ХАБАРЛАНДЫРУ -- " «Қызылорда облысы бойынша тексеру ..." -- 18 Наурыз 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті ..." -- 13 Наурыз 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ..." -- 13 Наурыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ..." -- 11 Наурыз 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік ..." -- 11 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 11 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек ..." -- 05 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   2019 жылдың ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Жыл басынан бері ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Бірыңғай ..." -- 04 Наурыз 2019

Егін шаруашылығы

 2018 жылы аудан бойынша 27 601 гектар жерге егін егілді. Атап айтсақ, негізгі дақыл Күріш-12 627 гектар, Күздік бидай-936 гектар, Жаздық бидай-244 гектар, Жүгері – 250 гектар, Тары-73 гектар, Мақсары-1063 гектар, Жаңа жоңышқа-3035, Ескі жоңышқа- 6151 гектар, Картоп-1100, Көкөніс-1474, Бақша-2109 гектарды құрайды.

Биылғы жылы 12 627  гектар күріштің әр гектарынан 57,0 центнерден өнім алынып, 71974 тонна астық қамбаға құйылды. Күздік бидайдан 1638 тонна (орта өнім 17,7 центнерден гектарына), жаздық бидайдан 360 тонна (орта өнім 14 центнерден гектарына) өнім жиналды. 1063 гектар мақсары дақылынан 1034 тонна өнім алынды. Жүгері дақылынан 35 центнерден, тарыдан 30 центнерден өнім алынды. Сондай-ақ, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары да өз жемісін берді. Бүгінде картоптың әр гектарынан 250 центнерден, көкөніс пен бақша дақылдарынан әр гектарынан  300 центнерден өнім жиналды.

Сонымен қатар, Құнарлы мал азығын дайындау мақсатында шөп дайындау межесі 113,0 мың тоннаны құрады. Аудан бойынша барлығы  119,0 мың тонна шөп жиналды. Оның ішінде жоңышқа 38,2 мың тонна, табиғи шөп 80,8 мың тонна болды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары бойынша 
2017 жылдың   20 маусымдағы  №248 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» қағидасына сәйкес, аудан бойынша биылғы жылы мемлекет тарапынан элита, 
І репродукциялы тұқымдар мен алма көшеттеріне – 60 млн. 338 мың теңге субсидия төленді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" №204 бұйрығына сәйкес-
43 млн.658 мың теңге субсидия төленді.

Мал шаруашылығы

 Аудан бойынша 2018 жылы барлық төрт түлік мал саны: мүйізді ірі қара  -56502, қой мен ешкі - 75502, түйе - 1469, жылқы –   14 589, шошқа -331, құс -37521 басты құрады.

Алынған өнім (тірілей салмақта) 4072,2 тонна ет15930,5 тонна сүт, 2988,5 мың дана жұмыртқаөндірілген. Аудан бойынша төрт түлік мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсім тиісінше ет 101,7 %-ға, сүт – 102,9 %-ға, жұмыртқа 2,8 есеге артқан.

 Мемлекеттік қолдаудың арқасында асыл тұқымды ірі қара 602 басқа, асыл тұқымды қой 8272 басқа, жылқы 144 басқа, түйе 380 басқа жетті. Бүгінде 5 шаруа қожалықтарда мал бордақылау алаңдары іске қосылып мал бордақылануда.

Ауданда 16 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. Қызылорда қаласындағы «Асыл Тұқым» ЖШС-мен және "Жаңақорған-Асыл түлік" ЖШС-мен келісім шартқа отырып жеке қосалқы шаруашылықтағы малдарды қолдан ұрықтандыру жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары бойынша 2409 бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бойынша 412 өтінім түсіп,  Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығы және Қызылорда облысы әкімдігінің 16 қаңтар 2018 жылғы № 1018 қаулысы басшылыққа алынып ауданның тауар өндірушілеріне 2018 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша:

-МІҚ малының селекциялық және асылдандыру жұмыстарын субсидиялау бойынша 101 340 000 теңге;

-МІҚ малының селекциялық және асылдандыру жұмыстарын субсидиялау қосымша норматив бойынша 30 354 000 теңге;

Сатып алынған асыл тұқымды өнімді субсидиялау бойынша 70 680 000  теңге;

МІҚ малының қолдан ұрықтандыру қызметін субсидиялау бойынша 15 460 000 теңге;

Қой малының селекциялық және асылдандыру жұмыстарын субсидиялау бойынша  37  502 000 теңге.

Барлығы:  255 336 000 теңге.

Техника және жанар-жағар май

2018 жылдың егін жинау науқанына 116 комбайн, 63 жатка, 330 дана трактор 51 жүк көлігі қатысты. Шиелі ауданы бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарына  2018 жылғы егін егу, егін жинау және дала жұмыстарына оператор  «РК-Мұнай» ЖШС қажетті 4670 тн жеңілдетілген жанар-жағар маймен  қамтамасыз етті.

Ауданымыздағы шаруашылық құрылымдары техника паркін жыл өткен сайын соңғы үлгідегі техникалармен жаңартуда. 2018 жылы  ауыл шаруашлығы құрылымдары лизинге  694 049 877,8 тг, өз қаржысына 324 111 648,9 тг техникалар алынды

 Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бойынша

 Шиелі ауданында  бүгінгі таңда жүргізілген насихаттау жұмыстарының арқасында 201 майдақожалықтар мен 339 дара кәсіпкерлердің бірігуімен  40 ауыл шаруашылығы  кооперативі құрылған. Оның ішінде  7 кооператив егін шаруашылығы бағытында, 7 кооператив мал шаруашылығы,  22 кооператив аралас бағытта, 1 бал арасы бағытында, 2 балық шаруашылығы  және 1-і сүт өңдеу бағытында жұмыс жасайды. Жалпы 2018 жылы ауданда 8 әр түрлі бағытта ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс жасауда.

Балық шаруашылығын дамыту мақсатында Қарғалы ауылдық округіне қарасты «Сарыкөл» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Кооператив кұрамында 31 мүшесі бар. Жеке меншігінде балық аулайтын ау,қармақтары мен 6 қайығы бар.

Жобалық құны 60 млн. теңгені құрайтын тәулігіне 400 литр түйе сүтін өңдейтін «АруАНА» шұбат цехын іске қосып, шығарған өнімдері облыс, аудан көлемінде сұранысқа ие болуына байланысты биылғы жылы 61 млн. теңге несие қаржы алып, цехтың құрал-жабдықтарын қайта құрылымдап, тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтін өңдеп қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда. 2018 жылдың мамыр айынан бастап түйе сүтінен балмұздақтың шоколадты, ванильді, құлпынайлы, “бубл гум” кілегейлі түрлері өндірілуде.

 «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

2018 жылы Шиелі ауданына қаржылық агенттің операциялық қызметіне – 34 026,0 мың теңгебөлініп, «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджеттік кредиттер» 094 бюджеттік бағдарламасы бойынша  3 607 500 теңгеден  73 маманға барлығы 262 224 000 теңге қаржы бөлініп, 2018 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында бөлінген қаржыны игеру жоспарлануда. Қазіргі таңда үстіміздегі жылдың сәуір-қазан айлары аралығында өткен комиссияның отырысында 74 маманға262 224 000 теңгеден бюджеттік кредит беру туралы шешім шығы, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Қазіргі таңда бюджеттік кредит алу үшін 305 маман кезектілікте тұр.

Сала атауы

Маман саны

Қаржысы

1.   

Білім беру саласы

36

125 979 500 теңге

2.   

Денсаулық саласы бойынша

35

125 458 500 теңге

3.   

Мәдениет саласы бойынша

4.   

АПК (ветеринар) саласы 

2

7 178 500 теңге

5.   

Спорт саласы                    

6.   

Әлеуметтік сала                

1

3 607 500 теңге

Жалпы

74

262 224 000 теңге

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top