АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №13;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-30-70;
  • Электрондық пошта:  E-mail:shieli.kult@mail.ru 

 «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлы 1958 жылы 27 желтоқсанда Иіркөл ауылдық округі, Байсын ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1966 жылы №149 орта мектепке барып 1976 жылы бітірген. 1977-1979 жылдар аралығында совет армия қатарында болған. 1981-1987 жылдары Қазақ политехникалық институтын таукен инженері мамандығы бойынша бітірген. 

1976-1977 жылдары «Главриссовхозстройдың» тресті, №2 Шиелі автобазасында слесар болып жұмыс атқарған. 

1979-1981 жылдар Қазақстан КПОК ДӘУІР баспаханасында газет басушы болып жұмыс атқарған. 

1987-1990 жылдары Ачполиметал комбинатына қарасты Шалқия кенішінде инженер болып қызмет атқарған. 

1990-1993 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық кеңесінде аға референт, аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарған. 

1993-1996 жылдары Шалқия кен басқармасында бас инженерінің орынбасары қызметін атқарған. 

1996 жылы Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы қызметін атқарған. 

1996-1997 жылдары Шалқия кентінің әкімі қызметін атқарған. 

1997-1999 жылдары Шиелі аудан әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. 

1999-2002 жылдары ҚР әділет министрлігінің жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының Шиелі филиалы меңгерушісі қызметін атқарған. 

2002-2003 Шиелі аудан әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. 

2003-2005 жылдары Шиелі аудан әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 

2005-2008 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 

 2008-2011 жылдары Алмалы ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 

2011 -2017  Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. 

2017 жылдан бастап  «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Аудандық мәдениет және өнер мекемелері  мен кәсіпорындары жүйесінің дамуын реттеу, мәдениет пен өнер саласының  Даму бағдарламасын дайындау.

Халық шығармашылығын дамыту мақсатында дәстүрлі өнер фестивалдерін, айтыстар, байқаулар, конкурстар  мен семинар-кеңестер  тағы басқа шаралар ұйымдастырып өткізу.

Кітапханаларды кітап қорларымен толықтыруға, оларды оқырмандар назарына ұсынуға, кітапхана жұмыстарына байланысты іс-шараларды ұйымдастыру.

Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, оның орындалуын қамтамасыз ету.

Ауданаралық мәдени байланыстарды дамыту, ауданды мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шара қолдану және оларды іске асыруға көмектесу.

Ауданда халық театры мен фольклорлық ансамбльдердің шығармашылық және гастрольдік жұмыстарын жүргізуге басшылық жасау, ауданда өтетін мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру.

Аудан өнерпаздарының облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне қолдау жасап отыру.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының аясындағы жұмыстарды жүргізу. 

 ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 

 

ҚҰРЫЛЫМЫ

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1.

Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлы 

бөлім басшысы

4-30-70

2.

Отарбаева Жадыра Камалқызы

бас маман

4-17-65

3

Абусадиров Нурболат Абаевич

бас маман

4-17-65

Ереже

"Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 
      2) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Нартай өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны.
      3. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі № 3.
      10. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: 
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      16. Міндеттері:
      1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
      2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
      3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
      17. Функциялары:
      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің күрделі жөндеу жұмыстары мен күрделі шығыстары бойынша тапсырысшы болады;
      7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
      8) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
      9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; 
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
      2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды; 
      7) ведомостволық бағынысты мекеме, кәсіпорын басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республкасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілгі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының тізбесі:

      1) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейі" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Нартай өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Жалпы мәлімет

Шиелі ауданының мәдениет және өнер мекемелері жайлы анықтама

Шиелі ауданының 81 жылда жүріп өткен тарихына үңілсек, халықтың әл-ауқаты мен мәдениетінің өзіндік өлшем-өрнегімен өскенін көруге болады. Осы жылдары аудан орталығы мен елді-мекендерде аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары, кітапханалар, мұражайлар мен Қызылотау, киноқондырғылар ашылып, тұрғындарға мәдени-рухани қызмет етсе, алыс шалғайдағы малшылар мен егінші-күрішшілерге дала қостарында автоклубтар мәдени қызмет көрсетті. Бұдабай, Мәнсүр, Нартай сынды тума таланттардың қалдырған өнер мұралары бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналды.

1940 жылдардың соңында даңқты күрішші, Социалистік Еңбек Ері Ким Ман Самға берілген Мемлекеттік (сталиндік) сыйлықтың қаржысына (ол кісінің өз ұсыныс-тілегі бойынша) Ақмая (Авангард) ауылының клуб үйі соғылды. 1950 жылдары жерлесіміз, жазушы Қалмахан Әбдіқадыров Қызылқұмда малшылар ауылында Қызылотаудың негізін қалады. Аудан орталығында алғашқы темір жол клубы салынып, аудан тұрғындарына қызмет етті.

1953 жылдың 21 шілдесіндегі аудандық атқару комитетінің №325 шешімімен аудандық киноландыру бөлімі мен аудандық мәдениет бөлімдері бір бөлімге біріктіріліп, аудандық мәдениет бөлімі болып, меңгерушісі Есенбеков Жәнібек тағайындалған.

1961 жылы қазіргі аудандық мәдениет Үйінің сәнді де салтанатты зәулім үйі пайдалануға берілді. Аудан тарихында кітапхана ісінің толыққанды белең алуы сонау 1962 жылдан бастау алады. 1970 жылдары Ақтоған, Қызылдихан, Бестам ауылдық клубтары соғылып, 1980 жылдардың басында Бала би (Қазақстанның 30 жылдығы), Н.Бекежанов, Ы.Жақаев, Бидайкөл (Гигант) т.б типтік жобадағы ауылдық мәдениет үйлері ғимараттары соғылып, халықтың игілігіне берілді.

Қазіргі аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жалпы саны-26.

Клуб, кітапханасы жоқ елді-мекендерге мәдени қызмет көрсететін Кешендердің (МДК) саны - 2, Халықтық ұжымдардың саны - 7, мемлекеттік жүйедегі кітапхана саны - 32.

Сонымен қатар; «Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,

 «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,

 «Нартай өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәдени рухани қызмет көрсетеді.

«Шиелі аудандық тарихи өлкетану музейі» » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасының әділет министрлігі Қызылорда облысы әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен тіркеліп жұмы жасап келеді. 

2020 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалар

«Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту» әлеуметтік жобасы

Мемлекеттің дамуы оның тілімен тығыз байланысты тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген игі істер орындалу үстінде. Соның бір айғағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Тіл тағдырын толғану - әрбір қазақстандықтың абыройлы борышы.

Тіл туралы Заң мен Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту» бағытының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді оңтайлы үйлестіруге ықпал ететін нақтылы тетіктерді жүзеге асыру, ауданда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ету жобаның басты мақсаты болып табылады.

Жобаның өзектілігі:   

Облысымыздың тұрақты дамып отырған аймағының бірі ретінде Шиелі ауданын одан әрі дамыту үшін қажетті шарттардың бірі – мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту.

Қазіргі таңда  белгілі жағдай жастар бос уақыттарын кітап оқудан гөрі интернет желісінде отырып өткізгенді ұнатады. Сөзше шешен бабаларымыздың тұяғын сөзге сараң, өз ойын жеткізе алмайтын жастар басып келеді..

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл» — деп анық атап көрсеткендей мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл саясатын жүзеге асыру бұл өте нәзік, күштеп емес, тек шынайы ынталықпен насихаттау арқылы жүзеге асатын мәселе. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің іргесін қалауға да, қабырғасын тұрғызуға да, күмбезін көтеруге де мүмкіндік беретін жалғыз құрал. 

 

Жобаның сипаттамасы:

 

  • Мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл –достықтың тірегі» атты аудандық байқауды ұйымдастыру және өткізу
  • «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мекеме қызметкерлері арасындағы сайыс ұйымдастыру

 

Әлеуметтік жобаның атауы

 Мақсаты

Түрі

Қаржысы

(теңге)

1

«Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту»әлеуметтік жобасы

 

Ауданда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ету жобаның басты мақсаты болып табылады

Қызмет

477000

 

 

 

Барлығы

477000

 

Видео ақпараттар

Scroll to top