Құрметті Әшім Оразбек-ұлы! 22.01.2019ж сіз Бидайкөл ауылында есеп беру жиналысын өткізгенде,ауыл әкіміне ауылдағы спорт алаңының (газон) қай мекеменің балансында екенін бір аптаның көлемінде шешіп,жаңа болса да неліктен іске жарамсыз болып қалғанын тексеріп,дұрыстауды бүкіл ауыл тұрғындарының алдында тапсырған болатынсыз!Содан бері баяғы жартас,сол жартас!Ауыл тұрғындары,әсіресе спортпен айналысқысы келетін жастар,ауыл әкімінен осы мәселе бойынша бірнеше рет сұрап,ол кісі тарапынан мардымды жауап болмағасын сізге жүгінуді менен сұрағасын, осы сүрақты сізге жазып отырмын.Аудан депутаттары сайлап,өзіңіз ауыл тұрғындарына таныстырып креслосына отырғызып кеткен Айтбай мырза сізге бағынбай ма? Әлде сіздің ОЛ КІСІГЕ берген тапсырмаңыздың орындалмауына басқа да СЕБЕПТЕР бар ма??? Құрметпен! "Ақиқат Ауылы" Қоғамдық Бірлестігінің жетекшісі: Д Күнтуаров
Ассалаумағалейкум Әшім Оразбекұлы.Менің сізге қояр сауалым осы Шиелі ауданында жағдай төмен ботбасыларға жәнеде көп балалы отбасыларға Шиелі ауданының еріктілері болып көмек бергелі жатырқ барлығы жастар егерде Алла ісімізге береке беріп болып жатса Шиеліден кішігірім қайырымдылық қорын ашуға ниет етіп отырқ сіздерден қандай көмек болады. Сіздің өзіңізге жеке жолыға аламба.
Қайырлы күн! Құрметті әкім менің сұрағым Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы №159 орта мектебінің білім көрсеткіші бойынша болмақ! 2014-2019 жылдар аралығында осы мектептің білім сапасы аудандық деңгейде қандай (мысалға: 35 мектептің арасында 2015 жылы 5 орын, 2016 жылы 10 орында дегендей) болды? Нартырақ айтар болсам 2014-2015 жылы мектеп бітіруші түлектер саны осынша, оның ішінде ұлттық тестілеуге қатысқаны осынша. Сонымен қатар, осы жылдары облыстық немесе республикалық деңгейде олимпиядаға қанша оқушы қатысты? Жүлделі орын алғаны қанша? Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша әр оқу жылына бөліп нақты жауап жолдауыңызды өтінемін!
Жөлек ауылының әкімінің жұмысын нөлге бағалаймыз. Себебі Абызбаевтармен сыбайласып тамыр тергізіп отыр. Өзінің үлкен көлігінде беріп қойған әкім. Ақша тапсфн деп. Менәң телефоныма хабарласыныздар. Ауыл жастары наразы. Кетсін. Әкім
Құрметті Əшім Оразбекұлы. Жөлек ауылы əкімң Б.Сахов келгелі ауылға ешнəрсе істеген жоқ. Ауылды көпір бұзылып сиырлар суға кетіп жатыр. Əкімге айтсак істемейді. Акша жинап қойды. Əкім не істейді.
Шиелі ауданы әкімі Ә. Оразбекұлы! Жуантөбе ауылындағы мектепке басшы қашан келеді. Уәлиханова Элизавета міндетін атқарушы болып жүре бере ме? Және де 5-6 оқушымен мектеп жұмыс істей беруге бола ма? Ертең құспаймыз ба? Мектепті басқаратын осы мектептің мұғалімі Мырзахметова Гүлмира сияқты сауатты басшы керек. Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін.
Құрметті Әшім Оразбекұлы менің сізге қояр сұрағым Ауданымызға жаңадан аурухана соғылып жатыр. Біз оған қуаныштымыз,ауданымыздың тұрғындары ем алып жазылып кетуіне тілектеспіз. Бірақ бұл аурухана соғылғалы бері біздің көшемен ауыр техникалары (трактор, камаздар, крандар) жүріп, жұмыс жасады. Біздің көшеміз бұндай ауыр техникалармен жүруге есептелінбеген. Сол себепті көшеміз қазіргі таңда жарамсыз күйге түсті. Бұл көшені кім жөндейді, әкімшілік пе әлде СПМ Қызылорда мекемесі ма? Осыған жауап беруіңізді өтінеміз.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлына Жахаев аулының зейнеткер тұрғыны Шиелі ауданының Құрметті азаматы Жақай Ыбырайұлы Сейтбектен Арыз Құрметті Әшім Оразбекұлы арызды жазуым, мына болып жатқан жағдайларға байланысты қолыма қалам алуға тура келді.2019 жылғы 12 қыркүйектегі Тәжібаев ауылының тұрғыны Қ.Омарованың іс әрекетіне байланысты. Білім бөлімінің басшыларына байланысты . ЖШС «Бейбарыс» жеке бала-бақшасының директоры Бейбарыс Байділдаев менің немерем, Жахаева Бақыт менің қызым, Аудандық білім бөлімінде бас есепші болып қазір 1жылдан асты, жұмысқа барып кайтып жургеніне. Білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов өз қызметін істеуге мүмкіндік бермей отыр. Б.Сейілхановтың айтуынша Аудан әкімінің әрекеті деп отыр.Осы қызымның жағдайын айтып Әшім Оразбекұлы өзіне ескерткенімде 2019 жылдың 3 қаңтарымен бұйрық беріліп өз қызметінде деп айтқанын жалған болып шықты. Ауданда осы бір қызым жұмыс істеп жүр ғой деп қуанып жур едим оғанда, қазіргі уақытта устінен арыз жазып,арыз уйымдастырып тыныштық бермеуде. Енді немереме шықты арыз уйымдастыруға. ЖШС «Бейбарыс» жеке бала-бақшасы директоры менің немерем Бейбарыс,Тәжібаев ауылынан аукцион тәсілімен жер алып жеке балабақша құрылысын бастап,өз қаражаты есебінен тұрғызып сол ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамассыз етіп отыр. Екі топты балдарға жағдай жасап балдарды тегін автокөлікпен қамтамассыз етіп отыр. Қол жайып Ыбырай Жахаевтың шөбересімін деп қаржы сұраған жоқ ешкімнен. Сол ауылдан бала бақшаға мені жұмысқа ал деп келген Қ.Омаровға да қол үшін беріп жұмысқа алған. Тәжібаев ауылының тұрғыны Қ.Омарованың жазылған арызында атасы үлкен КСРО ардагері болған сол үшін мемлекет мәңгілікке ол кісінің ұрпақтарына қарыз көрінеді . деп жазылған КСРО ардагері Екі мәрте Социалисттік еңбек ері дүние жүзілік рекорд жасаған сыр елінің ақ күрішінің атасы Ыбырай Жахаев букіл әлемге белгілі даңғайыр күрішші менің әкем. Шиелі ауданы әкімі ретінде Әшім Оразбекұлы басшылық жасап отырсыз, сол фейсбукка салынған арызды көріп отырсыз,ешқашан Ыбырай Жахаев әкемнің атын жамылып баласы болып өзім, балдарым, қыздарым, немерелерім Жахаевтың ұрпақтарымыз деп өкіметтен еш нәрсе сұраған емеспіз. Букіл әлемге белгілі кісіні өмірден өтіп кеткен кісіні мазақ қылуға шықты ма? Қазір 15 күннің көлемі болды осы жағдайды біле отыра, Аудан әкімі ретінде неге қолға алмайсыз. Әлде менің әкем елдің мазағына айналу керек па? Сол фейсбукка салынған арыз түсу бойынша Білім бөлімі арнайы жұмысшы топ құрамыз тексереміз деп жауап жазады. Өз күшімен тұрғызған ғимаратты жеке бала бақшасын тексеру жүргізетін болса, осылай жеке жұмысына кедергі келтіретін болса, Мен бұл жағдайды бұлай қалдырмаймын. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев мырзаға тікелей шығамын. Менде Әкемді,балдарымды ,немерелерімді мазақ еткізіп қоймаймын. Арыз иесі Жақай. Сейтбек Ыбырайұлы 26 қыркүйек 2019 жыл
Құрметті Әшім Оразбекұлы! Тартоғай ауылдық округі,Кірпіш зауыт ауылын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ауыз су ұңғымасының насосы істен шығып су басқа ұңғымалардан тасымалданған болатын.17 қазан күні Кірпіш зауыт ауылының тұрғындары барлығы 45 отбасы ауыз сумен толықтай қамтамасыз етіліп, ауыз су ұңғымасы қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Судың сапасы жақсы. Сізге осы мәселені назарыңызға алып, оң шешілуіне ықпал жасағаныңыз үшін Тартоғай ауылдық округі,Кірпіш зауыт ауылының тұрғындары атынан алғыс айтамын.