат толтырылды. Аталған мерзімде музей қорына  15 экспонат жинақталып, 15 -ы  қосымша қорға қабылданды.

 

 

 

««Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі»КМҚК

Тарихи-өлкетану музейінің директоры «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

olketanuТөребай Өсербек Тұрсынбекұлы 1983 жылдың 27-ші қазанында Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында дүниеге келген.

1989 жылы №149 «Қызылту» орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 2000 жылы бітіріп шықты.

2000 - 2001 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте «Электрлі газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша курстық білім алған.

2001 - 2005 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және Сызу» мамандығы бойынша бітірген.

2005 - 2007 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте Арнайы пән мұғалімі болып қызмет атқарды.

2007 - 2009 жылдары Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінің зенитті дивизионында взвод командирі болған.

2010 – 2012 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 – 2014 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 - 2014 жылы Болашақ университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай білім алған.

2014 – 2015 жылдары Ақтөбе қаласында «Самал - Дизайн» жарнамалық мекемесінде суретші-безендіруші болып жұмыс жасаған.

2015 – 2016 жылдары Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығында инженер қызметін атқарған.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарып келеді. ҚР Қарулы күштері және білім саласында облыс, аудан және басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылы, ұл-қыз тәрбиелеуде.  

«Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Қожа Ахмет Яссауи көшесі, №105.
  • Тел.: 8-724-32-4-57-33;

E-mail: olketanu.muzei2017@mail.ru

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы

Музей директоры

4-57-33 8702-153-50-90

2

Әбуов Бекболат Темірәліұлы

Ғылыми қызметкер

8775-446-14-97

3

Есмаханова Аружан Нұрланқызы

Ғылыми қызметкер

8778-371-22-72

4

Жахаев Дінмұхамбет Сейлбекұлы

Қор сақтаушы

8747-666-48-07

5

Ханқожаев Дархан Рахманбердіұлы

Программист

8702-412-02-02

6

Мырзахметова Лаура Курбаналиевна

Есепші

8775-208-61-90

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалының 2019 жылдың I тоқсаныдағы атқарған жұмыстары

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі Шиелі ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №935 қаулысына сәйкес құрылып, ҚР ӘМ Қызылорда облысы әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен тіркелген.

Бүгінгі таңда музей қызметкерлері ауданымыздың рухани байлығын, асыл жәдігерлерін, қазыналарын жинақтап, ғылыми зерттеу, ғылыми жинақтау, есепке алу және сақтау, насихаттау қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру, зал экспозицияларын жаңғырту, ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа технологиялық үлгілерді енгізу жұмыстарын жүргізуде

Музейдің негізгі мақсатты жұмыстарының бірі музей қорын экспонаттармен толықтыру болатын болса, 2019 жылдың 3 айында 62 дана экспонат тіркелді. Жалпы экспонат саны 1572 дана. Оның 506 данасы негізгі қорды құраса, 1066 данасы көмекші қорды құрайды.

Шиелі аудандық тарихи-өлкетан музейі өзінің көрме қызметі аясында түрлі тақырыптарда көрмелер және іс шара ұйымдастырып өткізеді. Музейдің көрме қызметінің басты бағыты музейдің қор коллекциялары мен жеке жинақтардағы материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін экспонаттауға негізделген.

Музей қоры сонау көне замандардан қазірге дейінгі өлке тарихынан мағлұмат беретін материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерінен тұрады. 2019 жылдың I тоқсанында ұйымдастырылған тақырыптық және мерейтойлық көрмелердің аса маңыздыларын атап көрсетсек: айтыскер ақын, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» - Махамбетқали Тұрсановтың 80 жылдығына орай, «Облыстың бас ақыны», Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, «Ауған соғысы аяқталған күн» атты фотокөрме, түркі жұртының мерекесінің бастауы болып саналатын «Наурыз мерекесінің шығу тарихы» атты және т.б. көрмелер қойылды.

2019 жылы музейде ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың ішінде Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Шиелі ауданындағы Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауған соғысы аяқталған күн» атты кездесу іс-шарасы,1 наурыз Алғыс айту күніне орай іс-шарасы және Ұлыстың Үлы күні Наурыз мерекесіне орай музейде «ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында Шиелі аудандық білім бөлімі, Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерімен бірлесіп аудан орталығынан мектеп оқушыларымен «Оқшы Ата мазараты» мен «Ортағасырлық Сығанақ қалашығына» туристік саяхат жасалды. 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top