АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінде  2017  жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары  жайлы ақпарат

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Шиелі аудандық бөлімі 2017 жылдың  ІІІ тоқсанында бөлімінің жұмыстарын одан әрі арттыру мақсатында берілген тапсырмаға сәйкес кемшіліктерді жоюда төмендегідей жұмыстар атқарды.                       

Атап айтар босақ, Шиелі аудандық бөлім ғимаратының жалпы алаңы 407,2 шаршы метр. Ғимарат ішінде аудандық ІІБ-нің Көші-қон полиция бөлімшесінің екі қызметкері,  Казпошта  АҚ-ның 1 кассасы, Зейнетақы төлеу орталығының 2 қызметкері және бөлімнің 24 штаттағы қызметкерлері жұмыс жасауда.

2017 жылдың ІІІ тоқсанында аудандық бөлім арқылы негізгі тиімділік көрсеткіштерді орындау жайына  тоқталсақ. Есептік кезеңде Connection Point  арқылы 56783 тұтынушыға кеңестер беріліп,  47045 тұтынушыға қызмет көрсетілді.

Электрондық төлемдер:  Электрондық Үкіметтің төлем шлюзі арқылы есептік кезеңде   1 842 283,7 теңге мемлекеттік баж алымдары және өзгедетөлем  қабылданса, салық төлемдерін жүргізу үшін  664 120 теңге  салық төлемдері, Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» порталы арқылы жол жүру ережесін бұзғаны үшін 3 941 212 теңге айыппұл төленген.

Министрдің қабылдауына 2017 жылдың І тоқсанында аудан бойынша 15 азамат министрдің қабылдауына және электронды жүгіну тәртібімен өтінім берді. Алайда  олардың ешқайсысы министрмен онлайын кездесуге белгісіз себептермен шақырылмады.

Сондай ақ дайын құжатты соңынан бере отырып құжаттар топтамасын қалыптастыру мемлекеттік қызметі бойынша бөлімде екі қызметкер бөлініп,  қызмет түрлері бойынша халыққа түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында есептік кезеңде 107  мемлекеттік қызмет алушымен шарт жасалып 1 019 795  тенге  өндіру жұмыстары жүргізілді.

            Мобилдік ХҚКО жұмысы: 2017 жылдың ІІ тоқсанына  қызмет көрсету кестесіне сай яғни, аудан көлеміндегі ауылдық округтерден 40 шақырымнан астам елді мекендер бойынша жоспарлы түрде  ауданға қарасты 5 ауылдық округ іріктеліп,  барлығы 100 іссапар жоспарланып, толығымен орындалды. Сонымен қатар кестеден тыс  155 іс-сапар елді мекен тұрғындарының сұранысы бойынша орындалды. Барлығы 255 іс сапарды құрайды.  2017 жылдың ІІІ тоқсанында  ауыл тұрғындарынан  7442  өтініш қабылданып,  6676 құжат азаматтарға табысталды.

        «Мобильдік ХҚКО» жұмысын елге танымал ету мақсатында аудан әкімі аппаратында ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізіп, елді мекен тұрғындарының сұраныс бойынша «Мобилдік ХҚКО» қызметкерлерінің құжаттарды  қабылдау жұмысымен қосымша ауыл тұрғындарымен кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, халыққа кеңінен кеңес беру, құқықтық түсіндірме жүргізу, құжаттарды қабылдау және дайын болған құжаттарды тарату жұмыстарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бөлім қызметкерлері  құжат рәсімдеудегі тұрғындардың сұранысын анықтау, тұрғындардың үй құжаттарына түгендеу жұмыстарымен қоса Қазақстан Республикасының Электронды үкімет порталы бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, электронды үкімет порталын қолдануды үйрету жұмыстары мен қоса ЭЦҚ алу жұмыстары мен қолдану барысы бойынша насихат жұмыстары атқарылып отыр.  

1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы Мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне бара отырып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабылданған өтінімдерге сәйкес 165 құжат  табысталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай есепті мерзімде барлығы 248 қызмет түрі көрсетіліп, барлық сала бойынша 65285 өтініш қабылданып, 58844 құжат азаматтарға табысталған. Оның ішінде қағаз тасығышта 42420 құжат, қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы 9067 құжат, е.қызмет арқылы 13798 құжат қабылданып,   қағаз тасығышта 35954 құжат, қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы 9067 құжат, е.қызмет арқылы 13823 құжат табысталған. 

 

 

 

 

Кірушілер есебі

Бүгін201
Кеше310
Осы аптада1388
Осы айда1388
Барлығы1388

Видео ақпараттар

Scroll to top