ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 15 November 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 12 November 2018
5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 09 November 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 07 November 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 November 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 02 November 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

{tab Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат}

suret

Шиелі  аудандық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 

         Өмірбаяны:

 

  Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы  10 наурыз 1987 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет кентінде дүниеге келген.

2002 жылы Қызылорда қаласындағы Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебін үздік аттестатымен 9 сыныбын аяқтаған.

2002-2006 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Қызылорда медициналық колледжінің» «Емдеу ісі» факультетін фельдшер мамандығы бойынша үздік дипломымен аяқтаған.

2006-2012 жылдары Ақтөбе қаласындағы «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің» «Медико-профилактикалық ісі» факультетін «Санитарлық дәрігер, дәрігер эпидемиолог» мамандықтары бойынша үздік дипломымен аяқтаған.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық жедел жәрдем станциясында фельдшер ретінде бастаған.

2012 жылдың шілде айы мен 2015 жылдың желтоқсан айлары аралығында Қызылорда қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында (Қызылорда қалалық тұтыгушылардың құқықтарын қорғау басқармасы) мемлекеттік қызметші санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2016 жылдың қаңтар айы мен 2017 жылдың ақпан айы аралығында Жаңақорған аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2017 жылдың 01 ақпанынан бастап 2018 жылдың 17 шілдесі аралығында Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2018 жылдың 18 шілдесінен бастап Шиелі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Отбасылы, 1 бала тәрбиелеуде.

Тұрғылықты мекен-жайы: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 91 а үй 27 пәтер. тел.:        +7(702)432-22-33

                 +7(707)732-22-33

 

«ҚР  ДСМ ҚДС комитетінің Қызылорда облысы  қоғамдық денсаулық сақтау  департаменті Шиелі аудандық қоғамдық  денсаулық сақтау  басқармасы» мемлекеттік мекемесі 

Пошта индексі: 120700;
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Жүргенов көшесі №5;
Тел/факс: 8 (72432) 4-25-19;
Электрондық пошта: E-mail:  shieli.uooz@mz.gov.kz

Құрылымы: 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1.

 Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы

   басшы

4-25-19

2.

Айтекеева Гүлзада Садықбекқызы

    басшы  орынбасары

4-31-43

3

Сүйіндікова Манзура Шалабайқызы  

    эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысы

4-31-05

4.

БағдатоваГүлсімАдайбайқызы

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімі басшысы

4-31-36

5.

НұржановаШәркүлМизамқызы

санитариялық –гигиеналық қадағалау  және  техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау  бөлімі  бас маманы

4-32-15

6.

Асуова МарияСұлтанқызы

санитариялық–гигиеналық қадағалау  және техникалық регламенттер талаптарының  сақталуын бақылау бөлімі жетекші маманы

4-32-15

7.

Болатова Гулстан Бегайдарқызы

санитариялық–гигиеналық қадағалау және техникалық  регламенттер талаптарының  сақталуын бақылау бөлімі бас маманы

4-32-15

8.

БекжановаЗабираАмангелдіқызы

эпидемиологиялық қадағалау бөлімі жетекші  маманы

4-31-05

9.

ӘбенЖеңіс Жаңбырбайұлы

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімі бас  маманы

4-31-36

10.

АбдировСпандиярТілеубергенұлы

эпидемиолгиялық қадағалаубөлімі жетекші маманы

4-31-05

11.

ОспановНұрланСейданұлы

эпидемиологиялық қадағалау бөлімі бас маманы

4-31-05

12.

АйдаралиевӨрлібай Файзуллаевич

эпидемиологиялық қадағалау  бөлімі  бас маманы

4-31-05

13

 Жаханов  Олжас Өмірбекұлы

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімі жетекші  маманы

4-31-36

14.

ШохаевТұрар Жомартович

 эпидемиологиялық қадағалау  бөлімі  бас маманы

4-31-05

15

 Уразова Нұрсұлу Алпысбаевна

санитариялық–гигиеналық қадағалау  және техникалық регламенттер талаптарының  сақталуын бақылау бөлімі жетекші маманы

4-32-15

{tab Шиелі ауданында қалыптасқан cанитариялық-эпидемиологиялық ахуал}

 

2018 жылдың  9 айдың қорытындысымен   Шиелі  ауданында  қалыптасқан

cанитариялық-эпидемиологиялық ахуал

 

2018 жылдың 9 айдың  қорытындысымен  Шиелі  ауданында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.

Аудан тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызылша, қызамық, көкжөтел, сіріспе, эпидпаротит, менингит, жіті вирусты гепатиттер, малярия, лептоспироз,  листериоз,  вирусты кене энцефалиті, трихинеллез, иерсиниоз, безгек,  құтырма, қүл ауруы мен АИТВ тудырған  аурулар,қотыр, геминолепидоз   тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде  жұқпалы аурулардың 7 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды. Нақты атап кетсек: энтеребиоз -19 жағдайға, педикулез-7 жағдайға,мерез-5 жағдайға,лямблиоз -22 жағдайға, аскаридоз-1 жағдайға, ит  тістеген-64 жағдайға, кене  шаққан тұрғындар-17 жағдайға  азайған.

Сонымен қатар, ағымды жылдың 9 айдың есебімен аудан  тұрғындары арасында тұмау ауруы – 5 жағдайға, жедел  ішек инфекциясы-5,  эхиноккоз-2,  дерматомикоз-11 жағдайға, риккетсиоз-43 жағдайға, іріңді  менингит-1 жағдайға, КҚГҚ-1 жағдайға, ЖРВИ-84 жағдайға,тамақтан  улану-3 жағдайға өсіп, туберкулез  ауруы  30 жағдаймен бір  деңгейде  тұрақтады.

2018 жылдың 9 айдың қорытындысымен  аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша қанағаттанарлық жағдай қалыптасты. Аудан бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, күзгі мезгіліндегі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық қоғамдық  денсаулық  сақтау  басқармасы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Шиелі  ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алудың кейбір мәселелері туралы» 28.02.2018 жылы №144  Өкімі бекітіліп, осы өкіммен ауданның  жұмысшы тобы қадағалау  жұмыстарын  атқаруда , алдын алу жұмыстарының іс-шаралар жоспары  бойынша күзгі  жұмыстар  атқарылуда, кенеге қарсы қолайсыз болып анықталып бекітілген 25 елді мекендеріне мал мен  табиғатынан  оң  нәтижелі  вирус  тасымалдаушы кенелер  анықталған 5 елді  мекен  (Телікөл, Досболби, Жансейіт, Қарғалы-Бұланбай  бауы, Ботабай ) тізімге қосылып, күзгі  улау  жұмыстары 30 қолайсыз  елді  мекенде 19 қыркүйектен  бастап Шиелі кентінен  басталып, кесте  бойынша  ЖШС «Төрт түлік белгілері»  мердігер  мекемесі  арқылы жүргізілуде.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 28.02.2018 жылы «Облыс бойынша 2018 жылға КҚГҚ ауруынан қолайсыз болып анықталған 127 елді мекенде, оның  ішінде 25 елді  мекен  Шиелі  ауданы бойынша кенеге қарсы дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарының сапасын арттыру шараларын ұйымдастыру туралы» отырысы өткізіліп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалды.

 Аудандық  қоғамдық  денсаулық  сақтау  басқармасының бастамасымен  күзгі  улау  жұмыстарымен қатар 20.09.2018 жылы № 59/309 санды  бұйрығы  шығарылып, «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруларының алдын алу шаралары жайлы аудандық семинар-тренинг өткізу туралы» мүдделі ведомствалармен бірлескен бұйрық шығарылып, 25 қыркүйекте  ауданаралық семинар ұйымдастырылды.  Барлық елді мекендерде медицина қызметкерлері арасында ауру шыға қалған жағдайда дайындығы  және халық арасында кенеден сақтану шаралары туралы көшпелі семинар-тренингтер, акциялар ұйымдастырылып, өткізіліп, ауданның 107 дәрігері, 529 орта  буын  мед  қызметкерлері  дайындықтан  өткізілді. Күзгі  науқанға байланысты халық арасында кенеден сақтану шаралары жөнінде насихаттау мақсатында радиолекциялар  оқылып, хабарландырулар ілініп,  8 елді  мекенде  тұрғындармен кездесулер  ұйымдастырылды.

 Құтырма ауруының алдын алу мақсатында 8 елді  мекенде тұрғындармен кездесулер  ұйымдастырылса, 28 қыркүйек  Халықаралық құтырмамен  күрес  күніне  байланысты аса  қауіпті  құтырма  ауруының  алдын  алу  маңыздылығы  туралы  Орталық  «Ә.Шорабаев» базарында  акция мен  флеш-моб өткізілсе,Тұмау және ЖРВИ, ЖІИ,Менингит, КҚГҚ ауруының  күзгі  індеттік  мерзімінде атқарылған  іс-шаралар  жөнінде радиолекциялар  жүргізілді. 24.09.2018  жылы  №252 мектепте  «Аудан  көлемінде құтырманың алдын алудағы іс-шараларды күшейту туралы» аудандық  денсаулық сақтау саласы, ветеринария бөлімімен бірлескен бұйрығы шығарылып,  алдын-алу іс-шаралары ұйымдастырылып, акция өткізілді.  28.09.2018 жылы  ЖШС «Байғали», ЖШС «Ақтоты», 01.10.2018  жылы ЖШС «Алина»  жеке  бала  бақша  яслилерінде  дөңгелек  үстелдер  өткізіліп, хаттамаланды.Акция қортындысымен басылымға мақала дайындалды.Алдын  алу  іс-шаралары  жалғасуда. 2018 жылдың 3 тоқсанында аудан бойынша емдеу сауықтыру мекемелерінде  көрсетілген медициналық көмек барысында  ауруханаішілік инфекциялардың  жағдайы тіркелмеген.

Басқарма  мамандарымен емдеу-сауықтыру мекемелеріне ерекше тәртіп бойынша 1 рет тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктерге 2 айыппұл салынып, 2 санитарлық ұйғарымдар берілген,анықталған кемшіліктер қорытындысымен аудан көлемінде медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және қауіпсіз жою сұрақтары бойынша 1 семинар ұйымдастырылып, оған 38  қызметкер қатыстырылды. Сонымен қатар, аталған мәселе  денсаулық сақтау саласының алқасында 2 рет, медициналық кеңесте 2 рет қаралып, шешімі шығарылды. 2018 жылдың 9 айында аудан  деңгейінде 1 облыстық, 1 аумақтық басқарма мамандарымен медицина қызметкерлер арасында  2 семинар-сабақтар ұйымдастырылған.

Аудан бойынша  2018 жылдың  9 айдың қорытындысымен барлығы 85 рұқсат құжаттары берілді,барлығы  электронды түрде Е-лицензиялау бағдарламасы арқылы.

  Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма мамандарымен 2018 жылдың  9 айында жүргізілген тексерулердің барлық саны  89 құраса, оның ішінде тексеру қорытындысымен 84 бұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы  877 825 теңге көлемінде жеке тұлғаларға салынса, лауазымды тұлғаға 336 700теңге айыппұл салынған. Тексерулердің 51-і жеке кәсіпкерлік субьектілердің үлесінде болса, 38 тексерулер жеке кәсіпкерлік болып табылмайтын субьектілердің үлесінде болып отыр.

9 айдың  көлемінде ерекше тәртіп бойынша 78 нысан тексеріліп қорытындысымен  78 бұзушылықтар анықталып немесе жалпы сомасы 1 142 375  теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал,  жоспардан тыс 11 нысан тексерумен қамтылып, тексеру қорытындысымен 5 немесе жалпы сомасы  72150  теңге айыппұл салынған.

2018 жылдың 9 ай көлемінде санитарлық норма мен ережелерді бұзған үшін аудан бойынша жеке, лауазымды, занды тұлғаларға барлығы  84 айыппұл салынып, оның барлығы өңдірілген.Жұмыстан шеттетілген  адам саны – 34, қаралған өзекті сұрақтар бойынша қабылданған шешім – 2. Аудан  бойынша барлығы  жеке дәне заңды тұлғалардан түскен - 35 өтініш өндірісте болған, оның ішінде  - 5-і шағым.

 


 

{tab Халықпен жұмыс}

АТЫ-ЖӨНІ

ҚЫЗМЕТІ

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

 Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы

  басшы

Дүйсенбі

сағат 15:00-17:00

 8(72432)4-25-19

87024322233

 АйтекееваГүлзадаСадықбекқызы

 басшы

орынбасары

 Сейсенбі

сағат 15:00-17:00

 8(72432)4-31-43

87016346397 

Байланыс телефоны: 8(72432) 4-25-19; факс: 8(72432) 4-25-19 

Ескертпе: Алыскалалардан, ауылдардан келген азаматтарды қабылдау уақыты күнделікті сағ 9:00 – 18:00 – дейін  қабылдайды.

Видео ақпараттар

Scroll to top