АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 20 March 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 March 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 March 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 March 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 March 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 March 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 March 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 March 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 March 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 March 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Шиелі ауданында 2018 жылдың  27 желтоқсанына  тіркелген  мүгедектер 2385 болса,  оның    ішінде  I топтағы- 162,  ІІ топтағы - 780,   III топтағы - 950,  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар– 493.

Аудан бойынша  2018 жылдың  27 желтоқсанына 1127 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, оның 851 оңалту бағдарламасы немесе 76 пайызы және 2017 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша  997 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Гигиеналық құралдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 304 мүгедекке қосымша  құралдарға 16047,0 мың теңге, 371 мүгедекке 18624,0  мың теңге,  жергілікті бюджеттен  26923,0 мың теңге  қаржы қаралып,  игерілді. Бүгінгі  күнге  707 мүгедек  міндетті гигиеналық және қосымша құралдармен қамтамасыз етілуде.

Аудандық  жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  арқылы  мүгедектерге оңалтудың  жеке бағдарламасы бойынша 30 мүгедекке бөлмелік  кресло–арба, 35 мүгедекке серуендік    кресло–арба, 4 мүгедек балаға серуендік,  2 мүгедек балаға бөлмелік арба,  1 балаға жасөспірімдік  серуендік  арбалар  берілді. 35 мүгедекке балдақ, 20 мүгедекке жетек арба, 122 мүгедекке таяқ берілді. 42 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 75 мүгедек тифлотехникалық құралдармен  қамтамасыз етілді. Бүгінгі күнге барлық қызмет  түрлері  бойынша  құжаттар қабылданып, е-собес жүйесіне енгізілуде. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 123 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 138 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 83 мүгедек жіберілді.

«Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 408 ардагерге және 41 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді. Психоневрологиялық интернатқа жүйке ауруымен ауыратын 4 мүгедек жолданды.                                            

         Алақай - Нұр мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде 7 мүгедек бала тәрбиеленуде.        

Облыстық бюджеттен 2 Ұлы Отан соғысының ардагеріне 192,4 мың теңге, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Озық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған  12 тыл ардагерлеріне сауықтыруға біржолғы материалдық  көмекке  577,2  теңге төленіп, барлығы   769,6  мың теңге игерілді. 1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген 545 тыл ардагерлеріне  72150 теңгеден төленіп, барлығы 39322,0 мың теңге игерілді.

         Жергілікті бюджеттен  2 соғыс ардагерлеріне 192,4 мың теңге мен «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Озық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған 12 тыл ардагерлеріне 865,8 мың теңге төленді. 41 Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2958,2 мың теңге, 31 Чернобыль АЭС апатының қатысушыларына 2236,6 мың теңге, Семей сынақ полигонының  33 тікелей  қатысушылары мен Совет армиясының 13 мүгедектеріне жергілікті бюджеттен  3319,0 мың теңге, 5 тыл ардагерлеріне   331,1 мың теңге, саяси қуғын – сүргін құрбандарына 80 адамға 577,2 мың теңге төленіп,  барлығы  10480,3 мың теңге төленді.

  Отан, Данқ ордендерімен марапатталған, Халық қаһарманы және ҚР-ның т.б құрметті  атағына ие болған  5 азаматқа 110,0 мың теңге қаралып, 110,0 мың теңге толық төленді.                            

 Облыстық бюджеттен сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 86 адамға 24819,0 мың теңге қаралып, өтініштері қабылданып,158 адамға 24819,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Сонымен қатар  лейкозбен ауыратын 5 балаларға емделуге 658,0 мың теңге қаралып, 3 балаға 658,0 мың теңге төлем жүргізіліп, толық игерілді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға биылға 123 балаға 8129,0 мың теңге қаралып, 147 балаға 7412,2 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді.  

Мүгедектерге әлеуметтік такси қызметтерін ұсыну. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы, 3 тармағы 54 тармақшасы (бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері) негізінде «Шиелім-менің тірегім» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынды. Республикалық бюджеттен 279,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2509,0 мың теңге, барлығы 2788,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге республикалық бюджеттен    279,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2509,0 мың теңге, барлығы  2788,0 мың теңге игерілді. 

Жеке көмекшілер мен ымдау тілі маманы қызметін  қажет ететін мүгедектерге қызмет көрсету.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  39 бабы,  3 тармағы  54 тармақшасы (бір көзден алу тәсілімен  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері) негізінде  «Шиелім-менің тірегім» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынды. Қимылында қиындығы бар 133 бірінші топтағы мүгедектер 131 жеке көмекшілермен, 20 естуі бойынша мүгедектерге 3 ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен ымдау тілі мамандарына қосымша 2546,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1348,7 мың теңге қаржы қаралды. Жеке көмекші қызметіне жергілікті бюджеттен  36926,3 мың теңге, облыстық  бюджеттен  9157,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге 165 мүгедекке жергілікті және облыстық бюджеттен жеке көмекші қызметіне 46083,3 мың теңге төленіп, толық игерілді. 3 ымдау тілі маманының қызметіне жергілікті бюджеттен  1348,7 мың теңге, ал республикалық бюджеттен  2546,0 мың теңге төленді. 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастары

Аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен 28-і қараша күні аудан әкімдігінің жанынан құрылған комиссия және жұмысшы топтың отырысы өтті.

«Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның» ағымдағы жылды қорытындылау үшін атқарылған жұмыстары туралы отырысында «Волковгеология» АҚ-ның «№23 Геологиялық барлау экспедициясы» филиалында жұмыс орындарын қысқартпауды және алдын алу шаралары туралы хабарламалары тыңдалды.

Сонымен қатар, Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі,  сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган отырысында қорытындылау жұмысы туралы хабарламалар тыңдалды.

Атап айтсақ, 2018 жылғы 27 ақпандағы аудан әкімдігінің жұмыс орындарына квота белгілеу туралы №126 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 6 жұмыс орны, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 4 жұмыс орны белгіленген. Белгіленген квота бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 4 азамат және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 4 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Елбасының 2018 жыл 05 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында төмен жалақы алатын қызметкерлері бар мекемелерге талдау жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылып, аудан көлеміндегі мекемелер мен кәсіпкерлік субьектілерінен мәліметтер жинақталды. Осы мақсатта Қызылорда облысы әкімдігі жанынан құрылған  ақпараттық-насихаттық жұмысшы тобының аудан көлеміндегі жұмыс берушілермен кездесуі өтті.

Барлық дербес бөлімдер мен мекеме басшыларына, кент ауылдық округ әкімдеріне, олардың ведомстволық бағынысындағы мекемелерінде және кәсіпорындар мен мекемелердегі кәсіподақ төрағалары 2018 жылы мерзімі аяқталатын ұжымдық шарттарды жаңадан әзірлеуді, ұжымдық шарттарда төмен жалақыны көтеру мәселесіне қатысты тиісті өзгерістерді енгізуді және уәкілетті органнан тіркеуден өткізуді бойынша тапсырмалар берілді.

Аудан бойынша 13130 жұмысшы-қызметкері бар 236 мекемеде жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұжымдық шарттар жасалды. Оның ішінде 2017 жылы ашылған 10 жеке балабақшада және 2 спорт мекемесінде атауларының өзгеруіне байланысты ұжымдық шарт қайта жасалып, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасында тіркеуден өткізілді.

Аудан бойынша 2016-2018 жылдарға 4157 жұмысшы-қызметкерлерді қамтитын 72 мекеме, жұмыс беруші, кәсіподақ ұйымы және аудан әкімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (Олар: 2-ірі, 14-орта, 56-шағын кәсіпорындар)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 190,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 12,6 млн. теңге, барлығы 202,7 млн. теңге қаражат қаралды.

2018 жылдың есепті мерзіміне 828 отбасына 4659 мүшесіне 198479,7  мың теңге тағайындалып, төленді.

Шартты ақшалай көмекке 746 отбасы 4248 мүшесіне 177388,4 мың теңге, шартсыз ақшалай көмекке 90 отбасы 459 мүшесіне 21091,3 мың теңге.2017 жылдан қалған қалдық шартты ақшалай көмекке 4273,3 мың теңге, барлығы 202753,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді. (Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 190099,0 мың теңге, жергілікті – 12654,0 мың теңге).

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар – 60 пайызды, барлық топтағы мүгедектер – 0,6 пайызды, зейнеткерлер – 0,4 пайызды, студенттер – 3,4 пайызды, І, ІІ топтағы мүгедектерге қараушылар – 0,4 пайызды, еңбекке қабілеттілер – 35,2 пайызды құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі 570 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, яғни 327 (57,4%) азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 206 (36,1%) азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 6 (1,1%) азамат жастар тәжірибесіне, 11 (1,9%) азамат кәсіби оқуға жіберіліп, 20 (3,5%) азамат әлеуметтік жұмысқа жіберілді.

Тұрғын үй көмегі. Аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 2802,0 мың теңге қаражат қаралды. Нақтыланғаны 2802,0 мың теңге. 2019 жылдың 01 қаңтарына 154 отбасының 769 мүшесіне 2801,8 мың теңге тұрғын үй көмегі 

тағайындалып, төленді. 

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру жұмыстары бойынша бүгінгі күнге көрсеткіш 77,7 пайызды құрап, аудандар арасында ІI  көрсеткіште тұр. Еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жыл басынан 552 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар жолданып, нәтижесінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында 1178 еңбек шарты жасалды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Шиелі ауданының әкімдігі,  аудандық ауылшаруашылығы кәсіподақтар кеңесі және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы арасында  2018-2020 жылдарға арналған үшжақты аудандық келісім бекітілді.

Сонымен бірге тұрақты түрде жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингі  жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылы №47 орта мектептен 12 қысқарту орын алған, бұл азаматтардың барлығы жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алынып, жұмысынан айрылуына байланысты төлемдерге құжаттарын өткізсе, 2 азамат бүгінгі күнге тұрақты жұмыспен қамтылды.

Аудан көлеміндегі мекемелер мен кәсіпорындар және ұйымдарда жұмысшыларға жалақы қарыздарының қалыптасуының алдын алу мақсатында жүргізілген мониторинг бойынша аудан көлеміндегі мекемелер бойынша жалақы қарыздары қалыптаспаған.

Видео ақпараттар

Scroll to top