Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018
СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан ..." -- 08 Қаңтар 2018
ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ -- "Жалағаш ауданынан Шиелі ауданына бір топ ..." -- 08 Қаңтар 2018
Ауданда индустриялық-инновациялық 3 жоба жүзеге асырылуда -- "Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ..." -- 05 Қаңтар 2018
Саяси кеңес отырысы -- "«Нұр Отан» партия­сы Шиелі аудандық филиалы ..." -- 03 Қаңтар 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі аудандық  кәсіпкерлік, өнекәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-41-34;
  • Электрондық пошта:  E-mail:  Pred_shielі@mail.ru 

«Шиелі аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  

Сейтов Ғазиз  03.06.1965жыл Шиелі қыстағы №21 бекетте дүниеге келген

23.08.1983 жылы №1 балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы.

1983-1985 жылдар аралығында Совет армиясы қатарында «Старшина» шенінде қызмет етілген.

10.06.1993 ж Шиелі кенті Аудандық туризм және спорт басқармасының І дәрежелі маман болып ауыстырылды.

20.12,1997 ж Шиелі кенті «көк шоқы» тұрғын үй коммуналъдық бөлімінің бастығы.

01.02.2001 ж Түркістан қаласы, облыстық команда олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің арнаулы спорт мектебінің бас жаттықтырушысы.

25.12.2003ж Қызылорда қаласында «Пойски нефте  газа» ЖШС-ның жумысшысы, техника қауіпсіздігін сақтау инженері және бөлім бастығы.

01.04 .2007 ж Шиелі кентінде «joint  Drillling» ЖШС еңбек бөлімінің бастығы және мекеме басшысының бірінші  орынбасары.

03.11.2009-18.02.2011 Шиелі ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

18.02.2011ж-22.09.2011 Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.

22.09.2011 Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі. 21 бекет №243 негізгі орталау мектебінде мектеп директоры.

19.09.2014ж- 07.12.2016 ж  Қарғалы ауылдық округі әкімі

07.12.2016 жылдан бастап  «Шиелі аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінде

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 өкіміне сәйкес 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыруда қабылданған шаралар жөнінде аудан әкіміне мәлімет дайындау.

3. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

4. Облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттердің мақсатты жұмсалуына бақылау жасау және кәсіпкерлікті жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізу, кәсіпкерлер даярлау мен кәсіпкерлер арасында дөңгелек столдар өткізудің ұйымдастырылуын қадағалау және бақылау.

5. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ауызша және жазбаша арыз-шағымдармен жұмыс жасау.

6. Қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар қабылдау, бөлімнің жұмыс жоспарын және іс-шараларын бекіту.

7. Бөлімнің жұмысына басшылық жасап, ұйымдастыру.  

Құрылымы 

Аты-жөні Қызметі Жұмыс телефоны
1 Сейтов Ғазиз  Басшы 4-41-34
2 Исмаилова Ұлдана Төлегенқызы Бас маман 4-38-80
3 Ерназаров Азамат Рахатович Жетекші маман 4-38-80

Ереже

"Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, туризм мен сауда қызметi салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Шиелі ауданының әкiмдiгi болып табылады.
      3. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентi, Т.Рысқұлов көшесi, № 6 А.
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi: 
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді.
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс.
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлермен "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiм" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауданда кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм салаларын дамыту жөнiндегi саясатты жүргiзу.
      15. Мiндеттерi:
      1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру қамтамасыз ету;
      3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының, қызметiн үйлестiру;
      4) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      5) ауданда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасын және оны iске асырудың iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау.
      6) заңнамамен жүктелген басқа да мiндеттердi орындау. 
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсiпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      5) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      7) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк емес тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және үйлестiрудi жүзеге асыру;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туризмдi дамыту туралы ақпарат жинақтап, талдап және оны Қызылорда облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасына ұсыну;
      11) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      13) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсету;
      14) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
      15) аудандағы туристiк маршруттар мен соқпақтардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
      19) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолданған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      20. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiлiгi:
      1) қызметкерлер арасында қызметтiк мiндеттердi және олардың жауапкершiлiк дәрежесiн үйлестiредi және бекiтедi;
      2) қызметкерлердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) заңда белгiленген тәртiппен қызметкерлердi көтермелеу және тәртiптiк жаза белгiлеу мәселелерiн шешедi; 
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
      5) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      6) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi; 
      8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды;
      9) гендерлiк теңдiк стратегиясын жүзеге асырады.
      10) заңнамаларға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      11) "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, заңды тұлға мен жергiлiктi атқарушы органның, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 
      25. Шиелі ауданының әкiмдiгi "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асырады. 
      "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Шиелі ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шиелі аудандық кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

«Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» жайлы жалпы мәлімет

 

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі  2006 жылы 1 қаңтарда  құрылған. 2013 жылдың 
5 шілдедегі аудан әкімдігінің №212 қаулысымен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік өнекәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімиятының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы «ауданның басқару құрылымы туралы» №1230 қаулысына сәйкес «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» кәсіпкерлік саласындағы функциялары қоса беріле отырып 2006 жылы 1 қаңтарынан бастап «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» болып қайта ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне М.Әлиев 2006 жылдың қаңтар айынан бастап тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3,8 тармақтарын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 12 бабының  2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылдың 22 тамыздағы №228-ө өкіміне байланысты Мақұлбеков Нұржан Әбділдаұлы  2008 жылдың 22 тамызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 12 бабының  2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2013 жылдың 20 наурыздағы №51-ө өкіміне байланысты Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы  2013 жылдың 20 наурызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 24 бабының  4 тармағына, Қазақстан Республикасының  Президентінің 2013 жылдың 22 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығының 41 тармағына, Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №212 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық саны туралы және басқару құрылымындағы өзгерістер енгізу туралы» Қаулысына сәйкес Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы «Шиелі аудандық, кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 13 бабының  3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес және аудан әкімінің 2014 жылдың 14 шілдедегі №98-ө өкіміне байланысты Ергешбаева Амир Байхожаевич  2014 жылдың 14 шілдесінен бастап аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып уақытша тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының  13 бабының
3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелеріне дейін аудан әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 401-ө өкімімен Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы  әкімдігінің белгілі құзырлық шегінде Шиелі ауданы бойынша әлеуметтік, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті, дамыту мақсатында  аудандық   бағдарламалардың дайындалуын  және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк  жүйелері, лизингілік  орталықтар, кіші инновациялық іс-қимылдар  орталығы және тағы   басқа обьектілердің  құрылуы  жөнінде  іс-шараларды дайындайды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

Видео ақпараттар

Scroll to top