Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Діни ұйымдар жайлы тізім

р/с

Діни бірлестіктің атауы

Мекен-жайы

Тіркеу нөмірі

Діни бірлестіктің жетекшісі,

туған жылы

Діни және жалпы білімі

Шиелі ауданы

1

«Шиелі аудандық мешіті» «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Шиелі ауданы, Шиелі кенті, С.Кәрімбаев көшесі нөмірсіз

30.10.1996 жыл

166-1933-Ф-л

Ахметов Рахат Төреханұлы

2

«Шайзында» мешіті «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Ә.Боранов көшесі нөмірсіз

12.10.2006 жыл

1199-1933-Ф-л

Үмбетов Мұхаммедкәрім Үмбетұлы

01.01.1946

Өтбас батыр атындағы Шымкент Ислам институты.Араб тілі мұғалімі және ислам діни пәндерінің менгерушісі Имам Хатиб

3

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Нұр-иман» мешіті

Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Нүрекеев көшесі №1 «а»

16.07.2010 жыл

1511-1933-Ф-л

Нұрсейітов Самат Шаймерденұлы

13.02.1983

Халықаралық қазақ-араб университетін бітірген.

Араб тілі және діндатанушы.

4

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Жеміс-жидек мешіті

Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалыауылы, М.Шоқай көшесі № 13

15.05.2001 жыл

723-1933-Ф-л

Сыздықов Смагул Калкозович16.07.1965

01.05.2010 жылы Алматы қаласы ислам институтында 4-айлық курс оқыған.

5

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Табынбай» мешіті

Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы, №21 бекет елді-мекені М.Мақатаев көшесі №31

07.09.2001 жыл

772-1933-Ф-л

Имам жоқ

6

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Ақмая» мұсылман мешіті

Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылы А.Құнанбаев көшесі №40

15.05.2001 жыл

717-1933-Ф-л

Өтепбергенов Амантай Сарсенұлы 01.02.1955

2002-03 жылдары Алматы қаласы ислам институты 1-жылдық курстан өткен.

7

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ «ОСМАН АТА» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округі, Досбол датқа ауылы, Абай көшесі №39

24.05.2001 жыл

738-1933-Ф-л

Аймырзаев Сералы Аймаханұлы 25.04.1959

02.05.2012 жылы Алматы қаласы ислам институты 4-айлық курстан өткен.

8

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Бала би» мешіті

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм а/о Бәйгеқұм ауылы, Ш.Уалиханов көшесі №3

10.04.2002 жыл

865-1933-Ф-л

Шахаев Жақсылық Өмірзақұлы

06.08.1943

Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен курстан өткен.

9

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ

«ДОСМАН ҚАЖЫ» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округі, Бестам ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №36 «а»

16.03.2003 жыл

721-1933-Ф-л

Бегалиев Серікбай Досанбайұлы

12.09.1949

Курстан өтпенген

10

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Бидайкөл ауылы мұсылман мешіті

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі №84

14.05.2001 жыл

710-1933-Ф-л

Молдакараев Шазинда 20.12.1938

2001 жылы Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен 4 курстан өткен

11

«Баба-Ата» мешіті

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Еңбекші ауылы, І.Алтайбаев көшесі №5

Тіркеу жұмыстары жүруде

Бекқожаұлы Мұхамедқали

13.04.1947

2001 жылы мамырда 4 айлықШиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен курстан өткен.

12

«Әлі ата» мешіті «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылы, Б.Әбдімомынов, 22

08.09.2008 жыл

1352-1933-Ф-л

Мырзаханов Оразбай Мысырханұлы 10.11.1967

02.09.2004 жылы Алматы қаласы ислам институты 4-айлық курс

13

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы«Жиделіарық орталық мешіті»

Шиелі ауданы, Жиделі арық ауылдық округі, Жиделіарық ауылы,

Оқшы ата көшесі №8 «а»

21.05.2001 жыл

731-1933-Ф-л

Жолтаев Әбутәліп Сұлтанұлы

15.10.1966

05.05.2012 жылы Қызылорда «Ақмешіт» медресесі курсынан өткен

14

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ «ШАЙМЕРДЕН» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылы, Атамекен көшесі №6

24.05.2001 жыл

737-1933-Ф-л

Әлкебай Еркінбай Мықтыбайұлы 05.03.1954

2006 жылы Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен 4 айлық курстан өткен.

15

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ

«ШҮЛЕНБАЙ МОЛДА» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округі, Жөлек ауылы, Е.Бабабек көшесі №25

25.09.2002 жыл

734-1933-Ф-л

Сағындықов Ғалым Айтбайұлы

06.04.1959

12.02.2010 Қызылорда «Ақмешіт» медресесінен 1 айлық курстан өткен.

16

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Ес абыз» мешіті

Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округі,Жөлек ауылы, Шымкент – Самара трассасы

14.05.2001 жыл712-1933-Ф-л

Мақұлбеков Ғани Балтабайұлы

23.01.1963

04.06.2009 жылы Алматы қаласы ислам институты 4-айлық курстан өткен.

17

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Жақаев ауылы мұсылман мешіті

Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ы.Жақаев ауылы, Ы.Жақаев, 57

15.05.2001 жыл

718-1933-Ф-л

Мақмудов Нұрлан Махмутович 18.03.1947

12.02.2010 Қызылорда «Ақмешіт» медресесінен 4 айлық курстан өткен

18

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Нартай ауылы мұсылман мешіті

Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі,Н.Бекежанов ауылы, И.Досымбаев көшесі №23

16.05.2001жыл

726-1933-Ф-л

Оспанов Құрбан

10.04.1940

2008 жылы Шиелі аудандық «оқшы ата» мешітінен курстан өткен.

19

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ

«НҰРСЕЙІТ» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, Ә.Тәжібаев ауылы, Д.Шайық,23

16.05.2001 жыл

727-1933-Ф-л

Секер Рамазан Есенұлы

25.10.1971

18.05.1994 жыл Қызылорда «Ақмешіт» медресесінен курстан өткен.

20

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ

«АЛТАЙ ҚОЖА» МЕШІТІ

Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылы, Е.Ысқақов көшесі №5

02.10.2001 жыл

790-1933-Ф-л

Имам жоқ

21

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛЫ «ӘБДІМӘУЛЕН» МЕШІТІ

Тарытоғай а/о, Тарытоғай ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі №18

15.05.2001 жыл

714-1933-Ф-л

Базарбеков Сержан Базарбекович

09.08.1980

Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен курстан өткен.

22

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

«Парманқұлхалфе» мешіті

Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округі, Ш.Қодаманов ауылы, Сейфуллин көшесі №22

31.01.1997 жыл

220-1933-Ф-л

Парманқұл Алмас Әзілханұлы 13.10.1962

2008 жылы Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінде 4 айлық курстан өткен.

23

Сұлутөбе ауылдық мешіті

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Сұлутөбе ауылы, М.Тоқмағанбетов, 2

Тіркеу жұмыстары жүруде

Ақжігітов Бисенбек Өтегенұлы 31.08.1972

02.05.2010 жылы Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен 4 айлық курстан өткен.

24

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Ортақшыл ауылы мұсылман мешіті

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, Сейфуллин көшесі

№2 «а»

16.05.2001 жыл

725-1933-Ф-л

Өтемұрат Қалкөз Қалдыбекұлы

16.08.1954

Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінен курстан өткен.

25

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы

Талаптан ауылы мешіті

Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылы, Бала би көшесі №14.

07.08.2001 жыл

732-1933-Ф-л

Білімов Қуанышбай Шілжанұлы

01.01.1955

02.08.2007 жылы «Әбду қатани» мешітіне 1айлық курсынан өткен

Жалпы ақпарат

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы орталық «Оқшы ата» мешіті

  • Қызылорда облысы, Шиелі кенті
  • С.Кәрімбаев көшесі, 16
  • Тел: 8 72432 4-33-51

1991 жылы ең бірінші құрылысын бастаған сол кездегі аудан әкімі Жолдасбек Ердешбаев.

1997 жылы Жарылқасын Тұрабаев аудан әкімі болып келіп, мешіт құрылысын толық бітірді.

1998 жылы 13 мамырда елбасы Н.Ә. Назарбаев мешітінің ашылу салтанатына қатысты.

2008 жылы аудан әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 20 млн. теңге өзінің және аудан кәсіпкерлерінің қаржысымен қазіргі заман талабына сай еврожөндеу жүргізді, еденін жаңартып, іші сыртын өзгертті. Мешіт 6 бөлмеден тұрады. Имам бөлмесі 3х3, үлкені намазхандары 17х13, Шырақшы бөлмесі 3х3, әйелдерге арналған бөлме 3х13 м.

Үстіңгі қабатта балалар діни білім алатын бөлме 5х10 м, сырт ауласы 20 сотық. Әжетхана бар. Мешіт биіктігі сыртынан12 м, ішінен9 м, 8 терезе 7 есік орнатылған. Мешіттің айналасы көгалдандырылып, ағаштар егіліп, суарылып күтілуде.

Шиелі ауданы бойынша діни ахуал және терроризмнің алдын алу жұмыстары

Шиелі ауданында 2017 жылдың 9 ай қортындысы бойынша діни ахуал және терроризмнің алдын алу жұмыстары

Қазіргі таңда Шиелі ауданында 32 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде ислам бағытындағы 31 мешіт және пресвитериандық «Шиелі» шіркеуі жұмыс жасауда. Ислам бағытындағы мешіттердің 3-і кентімізде,
28 ауылдық округтерде орналасқан.

Аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің» 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру тобының 2017 жылға арналған іс- шаралар жоспарлары бекітілді.

Қазіргі таңда, тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мақсатында tauhid.kz ислами ағартушылық порталы жұмыс жасауда.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан көлемінде 2017 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша өткізілген іс шаралар саны - 90 болса, оның ішінде 85 кездесу, 1 дөңгелек үстел, 4 акция өткізіліп, барлығы 4000 адам қамтылды.

Діни экстремизмнің алдын-алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 10-13 қаңтар күндері «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Садуов Шыңғысхан Жапарханұлының қатысуымен мектептерде «Отанды сүю иманнан», «Иманды жас ел болашағы», «Ата-анаға құрмет» тақырыптарында кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 11 қаңтар күні №48 мектеп-лицейінің акт залында «Діни экстремизм және діни толеранттылық: қоғамдық сананы дұрыс бағыттау тетіктері» атты тақырыпта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәні мұғалімдері, оқушылар парламентінің төрағалары, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшылары арасында аудандық ішкі саясат бөлімі, дін мәселелерін зерттеу орталығының Шиелі аудандық бөлімшесінің теолог мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. 

2017 жылдың 12 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Салауат саған-Мұхаммед» атты Мәуліт мерекесіне орай, рухани кеш өткізілді.

2017 жылдың ақпан, маусым айларында жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруда аудан мектептерінің
9, 10, 11 сынып оқушыларына «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың теріс идеологиясы» тақырыбында өткізілетін ақпараттық түсіндірме жұмыстарының жоспарына сәйкес, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің, орталық «Оқшы ата» мешітінің бас имамының және наиб имамының, Шиелі АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмаған істері жөніндегі және әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторларының қатысуларымен аудандағы барлық мектептерде кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуда ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, тағатты діни сананы қалыптастырумақсатында«Дәстүрлі емес діни бағыттардың қоғамға қатері» тақырыбында орталық базарда, автовокзалдарда, теміржол вокзалында, такси тұрақтарында акциялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, Ардақ Назаров ағымдағы жылдың 4-5 мамыр күндері ауданымызда іс сапарда болып, аудан тұрғындарымен оның ішінде аудан спортшыларымен, жастармен, мешіт жамағаттарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жастарға үлгі болатын, жұртшылықты ынтымаққа ұйыстыратын салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. Кездесуге барған жастар сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.

Ағымдағы жылдың 23-24 маусым күндері республикалық ақпарттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, «Kazislam.kz» порталының бас редакторы  Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы ауданымызда болып, 23 маусым күні аудандық орталық «Оқшы ата» мешітінде мешіт жамағатымен және
24 маусым күні аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, мешіт имамдары, мектеп директорлары, дінтану пәнінің мұғалімдерімен кездесу өткізілді. Білікті теолог Жалғас Сандыбаевтың жүргізген семинар барысында деструктивті ағымдардың қоғамға қатері, олардың алдын алу жолдары кең талқыланып, семинарға қатысушылардың өзекті сауалдарына тұщымды жауап берілді.

Жазғы демалыс кезінде ауылдық округтерде ашық аспан астында «Алау» (костер) маңында еркін форматта «Жат ағым қоғамдағы-індет, Отанды сүю-міндет» тақырыбында ауыл жастарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қалалық Нұр мешітінің ұстазы, дінтанушы Елубаева Индира Ерланқызы орталық оқшы ата мешітінде әйелдер жамағатымен «Ислам дінінідегі қыз баланың орны» атты тақырыпта кездесу өткізді және дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтардың жеке үйлеріне барып, олардың әйелдерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен «Діни экстремизмнің қалыптасуы және алдын алу» мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға көңіл бөлу, оларды тәрбиелеу, дәстүрлі діннің жетекшілері мен қоғам қайраткерлерінің қоғам алдындағы міндеттеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, сауалнамалар жүргізіліп, таратпа қағаздары таратылды.        

Сондай-ақ, Шиелі ауданы әкімдігінің шақыртуымен ағымдағы жылдың 27-29 қыркүйек күндері облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр» мешітінің ұстазы, теолог Убаев Батырбек Тұрғанбекұлы ауданымызда іс сапарда.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні аудандық орталық «Оқшы ата» мешітінде аудан имамдарымен «Дін және қоғам», «Иманның беделі», «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыптарында кездесу өткізілді.

Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйек күні сағат 18.00 де аудандық мәдениет үйінде «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында аудан тұрғындары «Діннен шыққан дүрбелең» қойылымын (спектакль) тамашалады. Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табады.

Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табады.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер. 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3) жертөле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

  1. Ұстауға өздігімен әрекет жасамау;
  2. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

 арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

  1. қоғамдық көлікте:

- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

  1. үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 110, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 110, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, еңбірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сізғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз. 

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді. 

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз: 

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз; 

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз; 

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз; 

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпетіңізден жатуды ұсынады; 

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген. 

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
  2. ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз. 
  4. өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;
  5. күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі.Мұндаойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
  3. ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.
  4. егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.  

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:

1)асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

 

Общая инфографика каз

Жадынама жүктеу... 

Scroll to top