Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Шиелі аудандық  құрылыс бөлімі

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Көкшоқы м/а И.Әбдікәрімов №11 тел/факс: 8 (72432) 35-5-70,  35-5-09;
  • Электрондық пошта:  sh.kurylys@korda.gov.kz

 

«Шиелі аудандық  құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

zhom

Баядилов Жомарт Мұхтарұлы 1987 жылы 13 шілдеде Ресей Федерациясы Челябі облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қаласында  СК «МетПромМонтаж» ЖШС-де әр түрлі жұмыстарды атқарушы болып бастаған. 2011-2014 жылдары СК «МетПромМонтаж» ЖШС-де шебер болып қызмет атқарған.

2014-2017 жылдары Шиелі аудындық құрылыс бөлімінің бас маманы.

2017 жылдың шілдесінен бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін   Шиелі аудандық құрылыс бөлім басшысының міндетін атқарушы. 

2017 жылдың 11 қыркүйегінен бастап аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 

Негізгі міндеттер:

  1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, ведомствалық бағыныстағы аумақта құрылыс саласында мемлекеттік саясатын жүзеген асыру, құрылыс саласында жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстарды дайындау, ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс салу жұмыстары бойынша бюджеттік бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру, белгіленген тәртіппен құрылыс-құрастыру, жобалау-сметалық және басқа да жұмыстарды мемлекеттік сатып алуы бойынша ашық конкрустар өткізу, белгіленген тәртіппен салынып жатқан объектілерді техникалық бақылау, технологиялық ілеспе жұмыстарын жүргізуге тұлғалар тарту, ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс салу жұмыстарына және басқа да объектілерінде құрылыстың жүзеге асуына жалпы бақылау орнату.
  2. Ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
  3. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

4.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Баядилов Жомарт  Мұхтарұлы

Басшы

35-5-70

2

Дихамбаев Бакрадин Кенжеғұлұлы

Бас маман

35-5-09

3

Данабеков Жанболат Турсынович

Бас маман

35-5-09

 

Ереже

«Шиелі аудандық құрылыс бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі 

1.Жалпы ережелер 

1. «Шиелі  аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

3. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілермен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті,   

И. Әбдікаримов көшесі №11.

11. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

12. Осы Ереже «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

14. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, 

құқықтары мен міндеттері

15. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.

16. Міндеттері:

1) қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге (мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыру;

2) өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстау.

17. Функциялары:

1) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру; 

2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

3) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзу;

4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;

қала құрылысы регламенттерi, сервитуттар немесе өзге де нормативтiк талаптар (шарттар, шектеулер) шегiнде меншiкке сатып алынған не иеленуге, пайдалануға берiлген жер учаскелерiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;

кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) жеке және заңды тұлғалардың «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауап беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті. 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4)  қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік саясатынан жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігімен мен оның ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының  заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Шиелі аудандық құрылыс бөлім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

26. «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджетті орындау

2017 жылға бюджеттің орындалуы 

2017 жылы Шиелі аудандық құрылыс бөлімімен құрылыс нысандарының құрылысын салуға 250 240,0 мың теңге бюджет қаржысы бөлінді. Оның ішінде:

  1. 151 218 мың теңгесі ҚР Ұлттық қорынан бюджеттен,
  2. 99 022 мың теңгесі облыстық бюджеттенқаралған.

Жалпы мәлімет

2002 жылы «Аудандық  құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» құрылып, бөлім меңгерушісі болып М.Алмасбаев тағайындалды. 2002 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына басқа қызметке ауысуына байланысты М.Алмасбаев босатылып, 2002 жылдың қазан айынан бастап бөлімнің меңгерушісі қызметіне Д.Құлахметов тағайындалды.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық қала құрылысы және құрылыс бөлімі болып қайта ұйымдастырылды.

2006 жылы 1 қаңтарынан бастап аудандық құрылыс бөлімі болып қайта ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне М.Алсериков 2006 жылдың маусым айынан бастап тағайындалды.

М.Алсериков басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім бастығы қызметіне Н.Мырзабеков 2011 жылдың 31 наурыз айынан бастап тағайындалды.

Н. Мырзабеков басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім бастығы қызметіне А.Сүйіндік 2012 жылдың 10 тамыз айынан бастап тағайындалды.

А.Сүйіндік жұмыстан шығуына байланысты бөлім басшысы қызметіне Ж.М.Баядилов
2017 жылдың 11 қыркүйегінен бастап тағайындалды.

Видео ақпараттар

Scroll to top