Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 July 2018
Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 July 2018
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 July 2018
Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін шаралар -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 July 2018
5 сауал -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 16 July 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 July 2018
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Шиелі аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар есебі

   Аудандағы білім беру жүйесін  жалпы білім беретін 41 мектеп (оның ішінде  жаңа типті 7  мектеп: 2 мектеп-гимназия, 5 мектеп-лицейлері,  34  жалпы білім беретін мектептер) мен 1 кешкі мектеп, 128 мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдары құрайды.

    Жалпы білім беретін 41 мектептің 38 – де оқу - тәрбие жұмысы қазақ тілінде, 1 мектепте орыс тілінде, 2 мектепте қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

    Инновациялық мектептердің үлесі - 17%  болса, оқушы саны 5081 бала, бұл барлық оқушылардың 32,4%-ы.

     2016 жылы  білім беру саласына  6 млрд. 395 млн. 529,0 мың теңге қаржы қаралса, 2017 жылы 8 млрд. 382 млн. 590,5 мың теңге қаржы бөлінді.

Күрделі және жай жөндеу

       Ауданда  жұмыс жасайтын  41 жалпы орта білім беретін мектептің 32 типтік, 9 бейімделген жобадағы ғимараттарда орналасқан. Мектептердің жаңадан берілуі мен қайта құрылымдаудан өтуіне байланысты апатты жағдайдағы мектеп пен үш ауысымды мектеп толығымен жойылған. Жылма - жыл мектептерге келетін бала санының артуымен үш кезекті оқуға өтіп кетуі ықтимал мектептердің тізімі алынып, тиісті шаралар қабылдануда. №207 орта мектепке 200 орынды жаңа мектеп соғуға сұраныс берілсе, №45 мектеп  - гимназияға қосымша құрылыс жүргізілуде. Мектеп – гимназияға 2017 жылға облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, жұмыс жасалуда.

Алмалы ауылындағы №181 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын «Астана сервис ЛТД» ЖШС жүргізді, бөлінген қаржы - 55 138,0 мың теңге, Алғабас ауылындағы №157 Б. Пәрімбетов атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуді «Жаңарту» ЖШС жүргізді, бөлінген қаржы - 61 080,0 мың теңге.

     №47 орта мектептің ескі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын «Ақмешіт - Мелиоратор» ЖШС  жүргізді, бөлінген қаржы – 96 622,0 мың теңге.

    39 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 25 276,0 мың теңге бөлінді. Аудандық білім бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 8 білім беру ұйымының жылу қазандықтарын газбен жылытуға көшіру мақсатында ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2018 жылы аудандық білім бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Қаржыландыру көзі: Жергілікті бюджет. Бөлінген қаржы: 40 000,0 мың теңге.       

   №155 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Бөлінген қаржы: 88 086,0 мың теңге. №49 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Бөлінген қаржы: 118 985,0 мың теңге.          №219 орта мектептің асханасы мен спорт залы күрделі жөндеуден өткізіледі. Бөлінген қаржы: 45 000,0 мың теңге.

       Шиелі кентіндегі 8 білім мекемесінің ғимаратын  (№47,№48,№127,№219,№244,№270, Оқушылар үйі, №47 орта мектептің интернаты) газбен жабдықтауға Облыстық бюджеттен 203 368,0 мың теңге қаржы сұралуда. ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. №48, №251, №244 орта мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

       Тартоғай елдімекеніндегі 90 орындық «Құлагер» балалар бақшасы, Еңбекші ауылында жаңадан берілетін 90 орындық балалар бақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

    Облыс әкімінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №77 қаулысымен бекітілген «Құрылысын салуға жататын білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары» кезектілігі тізбесіне №207, №133  мектептердің құрылысын жүргізу енгізілді.         Үш ауысымды мектепке көшу қаупі бар №46 мектеп – лицейге қосымша құрылыс жүргізу Облыс әкімінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №77 қаулысымен бекітілген «Құрылысын салуға жататын білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары» кезектілігі тізбесіне енгізілді.

Жылумен қамтамасыз ету

  Аудандық білім бөліміне қарасты 44  білім мекемесінің: 36 нысан бу қазандығымен,  7 нысан пешпен жылытылады.  36 нысанның 35-і мектеп,  1 мектептен тыс мекеме.   7 нысанның  6-ы  мектеп, 1-і мектептен тыс мекеме. 

Қатты отынмен жылытылатыны  - 31, оның  30-ы  мектеп,  1- уі мектептен тыс мекеме. Сұйық отынмен жылытылатыны -12, оның 11-  і  мектеп, 1-уі мектептен тыс мекеме.  2017 жылдың сәуір айында тауар биржасы арқылы ЖК «Нұрманов» жеңімпаз боп танылып, тоннасы 11000 теңгеден, 88004,0 мың теңгеге  8 004,00 тонна қатты отынға келісім шарт жасалып, қоймаларға жеткізілді.

     2017-2018 жылу маусымына 10754 тонна қатты отын қажет деп жоспарланған.  Қосымша  30 290,0 мың теңгеге қатты отын  алынды. 

Жылу маусымына 1 538 тонна сұйық отын қажет болса, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Рамти - логистика» ЖШС сұйық отынмен қамтамасыз етуде. Бөлінген қаржы – 215 млн. теңге.

   5(№45,№46,№155,№49,№50) мектепке жылу қазандықтары алынып, орнатылды. №153 мектеп – лицейдің бу қазандығын алуға 1 713,0 мың теңге қаржы қаралып, алынды.

2018 жылы аудандағы 29 мектепке – 9221 тонна қатты отын қажет, қаралатын қаржысы – (12 000 теңгеден) 110 652,0 мың теңге.

2018 жылға сұйық отынға аудандағы  8 мектепке -775 000 литр отын қажет, Қаралатын қаржысы (157 теңгеден) 121 675,0 мың теңге.

 Материалдық – техникалық база, қаржы

        Шиелі ауданы бойынша мектеп жанындағы 3 интернат жұмыс жасайды. Ғимараттары  бейімделген жобада салынған. Сыйымдылығы бойынша әр интернат 25 орынға арналған.  2017-2018 оқу жылы 80 оқушы қабылданды. Аудан бойынша 3 мектепте оқушылар тасымалданады. №153 мектепте 32 оқушы №2 фермадан, №49 мектептен 29 оқушы №№22 бекеттен 15, казармадан 14 оқушы, №181 мектептен 21 оқушы, №21 бекеттен 14, Лесхоз елді мекенінен 7 оқушы тасымалданады. Қашық елдімекендерден оқушылардың тегін тасымалын қамтамасыз ету үшін қосымша №41 мектепке Газель көлігі, №49 мектепке Микроавтобус алынып берілді.

     Қазіргі таңда жалпы білім беретін 37 мектепте медициналық кабинет, 6 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс жасайды. 2017 жылдан бастап медициналық кабинеттер мен штаттық бірлігі амбулаториялық – емханалық қызметі бар аудандық денсаулық сақтау басқармасына өтті.

    Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  мектеп ғимараттарының іші-сыртына 33 білім мекемелерінде 172 дана бейнебақылау орнатылып, барлығы 2 630 (екі млн алты жүз отыз) мың теңге бейнебақылау алуға қаржы бөлінді. Сондай-ақ түске дейінгі ауысымда оқитын 9631 балаға, түстен кейін ауысымда оқитын 6200 балаға ұялы телефондарын қоятын 143 темір жәшік орнатуға 8188 (сегіз млн бір жүз сексен сегіз) мың теңге бөлініп, қамтамасыз етілді.

      Мектептерде 2177 компьютер бар, 10,5 оқушыға 1 компьютерден келеді. Ауданда жалпы саны – 495 пән кабинеттері жұмыс жасайды.  Аудан бойынша 41 мектептің 38-і интерактивті тақталармен, 32 лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен, 5 мектеп жаңа үлгідегі физика, 13 мектеп химия, 17 мектеп биология кабинеттерімен жабдықталған.

Облыстық бюджеттен бөлінген 24 582,0 мың теңгеге 6 инновациялық мектепті физика пәндік кабинеттерімен жабдықтауға және 29 889,0 мың теңге бөлініп, 194 компьютер алынды. Облыстық бюджеттен бөлінген 23 479,0 мың теңге қаржыға 7 инновациялық мектеп  және 3 354,0 мың теңгеге аудандық оқушылар үйі STEM технологияларды өндіру бойынша «Робототехника» кабинеттерімен жабдықталды.

      Цифрлық білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін  66 368,0 мың 26 орта мектепке 5 топтамадан 130 дана интерактивті тақта, 2 негізгі мектепке 4 дана, барлығы 134 дана интерактивті тақта алу жүргізілуде.

       «E-learning» электронды оқыту жүйесіне 2015 жылы 9 мектеп ендірілсе, 2017 жылы 20 мектеп жүйеге еніп, жұмыс жасауда. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына 10 мектеп қосылған.  Қазіргі  таңда  жүйеге 954 мұғалім, 7135 оқушы, 4765  ата-ана  тіркелген.

      «BilimLand» білім беру платформасына сәйкес 22 мектеп онлайнға, 19 мектеп оффлайнға қосылып, жұмыс жасауда.

    2018 жылға Республикалық бюджеттен «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға 202 млн. 717,0 мың теңге, тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдердің үстемақысына 20 млн. 740,0 мың теңге, оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 8 млн. 617 мың теңге, Облыстық бюджеттен мектептерді физика кабинеттерімен жабдықтауға 49 млн. 660 мың теңге, химия кабинеттерімен жабдықтауға 45 млн. 725 мың теңге,биология кабинеттерімен жабдықтауға 34 млн. 202 мың теңге, ПМПК кабинеттерін ұстап тұру шығынына 16 млн. 134 мың теңге, білім ұйымдарының күрделі шығындарына 6 млрд. 831 млн. 852 мың теңге, балабақшаларға 450 млн. 681 мың теңге, жеке балабақшаларға 1  млрд. 35 млн. 136 мың теңге, балалар үшін қосымша білім беруге 170 млн. 462 мың теңге,оқулық сатып алу және жеткізуге 173 млн. 955 мың теңге, олимпиада өткізуге 560 мың теңге, ата  - аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіуге 26 млн. 803 мың теңге, патронат тәрбиешілеріне 27 млн. 645 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарына 253 млн. 671 мың теңге , ППТК мекемесіне 23 млн. 89 мың теңге, барлығы 9 млрд. 445 млн. 171 мың теңге қаржы қаралды.

      Оқулықпен қамту

   2017 - 2018 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 135 524,0 мың теңге және қосымша 12 144,0 мың теңге, тасымалға 1 066,0 мың теңге қаржы қаралып , 10 баспамен келісім-шарт жасалды.  Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1,2,5,7 сыныптардың 143  408 дана оқулықтары келіп, оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылды. 1 сыныпқа келетін оқушыларға Елбасының «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабы сыйлыққа берілді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 490 мың теңге бөлінді.

       Мектепке дейінгі білім беру

    Қазіргі таңда  аудан  бойынша   128  (80   балабақша, 12 шағын орталық толық күнмен, 36 толық емес) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 382 топта 7989 бала тәрбиеленуде. Жұмыс  жасап жатқан 17 мемлекеттік , 63 жеке меншік балабақшалар. Аудан бойынша жеке меншік балабақшаның үлесі 75 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 48 шағын орталық жұмыс жасайды, оның 47 мемлекеттік , 1 жеке шағын орталық. 48 шағын орталықтың 12 –і толық күн жұмыс жасайды, яғни шағын орталықтың 25 пайызы толық күндік шағын орталық.     Ауданда   0-7    жас   аралығында бала саны – 16440-ді  құраса, 17 мемлекеттік  балабақша-1630 бала, 11 толық  күнмен шағын орталықта- 330 бала, 1 жеке  шағын  орталықта - 60 бала, барлығы-390 бала, 64 жеке бала-бақшада - 4175  бала, 36 мектептегі  толық  емес   күнмен   шағын  орталықта   -1858 бала, барлығы - 8053 бала тәрбиеленсе, бастауыш  сыныпта  6-жаста- 1306 бала,7-жаста -1855  бала,  барлығы - 3161  бала   білім  алуда. 3-6 жастағы  қамтылу пайызы - 100  пайыз.  2017 жылы «Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі мекеме стандартының енгізілуі» тақырыбында  62 педагог  өз білімін жетілдірді.

Оқушылар контингенті

2017-2018 оқу жылында мектеп жасындағы 16 517 оқушы 856 сынып комплектісіне тартылып, өткен жылмен салыстырғанда сынып комплектісі   20 –ға, оқушы саны 357 -ге өсті. Барлық оқушылардың 88,6 % қазақ мектептеріне, 3,4 % орыс мектебіне 7,9% аралас мектептерде білім алды. Мектептердің 33 –і орта (80,5 %) 5-і негізгі орта (12,2%), 3-і (7,3%) бастауыш мектептер.  Шағын жинақталған мектептер саны – 5 (№84,154, Ақтам, Жуантөбе, Лесхоз) ондағы бала саны -86, ол барлық оқушылардың 0,52 %.    2017-2018 оқу жылы 41 мектепте 1-11 сынып аралығындағы 856 сынып топтамасында 16517 оқушымен басталды. Оның ішінде кенттегі мектептерде 345 сынып топтамасында 7229 оқушы , ауыл мектептері бойынша 511 сынып топтамасында 9288 оқушы топтастырылды. Барлық мектептер бойынша 96 сынып мектеп алды даярлық сыныптарында 1858 бала топтастырылды. Былтырғы 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда, оқушы саны аудан бойынша 356 оқушыға көбейсе, сынып топтамасы 24 бірлікке артты.

Шиелі ауданында 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жүргізеді.

     Оқушылар үйінде 27 үйірме жұмыс жүргізсе, оған 1086 оқушы тартылған, аудандық балалар әуез мектебінде 500 оқушы 10  үйірмеде дәріс алады.   Әлеуметтік қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру

    Ауданда «Психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы» мекемесі 2004 жылдан жұмыс жасап келе жатса, қыркүйек айынан аудандық психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті өз жұмысын бастады. Аудан білім мекемелерінде  61 педагог – психолог, 21 әлеуметтік педагог, 3 логопед, 1 дефектолог жұмыс жасап келеді. 2018 жылға 15 мектептен логопункт ашуға сұраныс берілген. Ауданда  14.11.2017 жылға 33 қорғаншы, 22 қамқоршы, 10 патронат бала бар. 2017 жылы аудандық білім бөлімі жанындағы Қорғаншылық және қамқоршылық орган есебінде қорғаншылық пен қамқоршылық және патронат тәрбие тағайындалған 36 жетім бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 бала тіркелген. Қазіргі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұрғын үйге мұқтаж балалардың барлығы тұрғын үйге кезекке қойылған.

  Үстіміздегі жылы әлеуметтік қорғалмаған отбасының 3389 баласы бір мезгіл тамақпен қамтылды, ол үшін жергілікті бюджеттен 169 635,0 мың теңге қаржы қаралса, 2363 бала киіммен қамтылады. Қаржысы – 13 526,0 мың теңгені құрайды. 700 бала аудандық «Сыр ұланы» лагерінде демалып, 520 бала Астана қаласына «ЭКСПО» мамандандырылған халықаралық көрмесіне барып қайтты. Ол үшін 35  812,0 мың теңге жұмсалды. «Сыр ұланы» сауықтыру лагерінің 100 демалушысы Қорқыт ата мемориалды кешеніне экскурсиялық саяхат жасап қайтты.

Жазғы демалыста ата-аналар есебінен 145 бала, мекемелер демеушілігімен, салалық кәсіподақтар тарапынан 375 бала Алматы, Шымкент, Көкшетау қалаларында лагерьлерде демалды. Өткен жылы аудандық бюджеттен киімге (11 млн. 454 мың теңге) 2 467 балаға және «Мектепке жол!» акциясы аясында бюджеттен тыс көздерден 1138 балаға (6 млн. 259 мың теңге) қайырымдылық көмектер көрсетілген болатын.2017 жылы аудандық бюджеттен киімге (13 млн. 526 мың теңге) 2 363 балаға бөлінсе, одан өзге бюджеттен тыс көздерден аудан бойынша тізімге енгізілген 1390 балаға акция аясында қайырылымдық көмектер көрсетілді.Үстіміздегі жылдың 15 тамызы күні аудан әкімі  қамқорлықсыз қалған және көпбалалы аналардың қатысуымен 20 балаға (120 мың теңге көлемінде) оқулықтар және мектеп құрал-жабдықтарын табыстаса, «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы  21 балаға (126 мың теңге көлемінде), білім бөлімі тарапынан демеушілер тарта отырып 40 балаға (240 мың теңге көлемінде), кәсіпорындар, басқармалар, дербес бөлімдер тарапынан 150 балаға  (900 мың теңге көлемінде), кәсіпкерлер, меценаттар тарапынан 1159 балаға (6 млн 954 мың теңге көлемінде) қайырымдылық көмектер ұйымдастырылды. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен барлық білім мекемелерінде қайырымдылық шарасы 1-31 тамыз аралығында 1 сыныпқа келетін қамқоршылық, қорғаншылықтағы және тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасы, оқулықтар және мектеп құрал-жабдықтары 1390 балаға (8 млн 340 мың теңге) көмек түрлері ұйымдастырылды. 

Кадр контингенті , біліктілік арттыру

2698 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді – 2547,  арнаулы орта білімді - 151 мұғалім жұмыс жасайды.  Оның ішінде жоғары санатты-372,  І санатты- 1005, ІІ санатты - 812, санаты жоқ мұғалім саны- 509.   Жоғары, І,ІІ санатты мұғалімдер аудан бойынша 5,3 пайызға өсті.

2017 жылы 1106 білім қызметкерлері біліктілігін арттырды. Оның ішінде: 483 педагог көшпелі курстан өтсе, қысқа мерзімді жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндік курста 224 мұғалім оқыды. 12 психолог пен әлеуметтік педагог инклюзивті білім беру бойынша оқытылды. Лауазымды қызмет бойынша-2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көшпелі ақылы курстан 315 білім қызметкері білімін жетілдірді. Деңгейлік бағдарлама бойынша 61 білім қызметкері, басшылық курстан 9 мектеп басшылары білімін жетілдірді. 1,2,5,7 сыныптарға енгізілетін жаңартылған білім беруге байланысты пәндерді оқыту мен оқыту – тәрбиелеу үрдісін басқару, критериалды бағалау жүйесі бойынша 582 педагог, оның ішінде 19 педагог робототехника бойынша біліктілігін жетілдірді. Республикалық бюджеттен 22 910,0 мың теңге бөлініп, тілдік пәндерді жүргізетін ұстаздардың курстары ұйымдастырылды. Аудан бойынша  120 педагог  ағылшын тілі бойынша, 68 орыс тілі маманы, 77 қазақ тілі маманы  білім жетілдіру курстарынан  өтсе, иновациялық   мектептердің  60  ағылшын тілі пәні ұстаздары Кембридж Университетінің мұғалімдерінен дәріс алды. 

  Ұлттық бірыңғай тестілеу

      Жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау білім ұйымдарында өткізіліп, 40 түлек Ерекше үлгідегі «Алтын белгі», 19 оқушы Үздік аттестат иеленді.  11 сыныпты бітіруші 782 түлектің 444-і ҰБТ-ге қатысуға тілек білдіріп, 431 оқушысы (55,1 пайыз) қатысты. Ауданның ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы 80,53 болды. Мемлекеттік грант саны  - 174, оның ішінде Серпін бойынша грант саны – 74. Ақылы негізде оқитын түлек саны – 134. Арнаулы орта білім беру ұйымдарының  Мемлекеттік гранттар саны - 149, ақылы негізде арнаулы оқу орындарына қабылданғаны -  164, бітіруші  2  түлек денсаулықтарына байланысты білім алуды жалғастырмады. «Серпін» бойынша грант саны – 24.

Пәндік олимпиада қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне (облыстық) 10 мектептен  (№45,46,47,127,48, 252, 49,142,156,251  мектептер)  барлығы 14 оқушы  қатысты.2017 жылдың 5- 6 қаңтар күні Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицей базасында  өткізілген  Республикалық олимпиаданың ІІІ  кезеңінде (облыстық)қатысушы 14 оқушының  11-і  жүлделі орындарға  ие  болды, орын алу пайызы 78,5,    облыс бойынша  аудандар арасында  1 орынды иеленді. Ақтау қаласында  өткен  Республикалық олимпиаданың ІҮ  кезеңінде (республикалық)   №49 орта мектептің 10 сынып оқушысы  Пак  Елена   Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (мұғалім Сұлтанова Бибігүл)  жүлделі  ІІІ орын   және  №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы  Мухамедалиева Аида (мұғалімі Фатима Қасқабаева) Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі  ІІІ орын иеленді, қатысушы оқушылар  100  пайыз  орын  иеленді.

Тәрбие саласы

        2017 жылғы оқу жылында аудандық ішкі істер бөлімінің  профилактикалық  тізімдік есебінде - 2  жасөспірім тіркелген.    

        Оның ішінде №157 мектептен 1 оқушы /Ғазизқызы Іңкәр/, Жалпы білім беретін кешкі мектептен 1 оқушы /Қуатов Азамат/ ұрлық фактісімен тіркелген.  Мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынды.  Қазіргі таңда клуб құрамында  5 570 тен аса мүшелері бар.

«Туған өлке жобасы», «Киелі Шиелі ауданының табиғаты» атты өңіріміздегі тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи орындарды сақтау, қорғау және оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2083 бала саяхат жұмыстарын ұйымдастырды.

Видео ақпараттар

Scroll to top