Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

  • Пошталық мекен-жайы: 120711, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы,  Бұланбай бауы ауылы,
  • Қ.Әбдіқадыров көшесі №1
  • Тел: 8 (72432) 5-00-30

«Қарғалы ауылыдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекттік мекемесінің әкімі

birlikРайымбеков Бірлік Уалишерұлы 1964 жылы, 16 шілдеде, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында өмірге келген.

1971 жылы он жылдық білім алып, 1981 жылы бітірген.01.07.1981 жылы Қарғалы ауылында өндіріс бригадасында есепші болып, 08.05.1983 жылы жұмыстан шығып. 21.06.1983 жылы армия қатарында болып, 25.06.1985 жылы бітіріп келіп. 02.10.1985 жылы Қарғалы ауылында өндіріс бригадасында есепші болып, 24.08.1987 жылы жұмыстан шығып, 1987 жылы Қызылорда политехникумының техник-механик мамандығын 1990 жылы бітірген. 03.08.1996 жылы Қарғалы ауылында бас инженер-механик болып 23.07.1996 жылы жұмыстан шығып, 01.08.1996 жылы «Талап» өндіріс кооперативінде трактор механигі болып жұмыс атқарып,09.08.2002 жылы жұмыстан шығып 13.05.2005 жылы «РенВагон» АҚ жұмысқа орналасып 01.11.2007  жылы жұмыстан шығып 23.06.2008 жылы «Шиелі Қорған КазАтомПром» қаруланған күзет бөлімінің ауысым басшысы болып 24.01.2017 жылы жұмыстан шығып, 24.01.2017 жылдан осы күнге дейін Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарады. 2013 жылдан 2016 жылдар аралығында «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институтының Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасмалдарды ұйымдастыру мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры мамандығын бітірдім.

Отбасылы 2 қыз, 3 ұлы бар.

 Негізгі міндеттері:

Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі аппаратынан, аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады. Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады. Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.  Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі. 

Қарғалы ауылдық округі әкімі жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағат 15-00 ден 19-00 дейін қабылдайды.

Ереже

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ережесі 

1.    Жалпы ережелер 

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар 

 1) «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы» ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемеұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
                5. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелерібойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарғалы ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
                9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:индекс 120711, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылы, Қ.Әбдіқадыров көшесі № 1.

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  2. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Коммуналдық мемлекеттік  мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы  өзара қарым- қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

2.    Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзу.
  2. Негізгі міндеттері:
                1) мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу.

            2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

            3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру

17.Функциялары:

            1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
            2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

            7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
            8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

             9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
            10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

            11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
            12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17-1.  ведомстволардың функциялары:

 «Қарғалы» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнының функциялары:

1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақта, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсау кесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

3)  ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

5) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.       

  1. Құқықтары мен міндеттері:

            1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

            2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

           3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

            4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

            7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3.    Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
          21. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  3. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі;     
  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;              

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

        3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

            5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

            6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

            9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

            10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

            11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

            12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

            14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

            15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

            16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

            17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

            18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

            19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

            20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

            21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

            22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады.

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

            25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

            26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

            27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

         28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;                                                         

          30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

            31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

            32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

            34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

            35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

            36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

            37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

            39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

            41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

            42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

            43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

            44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

            45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Қарғалы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

            46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  2. Мемлекеттік органның мүлкі
  3. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік   

(ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүліккоммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жәнетарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Жалпы мәлімет

Қарғалы ауылдық округінің орталығы, Шиелі кентінен оңтүстікке қарай 45 км жерде, Қызылқұм құмының қиыр солтүстігінде  орналасқан. Ауыл 1974 жылға дейін Қарғалы деп аталған. 1973-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қарғалы» кеңшарының орталығы болған. Бұланбай бауы 1974 ж құрылған адам атымен аталған және Бұланбай бауы бақшасы болған содан бері Бұланбай бауы болып аталып кеткен. Дарияның оң жақ бетінде жидесі көп болғандықтан жиденің басына қарғасы көп қонақтап көп отыратын содан Қарғалы болып аталып кеткен. Жалтыр су құбыры мен Батырбек су құбыры ілгеріректе артизан су құбыры болған, су құбыры құмның арасынан 650 м тереңдікте орналасқан. Су құбырынан шыққан ыстық су емдік су ретінде халық қолдануда. Қазіргі таңда қоян, елік, қарақұйрық, жабайы шошқа, қырғауыл осы жақтан жабайы аңдары болып есептелінеді. Құмда құмның балығы (шортан) мақұлық өмір сүреді, ол адамның ағзасына ем болады делінген.

            1974-1975 ж.ж ауылдық кеңес төрағасы болып Аманжолов Сейілбек,

         1976-1989 ж.ж Ахетов Қани,

         1990-1993 ж.ж Нәлібаев Есенжол ,

         Ауыл әкімі Әбдіқадыров Еркін 1994-2000 ж.ж

         Мүліков Серік 2001-2004 ж.ж

         Мұсаев Биман 2005 ж.ж

         Бимбетов Зәкім 2006-2009.04 ж.ж

         Ишанқұлов Мақсұтхан 2009.04-2010.02 ж.ж

         Сейтов Ғазиз 2010.02.20- 20.02.2011 ж.ж

         Жақсылықұлы Бағдат 21.02.2011ж-15.08.2014ж

Сейтов Ғазиз 19.09.2014ж. – 07.12.2016ж

Райымбеков Бірлік – 24.01.2017ж

Видео ақпараттар

Scroll to top