БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі

  • Почта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, «Көкшоқы» мөлтек ауданы, Исатай Әбдікәрімов көшесі, №11.
  • Тел./факс: 8-724-32-35-5-02;
  • Электрондық пошта: E-mail:Zemkom_Shieli@mail.ru

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

erlanМеңлібеков Ерлан Талғатбекұлы Облыс әкімінің келісімімен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  15 бабының 1 тармағына сәйкес  аудан әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №1335-ө өкімімен «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы 1985 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық университетін жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, 2012 жылы 
«Тұран Астана» университетін менеджмент бакалавр мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Sport line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы маман болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор;

2012-2015 жылдары «Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі инспекторы;

2015 жылдың 27 наурызынан бастап «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді. 

         Отбасылы.

 Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер реформаларын және жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жер заңдарын, жерді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау, қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафттарды жақсарту, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру, жерді аймақтандыруды ұйымдастыру. 

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы

Басшы

35-5-63

2

Райымқұлова Ұлбосын Сарсенбекқызы

Бас маман

35-5-02

3

Сейтжанова Сырғаш Әбдімәлікқызы

Жетекші маман

35-5-02

Жалпы мәлімет

Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама: 

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР-ның  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 24 бабының 4 тармағына, ҚР Президентінің 2000 жылдың 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ереженің 32 тармағына және ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 4 қазанындағы №1022 «Мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы», 2005 жылдың 27 желтоқсанындағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулыларымен, Шиелі ауданы әкімиятының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы №1230 «Ауданның басқару құрылымы туралы» қаулысына сәйкес 2006 жылы 1 қаңтарда Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып 2006 жылдың 18 қаңтарында аудан әкімінің №760-ө өкімімен М.Дүйсебаев тағайындалды. М.Дүйсебаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты 2009 жылдың 23 қаңтарында аудан әкімінің № 320-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Е.Абдыкалыков тағайындалды.Өз өтінішіне байланысты Е.Абдыкалыков 2010 жылдың 17 ақпанынан бастап қызметтен босатылды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №764-ө өкімімен аудандық жер қатынастары бөлімінің басытығы міндетін атқару бөлімнің бас маманы Т.Әлтеновке жүктелді. 2010 жылдың 27 сәуірінен бастап аудан әкімінің №846-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Г.Құлмырза тағайындалып, 2014 жылдың 27 тамызында зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды. Аудан әкімінің 2014 жылдың 27 тамызындағы №200-ө өкімімен бөлімнің бас маманы Т.Әлтенов бөлім басшысының міндетін атқарды. 2014 жылдың 6 қазанынан бастап аудан әкімінің №275-ө өкімімен Т.Әлтенов бөлім басшысы қызметін осы уақытқа дейін атқаруда.  

Ереже

"Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Көкшоқы ықшам ауданы, И.Әбдікәрімов көшесі, № 11 индекс 120700.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: 
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “"Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақт ауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады;
      2) жер ққойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
      3) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      4) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
      5) арнайы жер қорын құру;
      6) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері: 
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
      4) бөлім мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
      5) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      6) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы

 

 Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі КММ-нің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жайлы

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 гектарды құрайды.

Ауданның жер қорының санаттар бойынша бөлінуі:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 237,9 мың га;
  • елді мекен жерлері – 61,6 мың га;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 12,9 мың га;
  • орман қорының жерi – 1 663,6 мың га;
  • су қорының жерi – 18,6 мың га;
  • босалқы жер – 1 245,2 мың га.

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі КММ-сінің қызметтік ғимараты Шиелі кентінің «Көкшоқы» мөлтек ауданы, И.Әбдікәрімов көшесі №11 мекен жайда орналасқан. Жалпы 3 қызметтік  бөлмелерден тұрады. Штаттық саны 9 қызметкер, оның ішінде басшымен қоса алғанда - 3 мемлекеттік қызметші. Қызметкерлердің нақты осы салада орташа жұмыс өтілі 3-4 жылдан кем емес.

Бөлімнің функционалдық қызметтерінің негізгілері:  1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; 9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;  11) ауданның жер балансын жасау; 12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу- болып табылады.

  1. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға алу бойынша. Бөлім тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы мақсатында 5000 -7000 гектар аралығында жер телімдері босалқы жер санатынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатына ауыстырылып, ҚР жеке және заңды тұлғаларына ҚР Жер кодексінің 48-бабының талаптары бойынша табысталып келген болатын. Өздеріңізге мәлім ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Бұл бағытта бүгінгі таңда жалпы саны 82 – лот бойынша жалпы көлемі 13 000 га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурсқа шығару мақсатында «жерге орналастыру» жоба жұмысысына бөлімге 4 080 000  тг қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың «ашық конкурс» тәсілімен 2 800 000 тг жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Үнемделген 1 280 000 тг  аудандық бюджетке кері қайтарылды. Жобамен қазан айында жерге орналастыру жұмыстары аяқталатын болса, тиісті жерге ашық конкурс жариялау көзделуде.
  2. 2019 жылы жалпы көлемі 9368,15 гектар жер телімі ауыл шаруашылығы мақсатында   өтеусіз жер пайдалану құқығымен 5 жыл мерзімге табысталды. (жайылымдық, шабындық маусымдық мал жайылымдары)  Ал кәсіпкерлік мақсатта көлемі 22,9 га құрайтын  жер телімдері, 16 321 288 теңгеге құқық түрлері сатылып, азаматтарға табысталды.  Жер учаскелеріне сауда-саттық «Атамекен» ҚР ҰКП-ның алаңында өткізіліп келеді. 2019 жылы оның көлемі 5000 гектарды құрамақ, себебі ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сай өңірлік даму жоспар жобасына да сол көлемде енгізілген.
  3. Түсім бойынша. Жер учаскелерін кадастрлық бағалық құынымен меншікке сатудан, жалдау құқығын сатудан тиісті бюджетке түсетін түсім көлемі 2019 жылға  22 млн теңге 9368,15еп жоспарлануда, дегенмен жылма жыл бұл көрсеткіш  артығымен орындалып келеді (2018 жылы жоспар 20 млн орындалуы 53 млн) нақтырақ тоқталсақ 2018 жылы 303101 коды бойынша 53 456 502  тг, 303202 коды 15 547 704 2019 жылы 303101 21 398 243 тг.303202 жалдау құқығы бойынша жыл соңына дейін орындалады.)
  4. 2017-2019 жылдарға елді мекендер шекараларын белгілеудің Жол картасының орындалу барысы

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі тапсырмасына және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен 2017 жылғы 6 наурызда бекіткен «Жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға  арналған іс шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының елді мекендерінің шекараларын белгілеу жұмыстарын жүргізудің 2017-2019 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Жол картаға сәйкес 2018 жылы Шиелі ауданы бойынша жалпы саны 33 елді мекеннің - 27 елді мекеніне тиісті жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. 3 – елді мекен бойынша мемлекеттік сатып алу процесінде тұр.

Жол картасын іске асыру мақсатында 2019 жылға ауданымызда қалып тұрған 23 елді мекеннің шекарасын анықтауға 10 000 000 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті үнемделген қаражат есебінен осы жұмыстардың барлығын мерзімінде, сапалы аяқтау көзделуде.

  

         2019 жылы Бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы.

  1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 2019 жылға 71 өтініш келіп түсіп, оның 71 толығымен мерзімдері сақтала отырып толығымен тиісті қызмет көрсетілді.
  2. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2019 жылға 10 өтініш түсіп, толықтай орындалды.
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 87 өтініш түсіп, оның 87 қанағаттандырылды.
  4. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде жалпы саны 894 өтініш келіп түсіп, оның 891 қанағаттандырылып, тиісінше 3 өтініш тиісті құжаттарды толығымен ұсынбай негізінде орындаусыз кері жолданды.
  5. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 28 өтініштер келіп түсіп, нәтижесінде 28 - де қанағаттандырылды.
  6. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскедлерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 1өтінім келіп түсіп, мерзімінде орындалды.

 2019 жылы ауыл шаруашылығы алаптарының бір түрден екінші түрге ауыстырылуы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша 8 өтінім түсіп, толығымен қанағаттандырылды. Аталған қызмет түрінен ауданымызда 2018 жылы 4000,0 гектар жер телімі «жайылымдық» алқаптан  «суармалы» егістікке ауыстырылды. Бұл өз кезегінде суармалы егістік жерлерді тиісті мақсатына сай пайдалана отырып, ауданымыздың егіс көлемінің ұлғаюына септігін тигізеді. 2019 жылы жалпы көлемі - 1000,0 гектарға жуық жер көлемін бір түрден екіншісіне ауыстыру жоспарланып отыр.

  1. Жер комиссиясысының жұмысы жайлы.

2019 жылдың мамыр айынан бері аудандық жер учаскелерін меншікке беру жөніндегі комииссия құрамы тиісті үлгіге сай қайта құрылымдалып, бекітіліп, тиісті жұмыссын жүргізіп келеді. Аптасына 1 рет жұма күні комиссия отырысы күні болып белгіленген, тиісті ережеге сай комиссия отырысы камерага түсіріліп, әлеуметтік желілерге салынуда. Аптасына комиссия қарауына 40-45 мәселе түсетінін ескерсек, комиссияға ұсынылатынын мәліметтерді ауылдық округ әкімдері мен мамандары өздері қатысып, тиісті пікірлерін білдіруде.

  1. 2019 жылы игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару.

Бөлім тарапынан 2018 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жалпы көлемі - 1171 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтса, 2019 жылға бұл көрсеткіш – 2650,0  гектарға жетіп отыр, оның ішінде егістігі 88,0 га.  

  1. 2019 жылы жеке тұрғын үй құрылысы мен өзіндік қосалқы шаруашылық жерлерін табыстау бойынша.

Бөлім тарапынан 2019 жылы елді-мекендер шегінен азаматтарға жеке тұрғын үй салу мақсатында және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жалпы 510 жер телімі табысталды. Жақаев ауылынан – 71, Бидайкөл ауылынан – 124, Алғабас ауылынан –  164, Төңкеріс ауылынан – 21, Нартай ауылынан – 44 жер телімдері табысталды. Сондай-ақ Шиелі кентінен 2007 жылдан бері арнайы жер кезегінде тұрған азаматтарға «Шұғыла-2» мөлтек аудананың тиісті инфрақұрылыммен қамтамассыз етуілне орай қазан-желтоқсан айларында жер телімдері 3 жыл мерзімге жалдау құқығы негізінде табысталатын болады.

  1. 2019 жылы РБ жүргізілетін геоботаникалық жұмыстар жайлы.

Шиелі ауданы бойынша 2019 жылы жалпы көлемі 640,2 мың га жер учаскесінде (жайылымдар мен шабындықтарда) геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданымызда бұл жұмыстар 1991 жылдан кейін жүргізілмеген. аталған схемада соңғы мәліметтердің болмауы себепті 30 жыл бұрынғы геоботаникалық зерттеулерді пайдаланылған болатын. Бүгінгі таңда Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының тікелей қолдауы негізінде ауданымызда маусым-қыркүйек айлары аралығында Ақтоған,Телікөл, Жиделіарық, Керделі, Алмалы, Бестам, Жуантөбе, Жаңатұрмыс, Тартоғай, Ботабай, Сұлутөбе, Майлытоғай, Бәйгеқұм, Қарғалы, Гигант, Иіркөл, Еңбекші, Төңкеріс және Талаптан ауылдық округтерінде геоботаникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы- Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаментінің мамандарымен жүргізілуде.Бас сарапшы геоботаник Н.К.Байсейтовтың айтуынша жоспарланған жұмыстар тиісті бекітілген графикке сай аяқталатынын, сонымен қатар облыс бойынша биыл тек қана Шиелі мен Сырдария аудандарында бұл жұмыстар жүруде. Ауданымыздың жайылымдық жерлерінің өсімдік жамылғысы, геоботаникасы туралы сапалы мәліметті жылдың соңына дейін ұсынатын болады.

  1. Президенттің суармалы жерлерді арттыру туралы тапсырмасына сай.

Қызылорда облысы бойынша жаңадан қосылатын суармалы жерлер бойынша болжанған массивтер - жер көлемі 51 313,58 гектар болып белгіленген болса, Шиелі ауданына қатысты 11 600,38 гектар жер көлемі нақтыланып белгіленген болатын. Шиелі ауданы бойынша осы жер учаскелеріне су бару көздері жалпы ұзындығы - 167,5 км каналдар арқылы                  ( 498 млн,тг қаржысы) су бару жоспарлануда.

  • Участок бойынша ( 11 600,38 га): жаңадан жоспарланған Енбекші-Телікөл суармалы жер массиві, көлемі 11600,38 га, су алу көзі: «Жаңа бестам» мемлекеттік каналы, Q-25 m3/ сек, жоспарлы егілуі: бақша, көкөніс картоп т.б. аталған аумақтар негізінен: Алмалы а/о де -88,38 га, Еңбекші а/о 9 292,0 га, Бәйгеқұм а/о 296,0 га, Төңкеріс а/о 1724,0 га, Сұлутөбе а/о 200,0 га барлығы 11 600,38 га құрайды.

Дегенмен, аталған жер көлемдерін қайта нақтылап, қосымша суармалы егістікке жарамды жерлерді анықтау бағытында жұмысшы топпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде: Ақмая, Гигант, Қарғалы, Алмалы,  Жөлек, Тартоғай, Талаптан, Қоғалы, Сұлутөбе және Еңбекші ауылдық округтерінен жалпы көлемі – 17 232,0 гектарды құрайтын суармалы егістікке жарамды жерлер анықталып, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының Шиелі аудандық бөлімшесінің мамандарымен бірге  сызбасы әзірленді. Аталған аумаққа «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының Шиелі аудандық бөлімшесінің мәліметі бойынша ұзындығы - 348 км каналды 699 25 млн,тг қаржыға қазу жұмыстары жүргізу қажет.

  • Участок бойынша (17 232,0 га): Жөлек ауылдық округінен жалпы көлемі - 1635,0 га, оның ішінде  «Қырғызбай» өңірінен - 500,0 га, «Үш молда» өңірінен - 350,0 га, су алу Сырдария өзені, су насосы арқылы.

 «Бәкірбаз» өңірінен 385,0 га, «Жуантөбе» өңірінен - 400,0 га  су алу көздері: Ботабай каналы арқылы.

  • Участок бойынша: Ортақшыл а/о бойынша - 500 га «Хауыс» өңірінен - 200,0 га, «Дәуіт» өңірінен - 300,0 га, су алу көздері Жаңа сас каналы
  • Ақмая а/о бойынша - 482 га «Бұлбұл бауы» өңірі - 83,0 га, «Көкжиде» өңірі 399,0 га суару көзі «Қамысты қақ» каналы.
  • Бидайкөл а/о бойынша «Нұржан баз» өңірінен 665,0 га, суару көзі «Қамысты қақ» каналы
  • Алмалы а/о бойынша - 700,0 га, суару көзі Л-6 каналы.
  • Бәйгеқұм а/о бойынша: - 350,0 га, суару көзі «Ханқожа» көлі
  • Талаптан а/о бойынша – 1000,0 гектар.  «Темір» өңірінен – 700,0 га, «Жыланды» өңірінен - 300,0 га,  суару көзі «Тозғанқұм» каналы, Жыландыда Л-6 -12 каналы.
  • Тартоғай «Жүніс әулие» өңірінен 550,0 га, суару «Бәйгеқұм» каналы
  • Қоғалы а/о бо»йынша барлығы Қоғалы өңірі, Маяқұм, Өлеңді өңірлерінен - 3900,0 га суару көзі «Ботабай каналы, Масабай, Маяқұм каналдары
  • Сулутобе а/о бойынша: Сұлутөбе өңірінде - 3150,0 га суару көзі «Тартоғай» каналы.
  • Қарғалы а/о бойынша: Қарғалы өңірінен - 400,0 га суару көзі «Сырдария» өзені
  • «Телікөл» Талаптан өңірі 3900 га

         Сонымен қатар 17 232,0 гектар жер учаскесінің топырақ зерттеу жұмыстарын зерделеу нәтижесінде 15 685,0 гектар жер учаскесіне 2015-2017 жылдар аралығында топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілгені анықталса, ендігі кезекте 1547,0 гектар жер учаскесіне ғана топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ол үшін 642 000 теңге қажет екендігі нақтыланып, бюджеттік өтінім беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бөлімнің басты міндеті жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Бұл бағытта да ағымдағы жылы тиісті жұмыстарды жүргізетін болады. Ауданда жалпы көлемі 96,0 гектарды құрайтын индустриялық аймақтың бүгінгі таңда 63,0 гектары табысталған, дегенмен 33,0 гектар жер теліміне тиісті инвесторлар тарту жоспарда.

Үстіміздегі жылы Бөлімге бөлінген қаражатты толығымен игеріп, тиісті межелеген жоспарларды артығымен орындауға жұмыс жасайтын боламыз.

жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

 

2019 жылдың 6 айында Шиелі аудан әкімдігімен жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

Жер учаскесін алған тұлғаның атауы

Негізі

Қаулы

Нысаналы мақсаты

Алаңы, га

Орналасқан жері

Құқық түрі

Жалға алу мерзімі

1

Абенова Жумакуль Аманжоловна

№385

10.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

3000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

2

Таубаев Мәлікаждар Омарұлы

№391

16.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

100,0 га

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, «Қарашоқы» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

3

Бақытбек Расул Талғатұлы

№395

30.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі , «Сәдір сарайы» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

4

Туғанбеков Қалмұрат Алтынбекұлы

№396

30.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

5

«Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ

№403

08.05.2019 жыл

Тұқым бағы үшін

17,0 га

Шиелі ауданы, Шиелі-Алмалы трассасы бойында

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы

6

Мұханов Сәбит Беркінбайұлы

№409

21.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1,0 га

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық  округі, Бидайкөл ауылы

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

7

Мыханов Нурхан Кемелбекулы

№411

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

300,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Қосқұдық» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

8

Мыханов Төребек Жұмабайұлы

№412

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

300,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Алма бақ» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

9

Ранов Сәрсембек Алдахиярұлы

№413

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

10

Раманқұлова Қалкүл Айдарқызы

№414

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

100,0

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Ақтам» өңірі

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2052 жылдың 20 маусымына дейін

11

«РУ-6» ЖШС

№419

21.06.2019 жыл

Уран өндіру аймақтары үшін

179,68 га

Шиелі ауданы, «Сол түстік Қарамұрын»

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2022 жылдың 15 қарашасына дейін

12

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі «2019 әскери бөлімі»РММ

№420

21.06.2019 жыл

«Шиелі» шекара комендатурасының ату алаңы үшін

350,0 га

Шиелі ауданы

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы

 

Шиелі ауданы әкімдігімен жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

2019 жыл 

Жер учаскесін алған тұлғаның атауы

Негізі

Қаулы

Нысаналы мақсаты

Алаңы, га

Орналасқан жері

Құқық түрі

Жалға алу мерзімі

1

Ранов Сәрсембек Базарбайұлы

№349

24.01.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

2

Әбдіраман Қазыхан Әділханұлы

№359

18.02.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

200,0 га

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

3

Анламасов Қыпшақбай

№360

18.02.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

150,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

4

Қасымов Мұңайтпас Ақзанұлы

№370

04.03.2019 жыл

Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін

0,15 га

Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

3 жыл

5

«РУ-6» ЖШС

№371

04.03.2019 жыл

Кен орындарынан уран өндіру аймақтары үұшін

12,45 га

Шиелі ауданында орналасқан

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

3 жыл

Видео ақпараттар

Scroll to top