АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

 «Шиелі аудандық  қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі, №69/1;
  • Тел/факс:8 (72432)4-12-13,  4-28-58, 4-35-79 4-16-12  4-28-52;
  • Электрондық пошта:  E-mail:shieli_fin@mail.ru

 

 «Шиелі аудандық  қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

agybayТөлегенов Ағыбай Рүстемұлы 1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі кентінде туылған. Ұлтты қазақ. 1998 жылы Шиелі кентіндегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1998 жылы Қызылорда “Сейхұн” институтына түсіп, 2002 жылы Қызылорда “Сейхұн” Академиясын экономист-финансист мамандығын толық бітіріп шыққан. 2002-2003 жылдары Астана қаласының №5570 әскери бөлімінде әскери борышын борышын өтеген. 2005- 2007 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде нұсқаушы болып бастаған.

2006-2007 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман.

2007-2013 жылдары осы бөлімде бас маман – бас есепші.

2013 жылдың 2 тамызынан аудан әкімінің №247-Ө өкімімен Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысының қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызмет жасап келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына басшылық жасау, қаржы мен мемлекеттік коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау, аудан бюджетінің атқарылуын іске асыру және талдау жасау, аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебін заңдылықпен белгіленген мерзімде уәкілетті органдарға тапсыру, түсімдер мен қаржыландарудың жиынтық жоспарын, міндеттемелері мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекіту мен өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, олардың ведомствалық бағыныстағы міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру, өз құзіретінің шегінде коммуналдық меншікке иелік жасау, пайдалану, билік ету, жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасын аударуға және акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерде дивидентерді есептеудің дұрыстығына, олардың аудандық бюджетке уақытылы аударылуына мониторинг жасау. Коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі есебін жинау, және мониторингін жүргізу.

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы

Аты-жөні Қызметі Жұмыс телефоны
1 Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы Басшы 4-12-13
2 Казиева Ильмира Есенжоловна Сектор меңгерушісі 4-28-58
3 Мейірбек Жолдасбеков Бас маман-бас есепші 4-35-79
4 Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы Бас маман 4-16-12
5 Мәмбетова Сабира Бас маман 4-16-12

Ереже

"Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. 1. Жалпы ережелер

          1. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылу есебі және бюджеттік есебі, коммуналдық меншікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
          2. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
          3. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
          4. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар ҚР елтаңбалы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
          5. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
          6. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
          7. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
          8. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
          9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі №69/1.
          10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 
          11. Осы Ереже "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
          12. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
          13. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
          Егер "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

          14. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан бюджетiнiң атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншiгiн басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызмет болып табылады.
          15. Міндеттері:
          1) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
          2) аудан бюджетiн қалыптастыру және оның атқару процесiн жетiлдiру;
          3) аудан көлемiндегi коммуналдық меншiктi басқару, мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзу және есебiн алу.
          16. Функциялары:
          1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
          2) аудан бюджетiнiң атқарылуына талдау жасау, аудан бюджетi жобасының негiзгi көрсеткiштерiн анықтау;
          3) салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
          4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
          5) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау;
          6) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзу;
          7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалға (жалдауға), сенiмгерлiк басқаруға беру;
          8) аудандық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
          9) ауданның жергiлiктi атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
          10) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
          11) аудандық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау;
          12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдау;
          13) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастыру;
          14) сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асыру;
          15) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асыру, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу - сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
          16) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
          17) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
          17. Құқықтары мен міндеттері:
          1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
          құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
          қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
          2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
          жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
          заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
          қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
          қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

    3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

          18. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
          19. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
          20. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттілігі:
          1) бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi;
          2) өз құзыреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
          3) бөлім актілеріне қол қояды;
          4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
          5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
          6) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады; 
          7) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;
          8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. 
          "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

          21. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
          "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
          22. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
          23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

          24. "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Аудандық қаржы бөлімі жайлы жалпы мәлімет

       Шиелі аудандық қаржы бөлімінің тарихы 1928 жылдан басталды Аудандық қаржы бөлімі  1928 жылы құрылған.

       Ұлы Отан соғысынан кейін Мәлік Қаюпов, 1968-1973 жылдары Мінуар Зекеев, 1973-1978 жылдары Константин Пак, 1978-1998 жылдары Райымбек Нұртазаев, 1998-2006 жылдары Дүйсенов Еламан аудандық қаржы бөлімін басқарды, Тұңғышбай Жетпісбай 2006-2013 жылдары басқарды  және қазіргі таңда 2013 жылдың тамыз айынан бері Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы басқарып келеді.

       Сонымен қатар қаржы бөлімінің  нығаюына ауданымыздың абзал азаматтары Н.Қалеекев, Ш.Сүгірәлиев, М.Сыздықов, А.Гельм, Т.Курьерова, Б.Шамшиева және басқа да көптеген азаматтар үлесін қосқан.

     Алғашқы еңбек жолдарын  аудандық қаржы бөлімінен бастап, қазір шаруашылықтың түрлі салаларында қызметте жүрген Д.Бабашев, Т.Тұматаев, Т.Шығанбаев, С.Ким, А.Ким, Н.Ким, Е,Паришкуро, Ә.Рахметов, М.Шохановтардың есімін мақтанышпен айтуға болады.

     Қазіргі қоғам, жоғары кәсіптілік, біліктілікті ғана емес сонымен қатар жауапкершілік сезімді, саналы орындаушы кадрларды қажет етеді.

      Дәл осы тұрғыдан көрініп жүрген аудандық қаржы бөлімінің бүгінгі қызметкерлері И.Қазиева, А.Төлегенов, Г.Нақыпова,  Ә.Нұртаев, М.Жолдасбеков сияқты мамандар жемісті еңбек етіп жүр.   

Видео ақпараттар

Scroll to top