Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

  • Мекен-жайы:
  • Инд: 120712, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы,
  • Байдүйсен Оразов көшесі №16.
  • Тел/факс:  8-724-32-5-29-30
Еңбекші ауылдық округі әкімі 

Омаров Баимбет Нарынбаевич 1977 жылы 17 шілдеде   Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997-2001 жылдары Алматы қаласындағы «Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік  қатынастар және әлем тілдері   университетін» орта мектептің  ағылшын тілі пәні  мұғалімі шетел тілі  мамандығы  бойынша бітірген. 

Еңбек жолын  1996 жылы  Түркістан  қалалық ішкі істер мекемесінде қарауыл болып бастаған. 

16.01.1996-17.09.1996 жылы Түркістан  қалалық ішкі істер мекемесінде қарауыл болған. 

1996-1997 жылдары  Қазақ-Түрік университеті жатақханасында күзетші қызметін атқарған. 

1997-2001 жылдары  «Абылайхан атындағы  Қазақ мемлекеттік қатынастар  және әлем тілдері  университетінің» студенті болған. 

2001-2004 жылдары   Түркістан қаласындағы  Н.Төреқұлов атындағы №8 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі  қызметін атқарған. 

2006-2007 жылдары  Алматы  қаласындағы  «Дастархан-Той» ЖШС мейрамхана басшысының орынбасары  қызметін атқарған. 

2008-2011жылдары Алматы қаласындағы «Шелан» фирмасында  экспедитор-жабдықтаушы  қызметін атқарған. 

2011-2012 жылдары «Вокзал-қызмет»АҚ. Оңтүстік аймақтық учаскесінің Алматы вокзалының перрон бақылаушысы  қызметін атқарған. 

2012-2013 жылдары «Алмай-спецтехника» ЖШС-нің  учаске басшысы қызметін атқарған. 

2013-2015 жылдары «Ұлғас құрылыс» ЖШС-де учаске басшысы қызметін атқарған. 

2015 жылғы 14 желтоқсан айынан бастап Еңбекші ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  қызметін атқарып келеді.

 

 Негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан, ауыл әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, тексерілуін ұйымдастырады. Жалпы басшылық жасау. Құпия іс-қағаздармен жұмыс. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысының сапалы жүруін ұйымдастырады.   Ауыл әкімінің аппаратында қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау.

2. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты 

р/с

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Омаров Баимбет Нарынбаевич

Ауыл әкімі

Еңбекші ауылы, Байдүйсен Оразов көшесі №17 үй

Үй тел: 5-01-65 

Жұм. тел:5-29-30

Ұялы тел:87753268949

Саяси

2

Доланбек Шолпан Кенбайқызы

Шаруашылық

есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

Еңбекші ауылы,

Абай Құнанбаев көшесі №40 үй

Үй тел: 5-01-68

Жұм. тел:5-29-30

Ұялы тел:87027644162

EG-3

3

Серікбайұлы Бағдат

Инфрақұрылымды дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маман

Еңбекші ауылы, Б.Оразов  көшесі №34 

Үй тел: 5-01-72

Жұм. тел:5-29-30

Ұялы тел:87011227100

EG-3

4

Жүсіп Гүлназы Кенбайқызы

Салық жинауды есепке алу жөніндегі жетекші маман

Еңбекші ауылы,

Абай Құнанбаев көшесі№45

Үй телефоны: 5-27-58

Жұмыс тел: 5-29-30

Ұялы тел: 87011384642

EG-4

5

Жусупов Серик Рашович

Қаржы саласы жөніндегі жетекші маман

Бидайкөл ауылы

  М.Шоқай көшесі №6

  Үй телефоны: 3-61-60

   Жұмыс тел: 5-29-30

Ұялы тел: 87028708348

EG-4

Ереже

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомостволары жоқ.

3. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, беліленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы, индекс 120712.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай  құжаты болып табылады.

12. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, қазақстан республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Еңбекші ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Еңбекші ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдарымен және азаматтарымен қарым-қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатына Еңбекші ауылдық округі аумағында үйлестіре  жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңнамасын  сақтау.

2) жалпы мемлекеттік ішкі  және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

3) біріңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға,  Қазақстан Республикасының біріңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;                                            3

4) Қазақстан Республикасының ұллтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

6) өз қызметін жүзеге асыру кеезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікрді ескеру принциптерін ұстану.

16. функциялары:

1) «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

- әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайталау даярлауды ұйымдастыру, оларды аттесттциялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы ұсыну;

- жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.  «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының заңнамасына сәйкес қызметке тағайндалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шаралар қолданады.

3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енізеді;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың  Қазақстан Республикасының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

6) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қмтамасыз етеді;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру туралы мәслелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

10) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атауы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде туған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

13) жергілікті әлемуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі,

14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

15) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергілікті бюджеттік бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

19) өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастрады;

20) елді мекендер ді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықтық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша теңдік дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стартегиясын іске асырады;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

23. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметін нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмес, «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру  және тарату

27. «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Статистикалық ақпарат

Еңбекші ауылдық округі әкімшілігі өзінің жұмысын «Қазақстан Республикасындығы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент  Жарлықтарының, Үкімет пен басқару органдарының шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, көрсетілген өкілеттікке сай жұмыстарды атқарып келеді.

Ауылдық округ 2 елді мекеннен тұрады: Еңбекші, Қосүйеңкі ауылдары. Тұрғын үй саны: Еңбекшіде – 267, Қосүйеңкіде – 35. Барлық тұрғындар саны 1825 адам. Атап айтқанда Еңбекші ауылында – 1579, Қосүйеңкі елді мекенінде – 246 адам бар. Зейнеткерлер -113, І-ІІ-ІІІ топ мүгедектері – 42, асыраушысынан айырылғандар – 17, Батыр ана, Алтын алқалы аналар  – 40, Күміс алқалы аналар-48, 4 бала және одан да көп бала тапқандар – 188, 1941-45 жылдары тылда еңбек еткендер – 26.

Ауылдық округ бойынша 36 шаруа қожалығы бар. Егінмен  3 шаруа қожалығы айналысатын болса, 33 шаруа қожалығы  мал шаруашылығымен  айналысады. 2016 жылы ауылдық округ бойынша 995 га жерге егін орналастырылды. Оның ішінде: 330 га күріш, дән жүгері 10 га,  35 га картоп, 40 га көкөніс, 53 га бақша,  2 га күнбағыс егілді. 410 га жоңышқа,  күздік бидай 110 га, мал азығындық асқабақ 5 га.

         Ауылдық округ бойынша 01.01.2017 ж жағдай бойынша: 2447 бас мүйізді ірі қара, 652 бас жылқы, 382 бас түйе, 15328 бас уақ мал, 380 бас құс бар.

Жыл басынан 12 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып тазалау, жөндеу, көгалдандыру көркейту жұмыстарымен айналысты. Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөліміне ауылдық округ бойынша тұрақты жұмыс іздеуші болып 71 адам тіркеліп, 42-адам  тұрақты жұмысқа орналасты, 2 адам жастар практикасына 6 ай мерзімге алынды.  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 6 адам  19400 мың теңге несие  несие алған. «Наурыз-Дем» несие серіктестігі арқылы 1 адам 20 000 т ,  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1-адам 2800 мың теңге, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1-адам 7900 мың теңге несиелер алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

4. Аналитикалық ақпарат

Ауыл әкімінің аппараты округ көлемінде мемлекет саясатының жүргізілуімен бірге, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты мынадай жоспарлар мен жобаларды іске асыруды алға қойып отыр:

1. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары аясында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру басты міндеттер болып табылады.

2. Ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру:

- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын халық арасында кеңінен насихаттау, ауыл тұрғындарының саяси, құқықтық сауаттылығын көтеру, жоғары мемлекеттік қызмет сапасын көрсету арқылы халықтың билікке деген сенімін арттыру, ауылдағы қоғамдық–саяси ахуалды сақтап отыру.

3. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету, олардың тұрмыстық деңгейін көтеруге ықпал жасау:

- Ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілігін зерттеу, анықтау арқылы нақты әлеуметтік карта жасау, аз қамтылған отбасыларына нақты көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру, ұйымдастыру.

4. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды дамыту.

5. Жұмыс тәртібі.

«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты 9-00 – 19-00–ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден – 15-00-ге дейін. Демалыс сенбі, жексенбі күндері.

6. Мемлекеттік органның  қызметі

                  Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

            Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

             Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

            әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

             әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

             әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

            аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

            аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

            азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

             жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

             азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

            заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Жалпы мәлімет

Еңбекші ауылдық округінің қысқаша тарихы

1925 – 26 жылдары  Қарт Қаратау мен Сыр өзенінің арғы және бергі бет аралығында тарақты руы (орта жүз) үш ауылдан тұрды. Оны №13-ші ауылдық Кеңес деп атады. Осы үш ауылдан тұрған елді мекендерді билер тобы басқарды. Сол кезде Қодықұлы Қосжан билік қызметін атқарды. Ол кісінің екі бірдей көмекшілері болды. Бірінші көмекшісі Төрениязов Оспан, ал, екіншісі Наржанов Жәнібек деген кісі еді. Бұлар елді мекенді басқаруды ауыл ақсақалдары Бектемірұлы Наржан, Жарасұлы Әбіш, Айдосұлы Нұрмағанбет пен ақылдасып шешіп отырды.

Басты жұмыстары: елді мекенде тұратын халықтың ауызбірлігін сақтау, қиянатшылдыққа жол бермеу, кедейлерге қамқор болу, сонымен қатар, мемлекетке елден салық жинау болып есептелінді. Кейіннен билер тобының орнына  «ауылнай» сайланатын болды. «Ауылнай» болып Бохаев Молдабек сайланды. Ал, Қосжанов Сейтен салық жинау қызметін атқарды. Бұл жұмысқа Көшпенбетов Әжібек, Нарынбаев Бегман, Асылбеков Қоқанбай, Әбдішүкір, Бекжанов Бөпе т.б кісілер қатыстырылып отырылды. Тарақты руының қоныстары: Сыр бойындағы «Қарғалы»,  «Дала құдық»,  «Кепелі»,  «Қызданай», «Бексайыс әулие», «Боқай тамы» деген жерлер. Бұлар «Керіз» деген жерге шығыр құрып, арық қазды, «Кепелі» және «Қызданай» деген жерге ақ егіс орналастырды. Негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Тіршілікте жасаған еңбектері күн көруден аспады. 1929 жылы Еңбекші ТОЗ шаруашылығы болып құрылды. «Барлық жерде үкімет Советтерге берілсін» - деген ұран болды. Осыған орай, ауылдық Cоветтің төрағасы болып Ташпенбетов Қапбар тағайындалды. Оның Мырзахан атты хатшысы және Асылбек деген ящейкасы ауылдық Советтің жұмысын атқарды. Сол жылдары үйлер ондық және топ болып ұйымдастырылды. Топты төмендегі кісілер басқарды: Төребаев  Маханбет, Тұрлыбеков Әліпбай, Үсенбек, Ерназар Құрымбаев, Жакешов Пәшкен, Шожеев Оспан, Бохаев Әбен, Саттеміров Оспан және Әбішұлы Әмзе. Ел басқарған кісілерге Совет өкіметі тарапынан арнайы тапсырмалар беріліп отырды. Ол елден астық және мал жинау еді. Егер тұрғындар берілген тапсырмаға сәйкес, қолдағы азын – аулақ дүниесін бермей қарсылық жасаған жағдайда үйін  қаттау, малын саудаға салу, яғни зорлықпен алу, жалпы айтқанда, тонау саясаты басталды.

Бұл саясатқа яғни қуғын – сүргінге шыдас бере алмаған орта ауқатты тұрғындар жоғары - төмен көше бастады. Сол кезде көзі ашық, көкірегі ояу сауатты азаматтар: Теміров Шерәлі, Төрениязов Жүсіп, Нұрмағанбетов Әлмағанбет, Байболов Омар сауатсыз халыққа бағыт – бағдар беріп, елге көп көмегін тигізді. Олар азаматтардың бостан – босқа халық жауы болып ұсталып кетпеуіне зор ықпал жасап отырды. Соның өзінде елден үш бірдей арыстай азамат Жайлыбаев Нұрмағанбет, Жайлыбаев Қалмағанбет, Тәшімбетов Қапбар жазықсыздан – жазықсыз жала жабылып, халық жауы болып шыға келді. Оларға тағылған айып қисынсыз еді.

1933 жылы Еңбекшіге «Колхоз»  деген атақ берілді. Колхоздың басқарма төрағалығына Қостаев Отар сайланды. Бұл кісі бұл қызметті  ұзақ істемеді. Себебі белгісіз. Орнына Бердіхожаев Шәден тағайындалып, ол ауылдық Совет төрағалығын қоса атқарды. Ол екі жылға жуық уақыт жаңа шаруашылықты басқарды. Ел егін және мал шарушылығымен айналысты. 1935 жылдан бастап, колхоздың төрағалығына Нұрымбетов Ермахан, ал ауылдық Кеңестің төрағалығына Шерімов Мұханбетжан сайланып жұмыс істеді. Бұларда екі жылдан кейін қызметінен босатылды. 1937 жылы бүл қызметтерге: басқарма төрағалығына  Алтайбаев Ілияс ауылдық Кеңес төрағалығына  Бохаев Сыздық келді.

            Еңбекші колхозында өз алдына отау тіккен сон, 1935 жылы Сыр өзенінің арғы бетінен, бергі бетке Қарт Қаратаудың етегіне қоныс аударды. Жаңа қонысқа көшіп келген Еңбекшіліктерге Көкжидеде отырған «Балықшы» және «Ұйымшыл» колхоздарынан 30 үй келіп қосылды. Көш қаңтар және ақпан айларында болды. Негізгі көліктері өгіз және ат арба еді. Жаңа қонысты қалың қара жыңғыл мен сексеуілден тазартып, тұрғын үй үшін кепелер қазылды. Қолмен арықтар  қазылып, көктем айында 50 гектар жерге күріш дақылы егілді. Осы жылы Үкімет астықтан ешқандай салық алмады. Халық еңбек ақысына 4–5 кг-нан дән алып, тұңғыш рет қарық болып қалды.

1939 – 40 жылдары «правый ветка» каналы қолмен қазылды. Еңбекшіліктер канал қазуда жанқиярлықпен еңбек етті. Еңбекке 9 жасар баладан, қатын –қалаш, қариялар қатыстырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз осы  жерге түпкілікті қоныс тепті.

             1947 жылы Байжанов Баукен шаруашылықты басқарды. Партком хатшысы Ермағанбетов Бимақ және ауылдық Совет төрағасы болып  Қонаев Жәлел істеді. 1948 жылы колхоз басқармасының төрағасы болып Әйтпенбетов Байжігіт, партком хатшысы, ауылдық Совет төрағасы жоғарыдағы кісілер еді. Соғыстан кейін шаруашылық бірте–бірте  қалыптаса бастады.  Халық әлі де болса, толық тойына қойған жоқ еді. Алда атқарылатын ауыр міндеттер тұрғаны белгілі.

1948 - 49 жылдары барлық адамдар жұмысқа тартылды. Соғыстан соң, халық есін жиып, бойын түзей бастады.  Осы жылдары шаруашылықты елдің азаматы  Алтайбаев Іляс басқарды. Парткомның хатшылығын Арыстанов Сейітқали, ауылдық Советтің төрағалығын Қонаев Махмуд атқарды. 1950 жылы көп ұзамай Енбекші, Жиделі, Үлгілі колхоздары бірігіп ірілендірді. Жаңа колхоздың атын «Молотов» деп атады. Ірілендірілген «Молотов» колхозының басқарма төрағасы болып Ақпанбетов Оразмахан тағайындалды. Кұлтаев Ізбасхан партком хатшысы, Оразов Байдүйсен  ауылдық Советі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Үш ауылдан бір–бірден бригада ұйымдастырылды. Бригада атқарған жұмыстарына  есеп беріп отырды.

Бригадалар мал өсіру (төрт түлік) және егін егу жұмыстарымен  айналысты. Әр бригада 100 га күріш дақылын егуге қол жеткізді. Елге КДП шынжыр табанды тракторы келе бастады.

1952 жылы ЛИ Чер Сон  деген кәріс ұлтының өкілі шаруашылықты  басқарды. Бұл заңды құбылыс еді!. Өйткені кәріс ұлттарын күріш дақылын егудің қазақ халқына қарағанда, ертерек игерген маман еді. Оны елге күріш егуді үйрету үшін  жіберілгенді.

1953-56 жылдары шаруашылықты Қасымов Нұрмахан басқарды. Партком хатшысы Омаров Сейтжан, ауылдық Советі атқару комитетеінің төрағасы  Бәйімбетова Шәрі болды.

1956 жылдан бастап колхоздың басқарма төрағалығын Нурекеев Рахмет, содан соң Әбдіхалықов Әнсары жалғастырды. Бұл кезде, шаруашылық «Коммунизм» колхозы деп аталды. Осы колхоздың Еңбекші бөлімшесі болатынды. Бөлімшелерді өндіріс бригадасының бригадирлері  басқарды. Алғашқы кезде өндіріс бригадасының бригадирі Төрениязов Сұлтанхан, содан соң Бекжапбаров Айтбай, одан кейін Қосжанов Көшек жұмыс істеді. Сол кезде бөлімшеден егін егу мен мал өсірудің майталман еңбек адамдары шындалды.

Әбдіжапбаров Берікқара – күріш  өсіруден озат атанып БЛКЖО съезінде сөйлеу құрметіне ие болды. Тұнғыш рет күріштен 50-64 центенрден өнім алған. Осы жылдары қой өсірудің шебері Көкиев Нартай мал шаруашылығында Шиелі ауданында тұнғыш рет Социалистік Еңбек Ері  атанды, омырауына Алтын Жұлдыз тақты.

1970-75 жылдары шаруашылық басшысы болып Жандарбеков Смайыл, Ақмолдаев Жолдыбай істеді, партком хатшысы А.Әйтілеуов және Омаров Сейтжан болды. Ауылдық Кеңес  төрағалықтарын Жүсіпов Байтілес содан соң Керімбеков Орал атқарды. Осы кезде елден екі бірдей Социалистік Еңбек Ері тәрбиеленіп шықты.

Біріншісі от ауызды, орақ тілді, әрі айтқан сөздері  жүйесін тауып жататын Оразов Байдүйсен еді, ол әр гектар күріштен 80 центнерден өнім жинады.

Екіншісі Ұлбала Алтайбаева 13 бала тәрбиелеп өсірген, Батыр Ана.  Оны екі мәрте Ер деп – сол кезде Совет Одағы  Коммунистік Партиясының Бас хатшысы Л.И.Брежнев өз бағасын берген еді. Ол 20 гектар күріштің әр гектарынан 100 центнерден  өнім келтірген болатын.   Ұлбала апа 1978 жылы Одақтық дәрәжедегі  құрметті демалысқа шыққан. Ұл-қыздардан 65 немере, 20 шөбере көрген. 27 тамыз 2007 жылы  85 жасқа қараған шағында қайтыс болған.

Доланбеков Кенбай -  Қызылорда  облысы, Шиелі ауданы Керделі ауыл Советінің Еңбекші ауылында  1928 жылы  дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа 1951 жылы оқуға түсіп, 1956 жылы қазақ тілі  және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 1960 жылы аудандық білім бөлімінің шешімімен №159  «Еңбекші» сегіз жылдық мектебіне директорлық қызметке тағайындалған.

 Доланбеков Кенбай білгір ұйымдастырушы, тек өз пәні ғана емес барлық пәндердерді жетік білетін білікті ұстаз еді. Жас кадрларды тәрбиелеуде, оларға практикалық көмек көрсетуде көптеген жұмыстар жүргізген. Осы мектептен түлеп ұшқан көптеген ел мақтаныштарын атап айтуға болады.Мысалы: 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 академик т.б .

1964 жылы осы мектептің ірге тасын қалап, мектеп  ауласын көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударған. Жасыл алқап жасап, гүлдендіріп, жеміс ағаштарын отырғызып, ауласын бау–бақшаға айналдырған. 1968 жылы облыстық білім бөлімінің грамотасымен марапаталған. Доланбеков Кенбай ҚССР-і білімі ісінің үздігі, әдіскер–мұғалім. 1975 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.

1975 жылдан 2004 жыл аралығында №159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі директорлығын білікті ұстаз Баймұратов Есен басқарды.

1975 жылы  «Коммунизм» колхозынан Еңбекші бөлімшесі өз алдына отау тігіп, мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан «Гигант», «Төңкеріс» колхоздарынан  «Авангард»  совхозының шопандары,  малдарымен жаңадан құрылған Еңбекші қаракөл қой совхозына өткізілді. Жаңадан құрылған шаруашылықтың қаракөл қой саны 45 мыңға жетті. Бұл совхозға егін егуге жарамсыз таулы аймақтан жалпы жер көлмі 196021 га, оның ішінде  ауылшаруашылығына  жарамды жер 175942 га суармалы жер 2323 гектар жер бөлініп берілді.  Берілген жердің 98,6 проценті жайылымдық, 1,4 проценті егістік жерді құрады. Жаңа совхозға директор болып жоғарғы білімді зоотехник Мустафаев Төлеген тағайындалды. Партком хатшылығына Нұрбай Дүйсенбаев, ауылдық Кеңес төрағалығына Төренизов Сұлтанхан бекітілді. Қаракөл қойын СЖК перепаратымен  көбейту жұмыстары жүргізілді. Әр жүз аналық қойдан  117–ден төл алынды. Шаруашылық төл алудан шаруашылықтар арасында аудан «Чемпионы» атанды. Төл алудан Социалистік жарыс өрістетілді. Жаңа шаруашылыққа техникалар, құрылыс материалдары, күнделікті тұтыну товарлары есепсіз келіп жатты. Ел баршылықтан басы айналды. Егіс егу, қоғамдық малға жем – шөп дайындау жұмыстарымен өз дәрежесінде  айналыспады. Жыл сайын  5– 12 процент мал шығынына жол берілді. Экономика, есеп –қисап  жұмыстары талап дәрежесінен  төмен кетті. Шиелі аудандық партия комитеті елдің ішкі жағдайын жан–жақты зерттеп, Мұстафаев Төлегенді 1977 жылы  директорлық қызметінен босатты. Бұл орынға ысылған маман, жоғары білімді, зоотехник Мырзахметов Үпілмәлікті тағайындады. Партком хатшылығына Шәдібеков Есіркепті, ауылдық Кеңес төрағалығына Керімбеков Оралды бекітті.

 Одан кейін ауылдық кеңес төрағалығын Әбдіжапбаров Берікқара атқарды. Елде психологиялық ахуал жақсара бастады. Экономикаға көңіл бөлінді. Бұл қызметті Мырзахметов Үпілмәлік 1977 жылдан  1981 жылға дейін атқарды.

1981-1991 жылдар аралығында  шаруашылықты Баетов Жамалхан басқарды.  Осы жылдар аралығында үш партком хатшысы жұмыс істеді. Шәдібеков Есіркеп, Байкенжеев Иманқұл және Сейітжанұлы  Серікбай.

1991 жылдан сәуір айынан бастап ауданға Баетов Жамалхан қызмет ауыстыруына байланысты Дәуренбеков Мінуарбек директорлық қызметке тағайындалды. Дәуренбеков Мінуарбек 1991-92 жылдар аралығында шаруашылықты басқарғанда  мал басы мүйізді ірі қара 171 бас, қой 32866 бас, жылқы 747 бас және түйе 223 бас болды. Дәуренбеков  Мінуарбек директорлық қызметті  елдің бел баласы Ыдырыс Жүсіповке өткізді.

Жүсіпов Ыдырыс Совет мемлекеті тарап, Еліміз  Егемендікке қол соза бастаған тұста, директорлық қызметке  тағайындалды. 1992-97 жылдар аралығында мал басы күрт төмендеді. Шаруашылық, шаруашылық субъектілеріне бөлінген тұста, 362 қошқар, 8069 саулық, 109 ісек, 1310 тоқты, 332 жылқы қалды. Бұл төрт түлік мал  жасына жынысына қарай шаруа қожалықтарына  бөлініп  берілді

1994 жылы ауыл әкімі болып Сейітжанұлы Серікбай тағайындалды. Бірнеше жылдар бойы жемісті еңбек еткен ол 2010 жылы құрметті демалысқа шықты.

2010-2015 жылдар аралығында бірнеше жылдар бойы аудан шаруашылықтарында басшылық қызмет атқарған Ишанкулов Махсутхан Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты.

14.12.2015 жылдан  бері Омаров Баимбет Нарынбаевич Еңбекші ауылдық округінің әкімі.

Видео ақпараттар

Scroll to top