Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 14 February 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 11 February 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 08 February 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті , КТУ-11/3
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-46-40
  • E-mail: pl1109@mail.ru

 

«Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» директоры 

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы 1964 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, 1971 жылы № 251-ші М. Әуезов атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына барып, осы мектепті 1981 жылы бітіріп шықты.

1981-1982 жылдары Бәйгеқұм көкөніс-бақша совхозында жұмысшы.

1982 жылы Жамбыл технологиялық институтына түсіп, 1987 жылы бітіріп шықты.

1987-1988 жылдары Чита облысында әскери қатарында.

1988 жылы № 11 Шиелі КТМ-де өндірістік оқу шебері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, директор орынбасары қызметтерін атқарған.

1997-2001 жыл аралығында Шиелі АІІБ-де Әкімшілік қызмет полиция саласында қызмет атқарды.

2001-2005 жыл аралығында Қызылорда облысы бойынша қаржы полиция департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша инспектор, аға инспектор, бөлімнің бастығы қызметінде.

2005 жылдың маусым айынан Қаржы полиция департаментінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» басқармасында аса маңызды істері жөнінде аға инспектор қызметінде. Осы жылдың қараша айында Астана қаласында орналасқан ҚР-ның премьер –министрі кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығында «Мемлекеттік құпияларды қорғау» курстық бағдарламасын үздік аяқтап, сертификаты берілген.

2007 жылдың желтоқсан айынан бастап, осы уақытқа дейін Қызылорда облысы ІІД-нің 4-ші бөлімінің бастығы полиция подполковнигі.

2009 жылдың наурыз- сәуір айларында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық мәдениетін жетілдіру» бағдарламасы бойынша үздік аяқтап сертификаты берілген.

Отбасылы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Жетістіктері:

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің үздігі.

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 10 жылдық медалімен,

-Қазақстан полициясына 15 жыл медалімен,

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығымен «Құқық тәртібін

Құрылымы:

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

1

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы

Колледж  директоры

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті , КТУ-11/3
Тел: 8-724-32-4-46-40

2

Жұматова Галина Тасболатқызы

Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Өмірбеков көшесі №25үй

Жұмыс тел: 4-46-46

Ұялы тел: 8 701 403 36 30

3

Дайрақұлов Бақтияр Таубайұлы

Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы көшесі, н/з

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел: 8 702 448 14 70

4

Бәйімбетова Гүлмира Есболатқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Шиелі ауданы, Көкшоқы м/а, ГРП-2 №60 үй

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел:8 701 497 77 25

5

Әбдиев Құрал Ерденұлы

Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы көшесі, н/з

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел: 8 702 753 14 21

 

АТЫ-ЖӨНІ

 

 

ҚЫЗМЕТІ

 

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

 

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы

 

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры

 

БЕЙСЕНБІ

сағат 16.00-18.00

 

 

8(72432) 4-46-40

3.Жұмыс тәртібі 

Жұмыс уақыты : сағат 830 – ден 1800 - ге дейін                                                    

Түскі үзіліс: 1230- ден – 1500 ге дейін

Сенбі: 830- ден 1400 -ге дейін

Жексенбі: демалыс қамтамасыз етуде үздік шыққан үшін»медалімен марапатталған.

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен, Қазақстан Республикасы

ІІМ-нің тергеу комитеті төрағасының Алғыс хатымен және «Қазатомпром» АҚ президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

- «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Жалпы мәлімет

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің қысқаша тарихы.

Іргетасын 1958 жылы Бәйгеқұм қыстағында аудан ұжымдары мен мекемелеріне ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын № 97 селолық кәсіптік  техникалық училище,  оқу орны болып құрылған.

1980 жылы Шиелі қыстағына жаңа типтегі оқу орнына көшіріліп, мамандық пен қоса орта білім беретін оқу орнына айналды.

Осы уақыт аралығында 20 мыңнан аса ауылшаруашылығы мамандары аудан шаруашылықтарымен қоса  сол кездегі Совет Одағының құрамына кіретін Украина, Молдова сияқты одақтас республикаларға да мамандар даярланды.

Кәсіптік техникалық училище түлектері аты аңызға айналған 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жахаев атамызды, Социалистік Еңбек Ерлері З.Ержанова, Ұ.Алтайбаева, Ш.Қазанбаева, Ж.Таспамбетова және орденді механизаторлер Рысбай Мауленов, Сұлтан Айтасов, облыстық маслихат депутаты Жақсылық Ахметов т.б. көптеген азаматтарымызды мақтанышпен айта аламыз.

Кәсіптік білім беру сапасын өркениетті елдерге жақындату, кәсіби білімді әлемдік білім деңгейіне кіріктіру халықаралық жобалар мен тәжірибелерді үйрену талабын қояды. Ол үшін өзіміздегі бар нәрсені заманауи технологиялармен ұштастырудың ұшан-теңіз тиімділігі бар. Болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз ету-техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыруды, әсіресе, шетелдік іс-сапарларға жіберуді, халықаралық озат тәжірибелерді әріптестерімен бөлісуді қажет етеді. Осы орайда, Эстония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия мемлекеттеріне тәжірибе алмасуға барған сала басшылары, 2014 жылы тау-кен металлургия кешені бойынша болашақ мамандар даярлайтын Белорусь Республикасы Минск қаласындағы Ұлттық кәсіптік білім беру институтында біліктілік курсынан өткен колледждің 15 инженер-педагог қызметкері  іс-сапарының нәтижесінде кәсіби мамандар даярлаудың халықаралық озат тәжірибелерін және оқыту үдерісіне жаңа технологияларды ендіру жұмыстарын жүргізуде.

Колледжде сапалы білім беруді ұйымдастыра отырып, жас ұрпақты алдыңғы қатарлы саналы азамат етіп, тәрбиелеуді жүзеге асыру мақсатында ғылыми-әдістемелік жұмыс жолға қойылып, жан-жақты шығармашылықпен жұмыстар жүргізіліп келеді. Колледжімізде 1 – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 2 - «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, 20 – бірінші санатты педагог бар.

Мемлекеттік тапсырыс 9 сынып негізінде:

●1504062«Ауылшаруашылық  өндірісіндегі тракторшы-машинисі»-25 студент

●0706052 «Сығымдағыш қондырғының машинисі» -25 студент

●1115042 «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электромонтер» 25 студент

●0706032 «Бұрғылау қондырғысының машинисі» -25 студент

● 0508012 «Аспаз» - 25 студент

●1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші» - 25 студент

                Барлығы-150 студент қабылданды.

Біздің колледжде мамандықтар бойынша тәуелсіз бағалау 2009-2010 жылдары 5 мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, нәтижесінде 72 пайыз көрсеткіш көрсетті. 2010-2011 оқу жылында 6 мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсырды, нәтиже бойынша 86 пайыз, ал 2012-2013 оқу жылында  87 пайыз, 2013-2014 оқу жылында 92 пайыз,2014-2015 оқу жылында 97 пайызды  көрсеткішті көрсетті.

Колледждің жақсы көрсеткішке жетуіне тест орталығымен үнемі байланыста болып, тәжірибе алмасу жұмыстары себепші болып отыр. Еңбек нарығы мұқтаж болып отырған түлектерді даярлау-қазіргі кезеңдегі негізгі әлеуметтік міндет болып табылады. Сондықтан кәсіптік білім беру ұйымының міндеті-білім беру сапасын орындау деңгейі бойынша бағаланады. Колледждің тағы бір жақсы көрсеткішке жетуі арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлерінің біліктілік тест орталығымен бірлесіп үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесі, біліктілік тестінің сұрақтарын дайындауы. Мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің арқасында колледж студенттерінің жылдан-жылға білім көрсеткіштері артып келеді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2011 жылғы жолдауында айқындалған мақсаттарды шешуге Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес заманауи білім беру саясатының негізгі басымдықтарының бірі- қос бағытты білім беру жүйесі, яғни оқу орны мен жұмыс берушінің әлеуметтік серіктестігі болып табылады. Білікті маман болып шығу-колледжде алған теориялық білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында өндірістік тәжірибеден өтуді аудан көлеміндегі «Әлеуметтік» серіктестіктер мен ірі кәсіпорындар «Марсель Петролеум» компаниясы, №6 «Кен» басқармасы, «Реммонтаж Сервис» ЖШС, АҚ «Волковгеология» ГРЕ-23 филиалы, КЭТТК Шиелі электр желісін тарату филиалы, «Жаңа Бестам» ЖШС, «Жиделі топтық су құбыры» ЖШС, , «Сырдария» тігін фабрика ЖШС-мен тығыз байланыс жасай отырып, келісім-шарт негізінде арнайы пән мұғалімдері мен оқу өндіріс шеберлерінің біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан және студенттер өндірістік тәжірибеден өтуде.

Еліміздің ірі компанияларының бірі «Марсель Grup»  ЖШС-мен жасалынған меморандум негізінде колледждің материалдық-техникалық базасы жақсартылуда.

            Қазіргі таңда колледжде әрбір мамандықтың қыр-сырын ашу мен оған деген студент қызығушылығын арттыруға, өз бетінше жұмыстар жасауына мол мүмкіндіктер ашылған. Колледж студенттері болашақтағы кәсіби мамандықтарымен  қоса үйірмелерге қатысып, жан-жақты тәрбиеленуде.     Бүгінгі таңда колледжде «Қазақша күрес», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Стол теннисі», «Көркемөнерпаздар» үйірмелері және «Жас талап» тілшілер клубы, «Сырласу» қыздар клубы, «Жас қыран» әскери - патриоттық тобы жұмыс жасайды.

 Соның бірі, Көркемөнерпаздар үйірмесі. Бұл үйірме студенттердің өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Халық қазынасының бірі ол – домбыра. Халқымыздың ішкі жан-дүниесінің, арман мүддесінің, болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы.  Үйірме жетекшісі А.Қалекеев студенттерге домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында домбыра үйірмеcін ашып, қазіргі таңда  үйірмеде 15 студент жұмыс жасауда. Соның дәлелі, 2015 жылдың 4-6 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің – 70 жылдық мерекесіне орай ІІІ Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Жұлдызға жол» байқауы өткізіліп, үйірме мүшелері  «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша Дәулетхан Ізбасхан Дәулетханұлы «Нартайдың термесін» орындап, жүлделі І орын, «Вокал» бағыты бойынша Сапарбек Шынболат Бауыржанұлы «Мәншүк» атты патриоттық ән орындау шеберлігімен жүлделі І орын, «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша Жүргенбай Бағдәулет Жеңісбекұлы  «Солдат қасығы» өлеңін нақышына келтіре оқи отырып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

   Колледже алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Д.Полатовтың жетекшілігімен «Жас қыран» әскери патриоттық клубы жұмыс атқаруда, колледждегі «Арнайы тігінші» мамандығының және тігін цехының көмегімен барлық студенттер жүз пайыз әскери киіммен қамтамасыз етілген, клубқа қатысушы студенттер аудан көлеміндегі әскери-патриоттық сайыстарға, әскери шерулерге қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, аудандық марапаттауларға ие болуда.

Спорттық үйірмелер бойынша студенттеріміз аудан, облыс, республика көлемінде де жетістіктерге жетуде, атап айтсақ, №89 оқу тобының студенттері Сейтхан Бағлан Саматұлы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Темірбек Дүйсенбайұлы Жарықбаевты» еске алуға арналған аудандық ашық турнирде ІІІ орынды иеленсе, осы оқу тобының студенті Шойынбай Абдулла Асылханұлы қазақ күресінен облыс біріншілігіне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді және №81 оқу тобының студенті    Аббас Әбунасыр Мұратұлы М.Мәметованың жүлдесіне арналған Қазақ күресінен өткен республикалық турнирде жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 2013-2014 оқу жылында 6 студент «Үздік диплом» иегерлері. Олар: №64 «Компрессорлық қондырғы машинисі» оқу тобының студенттері Мажитов Жасұлан мен Сейтов Мәди, №65 «Аспаз» оқу тобының студенті Нұрмаханов Қанжарбек, Төлегенова Жарқынай, №66 «Электронды есептеу және бағдарламалық қамтамасыздандыру» оқу тобының студенті Ағатай Қуаныш, №67 «Мұнай және газ алатын операторы» оқу тобының студенті Ізбасар Талант қызыл диплом иеленсе, 2014-2015 оқу жылы 4 білім алушы Мырзаханов Ерсұлтан, Ақылбек Біржан, Балтабаев Бекзат Сматұлы, Бекназар Ұланбек қызыл дипом иеленді.

 Хронологиялық кесте 

  1. 01.09.1958 жылы ауылшаруашылығына механизатор дайындайтын Бәйгеқұм қыстағында № 97 училище  болып құрылды. (УМСХ № 97)
  2. 20.09.1965 жылы СПТУ-97 (Селолық кәсіптік техникалық училище)
  3. 1980 жылы Шиелі кентіне көшірілді.
  4. 10.08.1983 жылы ССПТУ -97 (орта селолық кәсіптік техникалық училище)
  5. 30.08.1984 жылы СПТУ-11 (орта кәсіптік техникалық училище)
  6. 15.10.1990 жылы КТУ-11( кәсіптік техникалық училище).
  7. 25.06.1996 жылы КТМ-11 (кәсіптік техникалық мектеп).
  8. 26.06.2001 жылдан КМ-11 (кәсіптік мектеп).
  9. 22.06.2009 жылдан КЛ-11 (кәсіптік лицей) болып өзгертілді.
  10. 07.08.2012 жылдан бастап №11 кәсіптік лицей мекемесі Шиелі индустриалды-аграрлық   колледж мемлекеттік мекемесі;
  1. 30.12.2013 жылдан бастап  «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық  мемлекеттік қазаналық кәсіпорыны

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Кәсіптік даярлау» негізінде даярланатын мамандықтар

Техникалық және кәсіптік білім беру

р/с

Шифр

Мамандықтар атауы

Оқу мерзімі

 

1504000

Ферма шаруашылылығы (бейіндері бойынша)

 

 

1504062

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1504082

Автомобиль жүргізуші

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1504102

Жөндеуші дәнекерлеуші

10 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1504113

Фермер

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1114000

Пісіру ісі (түрлері бойынша)

 

1114012

Пісіруші (барлық атауларымен)

6 ай, 3 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1114042

Электр газымен дәнекерлеуші

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0706000

Кен орындарындағы пайдалы қазбаларды ашық қазу

 

0706032

Бұрғылау қондырғысының машинисі

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

0706052

Сығымдағыш қондырғының машинисі

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1115000

Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

 

1115042

Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

 

0809052

Мұнай және газ операторы

10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0809152

Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысы

10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

 

1304012

Электрондық есептеу машиналарының операторы

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

 

0508012

Аспаз

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508022

Кондитер

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508032

Калькулятор

10 ай, 2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508042

Даяшы

2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай, 5 ай, 3 ай, 4 ай

 

1401000

Ғимарттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

 

1401012

Тас қалаушы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1401022

Ағаш ұстасы

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

1401042

Сылақшы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1401052

Бояушы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

 

1211062

Тігінші

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1211072

Модельер-пішуші

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 2018-2019 оқу жылының оқу-тәрбие бағытында атқарылған жұмыстар

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 2018-2019 оқу жылының

оқу-тәрбие бағытында  атқарылған жұмыстардың

   Е С Е Б І

 

2018-2019 оқу жылына жалпы колледжде 9 мамандық бойынша 439 білім алушы дәріс алуда, оның ішінде 428 білім алушы  қазақ, өзге ұлт өкілі – 11 оның ішінде,  6 орыс өкілі, 1 кәріс өкілі, 3 өзбек өкілі, 1 грек өкілі, сондай-ақ  358  ер бала, 81 қыз бала, 186 көп балалы отбасынан шыққан және 4 білім алушы тұлдыр жетім, 12 білім алушы мүгедек, тұрмысы төмен отбасынан шыққан 57 білім алушы,  білім алушының әкесі не анасы қайтыс болған – 43 білім алушы,  182 білім алушы  аудан орталығында тұрса,   237  білім алушы  елді мекеннен, 1- Қызылорда қаласынан, 2-басқа облыстан, 17 – басқа ауданнан  қатынап оқиды.  Қазіргі таңда колледжде  20  оқу тобы бар. 

2018-2019 оқу жылына:

І курс бойынша  - 123 ер бала, 29 қыз бала

ІІ курс бойынша – 137 ер бала, 28 қыз бала

ІІІ курс бойынша – 98 ер бала, 24 қыз бала

Жалпы барлығы – 358 ер бала, 81 қыз бала

20 қазан 2018 жылы «Тарихы терең - колледж» тақырыбында«Рухани жаңғыру» аясында және cан қилы,  тарихы терең, қасиетті  Шиелі өңіріндегі тамырын тереңге тартқан  Шиелі индустриалды - аграрлық колледжінің 60 жылдық меретойы өтті. Аталмыш шараға Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхамедов Мұрат Бақтиярұлы, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы,  ауыл әкімдері мен мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, түлектер, әлеуметтік серіктестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасының түсіруімен 22.10.2018 жылы жаңалықтар айдарында көрсетілді.

26 қазан 2018 жылы Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы, Тәжік-Ауған ардагерлерінің құрметіне арналған «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат» атты кездесу кеші өткізіліп, аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесбекұлы, ауған соғысының куәгер-ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери пән оқытушылары т.б қонақтар қатысты.

8 желтоқсан 2018 жылы  Шиелі индустриалды - аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен аудандық  мәдениет үйінде «Жасай бер, жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі.

 Шара барысында тарихқа шолу жасалып, Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама заман, Саяси қуғын- сүргін құрбандары, Ұлы Отан соғысы жылдары жайында сахналық қойылымдар қойылды. Сонымен қатар,  жергілікті сазгер Өркен Исмайылдың  әні мен сөзіне жазылған «Колледж жастарының әні», «Қазақстаным» атты әндер айтылды. Колледж ұстаздарынан құрылған хор ұжымы «Егемен Қазақстан» , «Атамекен» әндерін орындады. «Жас қыран » әскери патриоттық клуб мүшелері өз өнерлерін көрсетті.

14 желтоқсан 2018 жылы «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні!» мерекесіне орай «Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы!» атты №22, 23 оқу топтарының ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізіліп, аталмыш шара барысында мереке қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайыс бокстан өткен жарыстың қорытындысы бойынша салмақ дәрежесімен білім алушылар марапатталса, оқу топтары білім алушыларының ұйымдастырумен Тәуелсіздік тарихы видеослайдтар арқылы көрсетіліп, арнау өлеңдер оқылып, әннен шашу шашылса, өнерлі білім алушылар Жайдарман ойынынан үзінді көрсетіп, шара өз дәрежесінде өтілді.

Колледжде 2 кесте бойынша  спорттық үйірмелер волейбол, футбол, баскетбол, бокс, қазақша күрес, шахмат, теннис үйірмелері жұмыс жасауда. Велоспорт үйірмесін ашу жоспарлануда.

Волейбол үйірмесі бойынша ер балдар жетекшісі А.Мырзамұратов,  үйірмеге 22 білім алушы қатысады. Қыз балдар жетекшісі Г.Әбдірахманова  үйірмеге 20 білім алушы қатысады. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Баскетбол үйірмесі. Жетекшісі Абдиров Мейіржан, үйірмеге 20 білім алушы қатысады. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Күрес үйірмесі бойынша  үйірме жетекшісі Қазыханов Орынбасар. үйірмеге 20 білім алушы қатысады. Үйірме жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

20 қыркүйек 2018 жылы Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен республикалық соғыс және еңбек ардагері «Ахмет Шынтайұлын» еске алуға арналған белбеу күресінде 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының чемпионатында №10 «Слесарь-жөндеуші» оқу тобының білім алушысы Советов Қыдырәлі колледж атынан  І орынмен марапатталып, республикалық кезеңіне жолдама алды. Нәтижесінде 26 қыркүйек күні өткізілген  республикалық турнирде ІІІ орынмен марапатталды.

15-17 қазан 2018 жылы Қызылорда қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы «Жас барыс» жарысына іріктеуден өтіп,  ІІІ орынмен марапатталды.

2018 жылдың 26 қазан күні аудандық ішкі саясат біөлімі мен колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат» тақырыбында Тәжік-Ауған ардагерлеріне және Ауған соғысында мерт болған жерлесіміз Жұмат Қалекеевті еске алуға арналған қазақша күрестен колледж білім алушылары арасында турнир өткізілді. Аталмыш жарысқа  - 25 білім алушы қатысып, нәтижесінде әр салмақ (46, 55, 64, 72 кг) бойынша білім алушылар марапатталды.

12-13 желтоқасан 2018 жылы Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнирде қазақ күресінен 57 кг саламқта №11 оқу тобының білім алушысы  Сейтжанов Нұрдәулет жүлделі ІІІ орынды иеленді.

12-14 желтоқасан  2018 жыл аралығында Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткізілген дәстүрлі облыстық футбол жарысына қытысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Бокс үйірмесі жетекшісі Алданазаров Базарбай, үйірмеге 20 білім алушы қатысады.  Жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп, 28 қыркүйек 2018 жылы колледждің 60 жылдық мерекесіне орай колледжі білім алушылары арасында бокстан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш жарысқа – 20 білім алушы қатысып, нәтижесінде салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

10-11 желтоқсан 2018 жылы  Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесіне орай колледжішілік білім алушылар арасында бокстан жарыс өткізілді.

Шахмат үйірмесі жетекшісі Абдиров Мейіржан, үйірмеге 20 білім алушы қатысады.  Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 12-17 қараша 2018 жылы «Ел қорғайтын азаматтың, спортқа болсын бейімі» тақырыбында өткен апталықта шахматтан ұлдар және қыздар аасында жарыс өткізіліп, нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды.

22 қараша 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президент күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген облыстық шахмат турнирінде №20 оқу тобының біім алушысы  Есенбеков Нұрахмет Досжанұлы «Үздік ойыншы» номинациясымен және Дипломмен марапатталып, жетекші ретінде Абдиров Мейіржан Алғыс хатпен марапатталды.

Колледжде сонымен қатар, білім алушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға бағыттылған «Велоспорт» үйірмесі ашылды. Аталмыш үйірмеге қатысушы білім алушылар Велосипедтермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, колледждегі 2 кестеге сәйкес «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы жұмыс жасайды. Жетекшілер Д.Полатов, Р.Бекжапбаров. Құрамында 49 білім алушы қатысады.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №606 бұйрығына сәйкес патриоттық тәрбие беру мақсатында Шиелі қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, Шиелі «Ұзынқұдық» заставасы және колледж әкімшілігі арасында үш жақты келісімшарт жасалынған және клубтың жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітіледі.

 Басты мақсаты - әскер бөлімнің ішкі тәртібін, талаптарын орындау және «Жас шекарашылар» тобын құру,  аудандық қорғаныс істері бөлімі ұйымдастырған түрлі іс-шараларға қатыстыру болып табылады.

«Жас қыран» әскери-патриоттық клубы мүшелеріне арналған арнайы әскери-патриоттық залы жабдықталған, күнделікті клуб мүшелері зал тәртібін қадағалау және сақтауда арнайы орнында кезекшілік атқаруда.

Әскери-патриоттық клуб жұмысын жандандыру мақсатында 2017 жылы қазіргі стандартқа сай тактикалық алаң және атыс жаттығу орны жасақталды. Клуб мүшелері әскери машықтануға байланысты оқу жаттығу автоматтары, жалпы әскери қорғаныс киімдері және газ тұмылдырықтарымен жабдықталған. Әрбір жаңа оқу жылында колледжге түскен білім алушылар колледждің тігін цехында тігілген әскери үлгідегі киіммен қамтамасыз етіледі.

Қызылорда облыстық «Жас сарбаз - 2016» сайысында командалық есепте жүлделі І орын иеленуі және жыл көлемінде аудандық, облыстық іс-шараларға, жарыстарға, әскери шерулерге қатысып, Алғыс хат және Құрмет грамоталарымен марапатталуда.

 Сонымен бірге, колледжіміздегі «Жас қыран» әскери патриоттық клубы мүшелеріне  «Ұзынқұдық» заставасының ұсынысымен әскери өнерді жетік меңгерген білім алушыларға «Жас шекарашылар» куәліктері жыл сайын табыс етілуде.

Колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан колледж түлегі Қалекеев Жұматты еске алу бағытында ауған соғысы ардергерлерімен кездесу және  әскери-спорттық ойын түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

Көркемөнерпаздар үйірмесі

Қараша 2018 жылы Шиелі аудандық эішкі саясат бөлімімен «Береке-жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданының 90 жылдығына орай ауданымызда Жайдарман ойынын дамыту, жастардың белсенділігін арттыру, түрлі ұжымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған аудандық Жайдарман ойынында Уолледж құрамасы Дипломмен марапатталды.

Қараша 2018 жылы колледж әкімшілігі мен «Береке-жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданның 90 жылдығы мен колледждің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Жайдарман ойынынан сайыс ұйымдастырылып, Дипломмен марапатталды.

11 қараша 2018 жылы Шымкент қаласында өткізілген IV Халықаралық «Дарын» балалар мен жасөспірімдер байқауына №21 оқу тобының білім алушысы Әбжәли Ерасыл қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2018  жылы қыркүйек айында  колледж білім алушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында І курс білім алушыларына денсаулық дәптері арналып, ІІ-ІІІ курс білім алушылары флюрографияға (рентген) түсірілді.

19 қыркүйек 2018 жылы «Саламатты сандарға қол жеткіз!» тақырыбында денсаулық фестивалі өткізіліп, аталмыш фестиваль аясында колледж инженер-педагог қызметкерлері  мен білім алушылары крос, арқан тарту, гір көтері т.б сайыстарға түсіп, нәтижесінде колледж әкімшілігінің грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

8 қазан 2018 жылы «11 қазан – Халықаралық қыздар күні» мерекесіне орай «Зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлерімен (гинеколог, жалпы, тәжірибелі мамандар, аудандық ішкі істер бөлімі) кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараға А.Оңғарбаева – Шиелі АІІБ ЖПҚ-нің инспекторы, полиция капитаны, А.Жүіспбекова – амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының гинекологы қатысты.

10 қараша  күні Жоспар бойынша білім алушылардың  денсаулығын  тексеру мақсатында 263  білім алушы  рентген тексеруінен өтті.

1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 23 қараша  күні колледжде «Өз мәртебеңді біл !» атты іс-щара болып өтті. Аудандық ЖИТС-ке қарсы күрес филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас, мамандары Б.Парманқұлов, және Жастар Денсаулық орталығының жетекші маманы С.Қалекеева келіп  Асан Ақерке Шиелі ауданық психолог Әлімбетова Мейрас Шиелі ауданының психологы, акция ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында колледжде атқарылған жұмыстар жайлы:

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстылық пен құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін 2018-2019 жылға арналған жұмыстар бойынша аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық Ішкі Істер бөлімі мен колледж арасында жоспар жасалынып, бекітіліп, аталмыш жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

15 қыркүйек 2018 жылы І-ІІ курс білім алушыларының ата-аналар арасында жалпы жиналыс өткізіліп, аталмыш жиынға Махан Гүлшат Ырысқалиқызы– аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Мадиев Абай Тешебайұлы – Шиелі АІІБ-нің полиция майоры, Даткенов Ерұлан – аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі, жалпы ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

24 қыркүйек 2018 жыл    Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алуды түсіндіру бағытындағы мобильді топтың жұмысы жайлы  түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында кездесу  өткізілді. Аталмыш кездесуге Байғазиева Шолпан Рүстемқызы – Қызылорда облысы білім басқармасы тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің маманы, Мадиев Абай Тешебайұлы – Шиелі АІІБ-нің полиция майоры, Бөпежанов Талғат Уәлиханұлы – Шиелі аудандық білім бөлімінің бас маманы, Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы – Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» КММ кеңесшісі қатысты.

Колледж білім алушыларының арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға ішімдік, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі мезгілде яғни 23.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында жүруіне тиым салу бағытында Шиелі АІІБ ЖПҚ-ның учаскелік бөлімімен және колледждің инженер-педагог қызметкерлерінің кезекшілік кестесі бойынша педпатруль жұмысының жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

8  қараша 2018 жылы Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары бойынша инженер-педагог қызметкерлер мен білім алушылар арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жиынға Базарбек Қадыржан Мейрамбекұлы - Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтананты қатысты.Төтенше жағдайлар бойынша жалпы интернет желісі арқылы, телидидардан, жаңалықтардан өрттің салдарынан болған оқыс оқиғаларды, газдан улану, қысқы уақытта пешпен жылу беру және газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан және салғырт қарау салдарынан болатын төтенше жағдайлар жайлы түсіндірілді.

2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша «Түнгі қаладағы білім алушылар» рейді бойынша және  әрбір мереке қарсаңында инженер-педагог қызметкерлер арасында кезекшілік кестесі жасалынып, уақытылы шығуда. Мереке кезіндегі білім алушылардың қауіпсіздігі жайлы ата-аналарына түсіндіріліп, таныстырылып,  ата-анамен байланыс дәптерлеріне жазылып, жинақталды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оқу топтары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәрбие сағаттары өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда эссе байқауы өткізілді.

2018 жылдың қазан айынан бастап колледжде инженер-педагог қызметкерлер мен білім алушыларға арналған қызмет көрсету орны ашылды. Электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөмеріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 30 қызмет түрінің қолжетімділігі түсіндіріліп, таныстырылып, арнайы «www.egov.kz» кабинеті ашылып, жауапты маманы болып информатика пәнінің маманы А.Салауатқызы бекітілді.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top