Алматының Алмалы ауданында көп қабатты үй өртенді -- "Алматының Алмалы ауданында 5 қабатты үйдің шатыры ..." -- 18 Маусым 2018
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды -- "Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы ..." -- 18 Маусым 2018
Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады -- "«Құрметті отандастар! Баршаңызды күллі әлем ..." -- 15 Маусым 2018
Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек ... -- "Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 ..." -- 15 Маусым 2018
2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарының мамандықтар бойынша ... -- "2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша ..." -- 14 Маусым 2018
Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ... -- "Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол ..." -- 14 Маусым 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 335,67 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 13 Маусым 2018
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады? -- "Қазақстандықтар шілде айында 10 күн демалады. ..." -- 13 Маусым 2018
Үкімет басшысы министрлерге соңғы рет ескерту жасады -- "Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бөлінген ..." -- 13 Маусым 2018
Хабарландыру -- "«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы ..." -- 11 Маусым 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Бестам ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Бестам ауылдық округі әкімі Ыханов Галимжан Шайыкович
  • Пошта индексі: 1232640;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Досымбаев көшесі №25;
  • Тел/факс: 8 (72432) 5-08-63
Бестам ауылдық округі әкімі

galimЫханов Галимжан Шайыкович 1974 жылы 03 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінде дүниеге келген. 1981-1991 жылы Нартай ауылындағы №156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде білім алып,1992 жылы Алматы қаласының зоотехникалық малдәрігерлік институтының «Тұтыныс тауарларын тауарлау» факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы «Мал шикізатын тауарлаушы инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

1997-2000 жылдары Алматы қаласы Жетісу аяқ киім фабрикасында технолог маманы  болып бастаған.

2000-2002 жылдары «Самат» жеке кәсіпкерлігінде оператор кассир маманы.

2003-2007 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман.

2009-2010 жылдары «Астана Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік корпорациясында таразбан маманы.

2011-2012 жылдары АФ «АБК Автодор АС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әкімшілік-шаруашылық бөлімінің аға менеджері болып жұмыс атқарған.

2016 жылдың 1  тамызынан бастап міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелері келгенге дейін  Бестам ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 Негізгі міндеттер:

Тиісті әкімшілік аумақтық бөлініс аумағында тиісті әкімшіліктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органмен, азаматтармен өзара қарым қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституция Заңының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерін және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық  актілерінің нормаларын орындалуына бақылау жасайды.Азаматтардың  өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданылады. Жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады.Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.Заңды ұйымдармен шарт жасайды, банк құжаттарына қол қояды. Ауыл шарауашылығы өнімдерін ұқсату мен іс –қызметін үйлестіріп отырады.Заңда белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасайды. 

Ауыл әкімі  жеке тұлғаларды  және заңды тұлғалардың  өкілдерін әр аптаның  сейсенбі күні  сағат 15-00 ден 17-00 дейін қабылдайды.

Мекен жайы;

Инд: 120705;  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылы, Ә.Тоғызбаев көшесі №6.

 Тел: 8-724-32-50-8-86 

Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. 

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Ыханов Галимжан Шайыкович

Ауыл әкімі

31-1-95

Ұя.тел 8702-469-18-49

2

Сатанова Жанар Муханбетияровна

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

5-08-86

Ұя.тел 8702-771-86-77    

3

Алпамышев Зауыржан Сейілдаханұлы

Бас маман, заң қызметкері

5-08-86

Ұя.тел 8701-569-09-06

4

Нұртаев Абдіғали Бойрабайұлы

Жетекші маман есепші

5-08-86

Ұя.тел 8702-871-90-35

5

Абуов Адилет Абилашулы

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі жетекші маман

5-08-86

Ұя.тел 8778-175-54-51

Ереже

«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

Жалпы ережелер

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бестам» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бестам ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120705, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округі, Бестам ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, № 52.  

  1. Мемлекеттік органның толық атауы- «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы Ереже «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыружергілікті бюджеттен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  4. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерімен «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.
  2. Негізгі міндеттері:

            1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатынжүргізу;

            2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

 4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

            12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16.1. «Бестам» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнының функциялары:

1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2) Қазақстан Республикасындаатапөтілетінмерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

5) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.          

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Бестам ауылдық округі әкімініңаппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
  4. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

            2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

        3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

            5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

            6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

            9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

            10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

            11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

            12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

            14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

            15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

            16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

            17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

            18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

            19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

            20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

            21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

            22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

            25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

            26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

            27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;                

28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

 30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

 34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Бестам ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  2. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

            «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіоған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып

алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Қарт  Қаратаудың  етегінде  орналасқан Қызылорда  облысы, Шиелі  ауданы, Бестам  ауылдық  округі,   Бестам  ауылының тарихы 1920 жылдардан  басталады.

Бестам  ауылының  құрылуы  жайлы  естеліктерге  жүгінетін болсақ, 1929  жылы  Артель -  ондық  семья болып  құрылып, 1930 жылы ТОЗ болып  іріленеді. 1932  жылы «Еңбекші» колхозы  ұйымдастырылып, 1937 жылы майда  колхоздар (Аққұм, Кеңес, Еңбекші  дихан) қосылып,  ірілендіреді. Колхоз  орталығы  Тартоғай  станциясы  болды. Осы  жылы  колхоз Тартоғайдан  Қышқұдыққа  қоныс  тебеді. Елдің  қоныстанған  жерінде  су  болмағандықтан  құдық  қазып, оны  Тартоғай  қышымен  шегендеген, содан  кейін  ол  жер  Қышқұдық  аталып  кеткен. Қышқұдықта санаулы үйлер болды. Кейін  каналдың  тау  жағынан  түсуіне   орай   қазіргі  Бестам  ауылының  орнына  көшіп  келіп қоныстанған. Елді  мекенге  Тартоғайдан  өгіз  арбамен  қыш  тасып,  үйлер  тұрғыза  бастаған,   фундамент  орнына   қыш  өрген. 1941  жылға  дейін  30  үй  тұрғызылған. 

1940 жылдан бастап колхоз  күріш екті, мемлекет колхоздан 3 жылға дейін астыққа салық алмайтын болды. Бірінші  жылы күріш өнімін  еңбек күнге  2кг –нан күріш алды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Осыдан бастап еңбек күніне ештеңе бермейтін болды. Әскерге алынған кісілердің  орнына әйелдері , кәмелетке  толмаған  балалар  , қария кісілер қалды. Еңбекке  жарамды ер  азаматтардың  барлығы   соғысқа  аттанғаннан  кейін     трактор тізгініне  елде қалған  әйел  азаматтар:  Дәулетова Айша ,  Абылаева Мәрия, Қалымбетова Д ,Фазылова З, Р Құдайбергеновалар отырды. Соғысқа дейін колхозды Досболов Рахым басқарып, алғашқы комсомол  ұйымына  Абылаева Мәрия жетекшілік жасады. 

1944 -1945 жылдары Ленин  колхозын Оразов Смайыл, одан кейін Қалқаев Шайық,    1959 -1973 жылдары Исмайылов Әзімхан, 1973-1995 жылдар аралығында Рахметов Мұхамеджан, Апбасов Төлес, Әбішев Сайлаулар  басқарды. Исмайлов Әзімханның басшылығы тұсында біз миллионер колхоз болдық. Ол  кезде 800 жылқы, 8000 – дай сиыр, 36 мың қой , 600 – дей түйе болды  

1951жылы СССР-дің үкімет қаулысы бойынша колхоздарды біріктіріп, бір жерге топтастыру басталды. «Қызылдихан» , «Алғабас», «Ленин» колхоздары  біріктіріліп, «Ленин» атындағы колхоз аталып, орталығы Алғабас болып бекітілді.

1959- 1979 жылдар аралығында Ленин бөлімшесінің бригадирі, әрі меңгерушісі болып Рыспамбетов Пәтеш басқарды.Бұл уақыт ауылымыздың өрлеу, даму кезеңі болып, шаруашылық жұмыстары үлкен жетістіктерге жетті.

Біздің қоғамымыздың өзгеруіне байланысты ауылдың  аты тарихи орналасу жағдайына байланысты 1997 жылғы  27  желтоқсандағы Облыс әкімінің ,облыстық  мәслихаттың    №635а шешіміне  сәйкес «Бестам» болып өзгерді. Филология ғылымының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтің естелігінде, «Бестам»  қыпшақтың  қаласы ескі сыр дариясының бойына салынған. Қаратаудың астындағы бекініс, әрі байланыс орталығы болған қала.

Профессор Әуелбек  Қоңыратбаевтың   айтуы  бойынша  650-670  жылдар  шамасында «Бестам» сыр бойындағы ең үлкен  қала  болған. Сол  кезде  құйылған  қыш  нақыштарының  сыры  әлі  күнге   дейін   ашылмауда.

2004 жылғы 13 желтоқсандағы облыс әкімиятының №242 қаулысымен және облыстық  мәслихаттың 12 сессиясының  № 120 шешімімен облысымызда көптеген жаңадан ауылдық округтер ашылды. Соның біреуі  осы  Бестам ауылдық  округі. Аудан  орталығынан  қашықтығы 24 км. Аумақтық  жер  көлемі  3895 га.

Ауылдық округтің алғашқы әкімі осы ауылдың азаматы Қошқаров Балтабай,                2006 -2010 жылдары  Бегалдинов Айеке, 2010-2012 жылдары Ермаханов Асхат болған. 2012  жылдың 26 наурыз айынан - 2016 жылдың 02 маусымына дейін Жақыпов Нұржан ауыл  әкімі  болып  қызмет  атқарған.

Бестам ауылдық  округі, Бестам  ауылы  бойынша  334 жанұя, 2015 тұрғын  есепте  тұрады. Ауыл  бойынша 1 дәрігерлік  емхана, 300  орындық  типтік  жобада  салынған  бір  орта  мектеп, 100 орындық  клуб үйі, 9863 кітап  қоры  бар кітапхана, 242 нүктелік сандық  телефон жүйесі, «ОТАУ-TV» Ұлттық цифрлық телехабар тарату жүйесімен – 250 жуық отбасы қаматамасыз етілген , сонымен  қатар 12- шаруа қожалығы, 2 - күріш ақтау, тігін тігу цехы – 1, шаштараз – 1, 12 сауда орны қызмет көрсетсе, 6 газель және жеке жеңіл автокөлік иелері жолаушы тасымалдап , ақылы кәсіпкерлік қызмет атқарады. 

Видео ақпараттар

Scroll to top