Ассалаумагаликум.сизге сурагым грп-23 поселкасына кашан асфальт тоселеди?Тауелсиздик алгалы асфальт тоселмегенин ескерерсиздер.канша марте жаздык, айтылды, алдынгы акимдерге, ешкандай натиже жок.айткан жауаптары акша жок,халыктын акшасы кайда толеп жаткан салыкка?неге сол акшасына салып бермеске.
Құрметті аудан әкімі Әшім Оразбекұлы,ауданға сіз келгенде әділдікті сүйетін,ақ пен қараны ажырата алатын азамат келді ғой деп қуанғанымыз рас.Сондықтан өз ойымызды бірінші сізге айтайық алдынан өтейік деп сізге айтқалы отырмыз.Біз яғни 219 аудандағы іргелі мектеп әбден ауызбіршіліктен қалып тоз-тозы шыққан мектеп болдық.Осыдан 2 жыл бұрын әкімнің тапсырмасымен Алмасбек ағай Жанадилова Жанеркені біздің мектепке отырғызғанда қарсы шығуға көргенсіз мектеп екен деп айтып кетеді ғой деп іш пыстанымыз ішімізде үндемей қала бердік.Қазір мектепте ешқандай ауызбіршілік,ұйымшылдық қалмады.Басшы болып келе сала мектептің бағдарлы оқу ісінің орынбасары тәжірибелі маман,іскер мұғалім Айсауова Ақманатты еш себепсіз жұмыстан шығарудан бастады.Оны 3 рет жұмыстан шығарып соттың шешімімен 3 рет қайта орнына келді.Облыстық білім департаментінің шешімімен ісі ауданда қаралсын деген шешім шықсада аудан әкімі ағасы Сәрсенбаевтың арқасында ойына келгенін істеп жүрді.Айсауовамен кім сөлессе,кім кабинетіне барса сол адам оның жауы болды.Мектептің білім сапасын көтеру емес бар жұмысы Айсауованы басқан ізін аңду болды.Мектепке оқу завучын ішімізден сайлайық деп алдына кіріп қанша өтініш айтсақта сырттан әкеліп оны бізге қарсы қойып абалатып үргізіп қойды.Әлеуметтік завучты да коллективтің талқысына салмай өзінің көршісі,жан досы мектепке бір күн келіп үш күн келмейтін Батишева Рыскүлді қойып қойды.Мектептегі білімді,тәжірибелі мұғалімдерді мұғалім деп қарамайды.Бар білгені тек айқай,баратын жерлеріңе барыңдар құдайларыңды әкеліңдер бар сөзі.Мұғалімге оң көзбен қарайды,құқын қорғайды деген кәсіподақ мүшесін өзінің сіңілісі Есқараева Күлбиді сайлағанда балақтағы бит басқа шапқан заман болды дедік те қойдық.Алдына кіріп неге коллективтің талқысына салмайсыз ұжым қайда дегенімізде тілдерің шығайын деген екен бұрынғы директорға ауыздарыңды аша алмайтын едіңдер деп қуып тықты.Ал енді сізге келесі сорақы тірлікті айтсақ таң қалмаңыз.Мектеп завучтығына білімді еңбек өтілі бар,жан-жақты адам сайлана ма жоқ әлде бұл орынныңда сыйы кетті ма.Бағдарлы оқу ісінің орынбасары дипломды интернет арқылы сырттан сатып алған,ешқандай тәжірибесі жоқ,жаман жүріспен аты шыққан өзінің оң қолы,жан подрушкасы Қасымбекова Зухра болды дегенде төбе шашымыз тік тұрды.Қасымбекова Зухра қыркүйек айында күйеуінен ажырап мектептен басқа жаққа көшіп кеткен,ол жаққа сыймай қайтып келгесін беретін сағат жоқ деген сылтаумен қойып отыр.Сонда мектептегі іскер мамандар қайда,оларды неге көзіне ілмейді,бізді қойғанда оқушыларға қарайтын бетіміз жоқ.Мектепте жұмыс істеуге құлқымыз жоқ,шындықты айтсақ соңымызға түсіп алып жау көреді,онымен Айсауова сияқты күресе алмаймызда тиыштық керек деп қоя саламыз.ҰБТ-ның қорытындысымен бізге яғни мектептің қаймақтарына жиналыс жасағанда көздеріңе көк шыбын үймелетіп,қыркүйекте сағатсыз қалдырамын,асылып өле қалыңдар деп айқайлағаны осы күнге дейін ютубты шарлап жүр. Сенбесеңіз ашып көріп тыңдауыңызға болады.Өткен аптада Жібек апай келіп тексеріп кеткен,ол апайдың да жанарынан бәрін біліпте тұрмын,түсініпте тұрмын,бірақ қолымнан ешнәрсе келмейді деген сырды айтпай ақ ұғынып тұрдық.Арыз деп қабылдамаңыз сізге айтар өтінішіміз осы аты аталған мұғалімдерді директордың қатысуынсыз жиналыс жаса деп қолыңыз тимесе өкіліңізді жіберсеңіз біраз жайдың беті ашылар еді.Аудандағы талай жетістіктерімен аты шыққан іргелі мектепке сіздіңде жанашырлықпен қарауыңызды сұраймыз.Сізден нәтиже шығады деп сенеміз. 1.Фазылов Бахыт Драхметұлы2.Қожаназаров Нұрлыбек3.Айсауова Ақманат.4.Медетбаев Нұрлыбек.5.Нүрымбетова Айнұр.6.Сыздық Гүлзира7.Ибраева Айжан8.Серікбаева Айман9.Бейсенова Айсара.10.Мамбетбаева Айгүл11.Сембиева Күлайша12.Әлтаева Айзат.13.Қарабалаева Клара14.Дағарова Жанар15.Абдуллаева Динара16.Палымбетова Гүлбақыт17.Бимұратова Нүрсәуле18.19.Мадиева Салтанат.20.Балтаев Ынтымақ.
Сәлеметсіз бе әкім мырза!? Сізге А. Тоқмағанбетов көшесі тұрғындарының атынан жазып отырмын. Біздегі мәселе электр жүйесі өте ескі. Климаттық өзгерістерге төтеп бере алмайды. Себебі көп өшіп қала береді. Сiздi бiлiктi басшы ретінде осы туындаған мәселені шешіп береді деген сенімдеміз.
Сәлеметсіз бе аса құрметті Әшім Оразбекұлы? Сiз 2017 жылдың 30 қараша айынан бастап Шиелі ауданының әкімі болғалы көп мәселелер өз шешімін табуда. Бұл сіздің көрегенді басшы екеніңiздi бiлдiруде. Сiз әкімдікке тағайындалғанда аса зор сенім танытқан азаматшаның бiрi едім. Көмек сұраған жанға қол ұшын беруге әрқашан дайын тұрасыз. Сол себепті сiзге сенiм бiлдiрiп көмек сұрағалы отырмын. Менің жасым 26-да мамандығым "Қазақ тiлi және әдебиеті" пәні мұғалімiмiн. Күйеуім әскери қызметте едi, қысқартуға iлiнiп жұмыссыз қалды. Екi несиемiз бар едi оны төлей алмай ақша таппай қиналып отырмыз. Еңбек етіп ел қатарына қосылу үлкен арман болып отыр. Сiзден өтініш менің және күйеуімнің мамандығы бойынша жұмысқа тұруға қол ұшыңызды берсеңіз. Соңғы үміт Сiзден болып отыр.
Құрметті әкім мырза! біз ауданның бірнеше педагог-психологтары атынан жазып отырмыз. аудан психологтарының жауапкершілігі өте жоғары екенін мойындаймыз, қолымыздан келгенше қызметімізді атқарып келеміз. Дегенмен аудан психологтарының үстінен тексерістің көптігі соншама мектепте жұмыс жасайтын тек психолог деп қаласың. біздің айтпағымыз 157 мектеп психологінің іс әрекеті тым шектен шығып кетті. Әр тексеру келе жатыр деп әр психологтан 2000 тг жинап алады. жарайды оны келген адамдарды күтуге деп есептейік. Бірақ комиссия келейін деп жатыр деп әр психологтан 3000 тг жалпы сомасы 150000 тг жинап алды. оның қайда кеткенін ешкім білмейді. онысымен қоймай дөрекілік танытып білім бөліміінде психологтарға жауапты Нағима апайдың үстінен сауатсыз, әдіскер сиқы жоқ деген секілді балағат сөздер айтып, арамызға іріткі салып бітті. өзі секция жетекшісімін деп алып, жиналыстарда ешкімге сөз бермейді. оған дұрыс-бұрыс деп айтатын үлкендеріміз де үндемейді. Бұл хатты да анонимно жазып отырмыз. өйткені қарғап - сілегенде оның сөздеріне адам төзуі мүмкін емес. сіздерден өтінетініміз осы жағдайды реттеп. 157 мектеп психологін секция жетекшілігінен босатып, орнына басқа да білімді психологты тағайындауларыңызды сұраймыз. Біздің қалауымыз ауызбіршілік орната білетін білікті психолог маман.
Құрметті Әшім Оразбекұлы! Менің айтқым келгені №150мектепте лаборант (зертханашы) дегендер жұмыс істейді. Осылардың жұмысы не? Келіп шай ішіп кету ме? Келеді шай. Міндетін білмейд. қазір мектепте кабинетте лаборотория жоқ. Лаборант бар. 1,5 ставка 1 кабинетте 2 лаборант бірақ кабинетте дым жоқ. Ауданның бюджетін құртып отыр ғой. Неге ысырапшылдыққа жол береміз. Не істейтіндерін білмейді. Артық штат көп. Ертен жанадан кабинет жабдықталса беруге болады штат. Ал жоқ кабинетке лаборанттың не керегі бар? Штаттарды тексеру керек сияқты. Типтік жобадағы мектеп. 25 бала бир сыныпқа сияды. 25 оқушыны екі сыныпқа бөліп, сағат санын көбейтіп отыр. Сол сияқты мектептерде 30 оқушы бір сыныпта оқып отыр.Ауданға менің де жаным ашиды. Тексерсе шығады. Бұл рас нәрсе.
Шиелі ауданы әкімі Ә. Оразбекұлына Өтініш Құрметті Әшім Оразбекұлы! Сізді қатты құрметтеймін. Шиелінің тумасы, жаныныз ашиды. Сіздің бір ғана балаларға жасаған жақсылығыңызды айтқым келіп отыр. Сіз 20 жыл мектепте жүргеніме бірінші рет Жаңа жылда 150 астам балаға планшет берген жалгыз әкім сіз ғана. Бала десе жаныныз ауыратынын көрдім. Мұндай сыйлық беру соңғы 20 жылда көрген жоқпын. Тек облыста болатын. Сізге зор денсаулық тілеймін. Осы өтінішім бойынша әлі де болса 2016-2017 оқу жылында мектептерде заңсыз сыныптар бөліп жатыр. Бұларды тоқтатын кез келген сияқты деп ойлаймын. 2017 -2018 оқу жылында орын алған заңсыз әрекеттер. Барлық типтік жобадағы мектептердің менде мәліметі бар. Әлі менде бірнеше сыбайластықтың бірнеше дәлелі бар. Мына төмендегі . 2016 – 2017 оқу жылындағы мектептер бойынша заңсыз сыныптардың бөлінгендігі. Салыстырып көріңізші қай мектепте сағат саны көп.. бала саны бірдей мектептер. Айырмашылығы неде? Бір мектепте сынып бөлінеді, бір мектепте сынып бөлінбейді. Бір мектепте сағат көп, бір мектепте сағат аз. Сонда бір мектептің директоры заңды біледі, бір мектептің директоры заңды білмейді деген сөз бе? Қалай? Әлде бармақ басты көз қысты ма? Мына төмендегі бірнеше мектеп. Қазір мектеп директорларының таза жұмыс істеуіне мүмкіндік бар, себебі бухалтерия аудандық білім бөлімінде. Оқу жоспарын қай заңға сүйеніп жасайтынын ұмытып қалған директор бар. Факультатив сабақтарда мектептерде дұрыс өтілмейді, директор орынбасарлар алып алған. Қазір тексерсеңіз қазір табасыз. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламаларын ұмытып қалған сияқты бір мектептің директоры. Мектеп алды даярлықта 4 жасар бала бар. қалай? ол садиккке бармай ма?Әдістемелік нұсқаулықтан алынған. 2017 – 2018 оқу жылы. Бірақ бір мектептер факультатив 1 сабақты заңсыз 2 ге бөліп, оқу жоспарындағы сағатты көбейтіп отыр. Мысалға биылғы оқу жылында 1-сыныпта – 24 сағаттан аспауы керек болса, 29 сағат, 2-сыныпта – 25 сағаттан аспауы керек болса, 29 сағат етіп асырып, көбейтіп отыр. Мектеп алды даярлық тобына 5 жасқа толмаған қабылдап, 6 жасқа толмаған баланы бірінші сыныпқа қабылдап жатыр. Осының бәрін жай мұғалімдер жасаса директорлар төбемізден шұқитын еді. Жұмыстан шық деп. Өздері жасағасың індемей отыр. Тарификация жасауда алаяқтылыққа жол беріп отырғандар бар. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Таза мектеп директорлары таза болып қалады, таза емес директорлар жауап берсің. Не үшін істегенін? Кімге жағдай жасағанын? Сіздерге дайын ақпар. Сабақ кестесінен іздесеңіз таппайсыз. Факультатив сабақ, бөліп оқыту сабақтарынан көбейтіп отыр оқу жоспарын. Сіз бұл өтінішіме қарсы емессіз деп есептеймін. Себебі Заң бәрімізгі ортақ, Заңды сыйлауымыз керек деп есептеймін жән де бастаған ісімді аяқсыз қалдырғанды жек көремін. Осы тоқтатылмаса жан – жаққа жаза беремін. . Сонда қазіргі уақытқа дейін миллиондаған мемлекеттің қаржысын суға кетіре бере ме?