Зейнетақы жүйесіндегі жаңа ... -- "Бірыңғай жинақтаушы ..." -- 16 Тамыз 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының ..." -- 10 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "Қазақстан Республикасы ..." -- 08 Тамыз 2017
Елбасы Түркия Президентімен телефон ... -- "Қазақстан Президенті ..." -- 08 Тамыз 2017
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау ... -- "Бүгін ҚР Премьер-Министрі ..." -- 08 Тамыз 2017
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына 7 айда ... -- "Мемлекет басшысы ..." -- 08 Тамыз 2017
ТЖК жазғы шомылу маусымында ... -- "ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның ..." -- 08 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "2017 жылға мектеп бітірген ..." -- 08 Тамыз 2017
"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта ... -- "Ресейдің "Яндекс.Деньги" ..." -- 17 Маусым 2017
Головкиннің көршісі боксшының ... -- "Жақында Қарағандыда ..." -- 17 Маусым 2017

Шиелі ауданы

Шиелі ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3426915 га.

Шиелі ауданы-ежелгі  Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа  белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан  бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі  болған атақты «Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке –Қызылқұм.

ХХ ғасыр әлемдік дамуда небір  ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының  куәсі болды.

ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге  халық санасының  оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы  поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы  нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты  Сыр жігерлерін (сексеуіл)  жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек  өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының  бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.

1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс  тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде  де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.

Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен  елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 
14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті  шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 41  Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама  
1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған  жас Жақаевшылар  қозғалысына  ұласты.

Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді.  2000  жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі  Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев,  Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы  тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.

         Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.

         Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 79477 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 31539 адам, ауылдық елді – мекендерде 46661 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 
96 пайызы қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,1 пайызын кәріс ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа  ұлт өкілдері құрайды.

         Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.

         Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Салтанат сарайы», 
6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 
2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 
2 музей мәдени қызмет етуде.

         Ауданда 41 мектеп (оның 33 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 21 типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 29 мектепке дейінгі мекеме (16-мемлекеттік комуналды қазыналық кәсіпорын, 1-мемлекеттік мекеме, 1-Қазатомөнеркәсіп-Демеуге қарасты ведмоствалық, 12-жеке), 3 мектептен тыс мекеме (Кешкі мектеп, әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.   

         Ауданда 2 саяси партия өкілдіктері, 13 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары,12 қоғамдық бірлестіктері, 26 мешіт  және  1 дәстүрлі емес діни бірлестіктер бар.

         Тұңғиық тарихында жеті әулие мәңгілік мекен тапқан киелі Шиелі жерінде әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерімен қатар өзінің ел қадірлеген азаматтарын, өрісті өткенін жас ұрпақ жадына сіңіру жолында мәдени шаралар өткізіліп, келелі істер жүзеге асып келеді.

Атап айтсақ 2009 жылдың 16-17 қазанында Шиелі ауданының 
80 жылдық, ақын-драматург Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдық және ақын Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Мерей тойдан шашу ретінде 4 жеңіл автокөлік мәдени - спорттық бәйге жеңімпаздарына табыс етілді.

2010 жыл 9-10 қазан күндері Шиелі жерінде аса көрнекті саяси ірі тұлға, түркі халықтарының көсемі жерлесіміз М.Шоқайдың және Қазақстанның халық ақыны, әнші, композитор, Н.Бекежановтың 
120 жылдығына, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері М.Қаратаевтың 100 жылдығына, Социалистік Еңбек Ері Ш.Қазанбаеваның 
90 жасқа толуына орай «Ардақтаған азаматын, Шиелі, неткен ғажап атың!» атты мерейтой өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Социалистік Еңбек Ері Ш.Қазанбаеваға 
 90 жас мерейтойына орай жеңіл автокөлік сыйға тапсырылды.

2011 жылы 4-5 қараша күндері «Алтын күз – 2011» мерекесі мен Даңғайыр диқан, дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 120 жылдығына орай «Жамағат жадындағы Жақаев» атты мерейтой өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2012 жылы «Алтын күз-2012» мерекесі аясында «Сыр сүлейі - Бұдабай» атты Бұдабай Қабылұлының 170 жылдығы мерейтойы өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2012 жыл 30 қараша күні Тұңғыш президент күні аясында «Ел іргесі қашанда Елбасымен еңселі» атты салтанатты жиын, «Жырласа жастар Шиеліде, Тәуелсіздікті жырласын!» атты аймақтық ақындар айтысы өткізілді.

 2013 жылы  12-13 қазан күндері «Алтын күз - 2013» мерекесі мен ақын, сазгер, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерей тойы өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аудан басшылары

1928 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шушанян Говор Агенесович

1929 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы – Федосов

1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Коморов Ефим

1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Кенжеғараев Әбен

1941-1945 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Жүгрәлин Ғиззат

1945-1948 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Иманқұлов Иса

1948-1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Қаракөзов Көмекбай

1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Нұржанов Алпысбай

1952-1954 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әлжанов Әмзе

1954-1957 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Оспанов Сейдолла

1957-1962 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбдікәрімов Исатай

1962-1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Сопбеков Байбол

1964-1970 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Мұхамеджанов Ғафур

1970-1983 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Бәйімбетов Орынбасар

1983-1987 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шаухаманов Сейілбек

1987-1989 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбенов Абдолла

1989-1992 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Ахметжанов Машарап

1992-1994 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ердешбаев Жолдасбек

1994-1995 жылы Шиелі ауданының әкімі - Әбибуллаев Ибрагим

1995-2000 жылы Шиелі ауданының әкімі - Тұрабаев Жарылқасын

2000-2001 жылы Шиелі ауданының әкімі - Жүсіп Серік

2001-2008 жылы Шиелі ауданының әкімі - Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы

2008-2013 жылы Шиелі ауданының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы

2013-2014 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы

2014 жылдың мамыр айынан Шиелі ауданының әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы

Сауал

Коммуналдық мекемелер қызметіне көңіліңіз тола ма?
 
Ия 
 
Жоқ
 
Жауап беруге қиналамын
 
Scroll to top