ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi № 750 қаулысы


«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 – 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi – жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:
1) жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

Видео ақпараттар

Scroll to top