Саламатсызба әкiм мырза үй мәселесiмен сiзден өтiнiш көп балалы ана ретiнде кезекте тұрмын номерiм 8шi осы жылы баспаналы болуыма көмектесiңiзшi квартирада алты жыл болды тұрып жатқанымызға төрт балам мектепке барады егiздер бiр жастан асты жолдасым жұмыс iстеидi сiзден жақсы жаңалық күтемiн 31.03.2015 ж
Саламатсыз ба Қайратбек Әубәкірұлы!Бірден уақытыңызды алмай өз жөнімді айтайын.5 баланың әкесімін.Қызым мен ұлым жоғарғы оқу орнында оқиды,егіз қызым мен одан кейінгі ұлым мектепте.Өзім 3 топтағы мүгедекпін.Мұның бәрін жазып отырған себебім жағдайымды білсін деп отырмын.Енді негізгі мәселем,мен осыдан 3 жыл бұрын жеке кәсіпкерлік ашып, жұмыс жасағанмын,салықты уақтылы төледім.Одан кейін ауырып,біраз емделуге тура келді.Содан 3 топ мүгедектігі берілді,паркинсон деген диагнозбен.Казір 3 мезгіл дәрімен жүремін.Балаларды жеткізуге,өзіме дәріге ақша керек,содан аздап болса да қайта жеке кәсіпкерлігімді жалғастырып жұмыс жасасам деп едім.Соған үйге 380 тоқ кіргізуді бастадым,электр дәнекерлік жұмыстар.Ортадағы жүйке шаршататын тірліктерді айтпай-ақ қояйын,бір жарым айда барлық қағаздарын сол КРЭК мекемесінің қызмекерлеріне дайындаттым,жүргізу жұмыстарын да сол мекеменің жұмысшыларына жасаттым.Енді екі апта болды сол мекеменің тех.қауіпсіздігі инженері Қалқұлов Тоқберген қорытынды бермей әуре-сарсаңға салып жатыр.Алдына барсаң өзінің жұмысын саған артып,столба санап кел,болмаса арасын өлшеп кел,бүгін қолым тимейді ертең кел,мен коріп келдім ана жерің дұрыс емес жөндет,оны жөндесең мына жерің дұрыс емес жондет дейді,оны жөндесең енді проектіні дұрыс сызбаған соны жондет дейді.Ол жұмыстардың бәрін сол мекеменің мамандары жасады.Қазір жүргізу жұмыстары бар,оны,дұрыстамай қайта жүргізу жұмыстары бар,жоба сыздыру,жүргізу материалдары бар 300000 тенгеден астам акшам кетті.Жүйкенің қалай шаршағанын айтпағанда.Мұның бәрін сізге жазып отырғанымның екі себебі бар;біріншісі Елбасымыз кәсіпкерлікті дамытуға қатты коніл бөліп жатқан жоқ па,сол Елбасының біздің ауданымыздағы бірінші өкілі сізсіз.Ал екіншісі мен Қалқұлов Тоқбергенге аудан әкіміне барамын десем,оның шамасы келмейді бара бер,облыс әкіміне бар маган десең дейді.Бізде осындай мықтылар расымен бар ма екен көрейін деп едім.Уақытыңызды бөлгеніңізге көптен көп рахмет
Құметті Қайратбек Әубәкірұлы ! Еліміздегі «жасыл ел» бағдарламасының іске асуына аудан тұрғындары жаппай қолдау арқасында ауданымызда бираз іс-шаралар откендігі және көркейту көкалдандыру жумыстарымен айналысуға апта сайын сенбілік өтуде. Осыған сәйкес Біздер Шиелі кенті, Алтыбеков көшесінің тұрғындары мәселемізді шешіп беруіңізді сұраймыз. Себебі, Алтынбеков көшесіне келетін аяқ су арығын жауып тастауына байланысты көшеге таралатын аяк суды сол көшенің 1-і және 2-і үйлері арықты жауып тастап 3 жылдан бері қалған үйлерге аяқсу бармай отыр. Аяқ су арығын өздері қоралап жеке меншікке айналдырған. Көше бойындағы арықтар аяк судын жоктығынан күл-қоқыс орнына айналды. Көше тұрғындарының ауласындағы жеміс-жидек, көк-өністер қурап кетті. Аяқ судын жоқтығынан ауламызға ешқандай егін еге алмай отырмыз. Жаз айларында ауыз суммен суаруға қатан тиым салынғандығы бәріне мәлім. Жеміс ағаштарды барлығын шауып отын кылуға тура келді. Алтыбеков көшесінің 1-і және 2-і үйлерінің иелеріне со л көшенің тұрғындары ауызша турде ескертіп айтылды және Шиелі кенті әкімі аппаратының қызметкерлері келгенімен ешқандай шара қолдана алмады. Сізден, осы мәселені егін науқаны басталып кетуіне байланысты шара қолдануыңызды және тез арада шешіп береді деп сенім білдіреміз. Құрметпен, Шиелі кенті, Алтынбеков көшесінің тұрғындары.
Құрметті Қайратбек мырза! Сізге қоятын сұрағым Жөлек ауылының әкімінің қызметі қандай? Халықтың неге мұң мұхтажын тыңдамайды.Өзінің сөзін сөйлейтін 5-6 адамды шақырып алып сөйлеседі. Қалған 1500 адам сонда кім. Ауылға жаны ашитын Мейрамбек деген азамат бар.Ауылдың жағдайына жаны ашиды, ауылда тұрады.Ауыл халқы сол азаматты қолдап отыр. Қазіргі әкім не істейді, суреттен басқа? Жұмысына ауыл халқы наразы. Менің әйелімді жұмыстан шығарып жіберді. Адамгершілікке жатады ма сол, айтатын көп.
Аудан әкіміне! Жөлекте еге барма жоқпа? Ауылдағы әкімгершілікті бұзып жатыр.Қой дейтін адам жоқ. Далада отырадыма? Ұлы соғысының тақтасын жаңартуға екі өзбек алып келіп жартысынан тастап кетті. Аяғын клубпен мектептің адамдары бітірді. Бөлінген ақшадан пайда көрмей ақ қойса болмай ма? Байгеқұм,Ортақшыл, Балаби ардагерлер тақтасын көрсеңіз қандай керемет.Бізге ауылда тұратын, ауылға жаны ашитын азамат керек. Ауылда әкімде, учасковый да жоқ. Жөлек ауылының тұрғындары.
Құрметті аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ! Мен еліміздегі «Кіші және орта бизнесті қолдау» бағдарламасы бойынша, ақпан айында жылыжай салу мақсатында қаржылай көмек сұрап аудан әкімі орынбасарының қабылдауында болдым. Мені кәсіпкерлікті қолдау палатасына жіберді, ол жерде көмек беруге уәде етіп, қолдау көрсеттіп, керекті құжаттарды дайындауға тапсырма берді. Мен сұраған барлық құжаттарды дайындап облыстық кәсіпкерлікті қолдау палатасына тапсырдым.Бүгінгі күні маған «Сенің кепілдікке қоятын үйін бар, басқа банктен кредит алсын» деп отказ беріпті. Сондағы Елбасымыздың кәсіпкерліктті қолдау жөніндегі тапсырмасын бос сөз болғаны ма!!! Осыған сіз не деп жауап бере аласыз. Алдын ала рахмет!
Қайратбек мырзаға ! Жөлек ауылының ауыз су жағдайы мазалайды. Қазір ауыз су екі күнде бір ағады 2 сағат ғана. ауылда алты көше болса, соның үшеуінде ғана су ағады. Ауылдың әкімі кісіні алып келіп не техникасы не адамы жоқ. Ауыз су мәселесіне көмек беруіңізді сұраймын. Ауылдың әкімінен қайран жоқ сияқты.
Құрметті аудан әкімі ! Шиеліде неге көмір жоқ ? Мынау тұрған Жаңақорған ауданында көмір тоннасы 11,000 - 12,000 теңгеден сатылуда . Ал бізде көмір тоннасы 18,000 теңгеден . Арадағы алыпсатарлар неге бағаны шарықтатып жіберді . Неге уәкілетті органдар көмір сататын кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізбейді ? Неге қадағалау жоқ ? Пенсиясы күнкөріс денгейіне жетпейтін , аз қамтылған отбасылары , адамдар не істеу керек ? Шиеліде неге үкімет жоқ ? Құрмет атағына лайық ол . Жаңақорған аудан әкімі !!! Азық-түлік бізге қарағанда тым арзан Жаңақорғанда .
Здравствуйте! Уважаемый Кайратбек Аубакирович, Я сноха женщины, которая проживает Районе Шииели, РУ6, ГРП 23, 30/1. Это женщина воспитывает 3-х детей одна по сей день получала алименты от мужа, уже как три месяца не получает ни копейки. Живут очень бедно нет у них продуктов, угля, дровь. Сама женщина больная и старший сын больной (психический). Эти люди нуждается помощи от социальных работников. Работать ее никто не берет на работу потому, что у нее нет деньег. Прошу Вас оказать содействие для получение алименты. Если можно помощи от социальных структур. Спасибо!
Құрметті аудан әкімі мен қызылорда шиелі ауданы қарғалы ауылының тумасымын, менің сізге айтар сұрағым қарғалы ауылына қатынайтын автобустың жол ақысының жылда жүргізушілердің көтеруіне қатысты болып отыр, қазіргі құны 180тг, қыста көпірді алып тастағанда 250 тг дейін барады, онсызда әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз отқан отбасылыар қаншама, есесіне ауылда көп балалы отбасылар өте көп, шалғай жатқан ауыл болғаныдықтан әбден назардан тыс қалған, оқушылрдың жол ақысының өзі 80тг, бару қайтуына не бәрі 20 л бензин кететін жердің жол ақысын жүргізушілер өз қалауынша қойып, халық келіспесе жүрмей қойып білгендерін жасап отыр деседе болады, қарны тоқ, айсайын айлық алған жұмысы бар адамдар үшін 180 тг ақша болып көрінбеуі мүмкін, алайда, ауыл тұрғындарының жағдайымен таныссаңыздар түсінерсіздер деп ойлаймын, онсызда зорға күнін көріп отырған халық жол құны бару қайтуының өзі 500 тг жақындағансоң ауылдың өз еркімен еселеп баға қоятын қымбат дүкендерінен керегін алып қарызға батып, шарасыз күйде өмір сүруде, қалалық жерлерде 10 тг жол ақысы қымбаттаса жаңалықтан хабарланып, әкімшіліктің бақылауында болады, ал еліміздің халық санын көбейтіп отырған батыр аналарымыз бар осындай ауылдардыкы еселеп көбейседе ешкім елемейді? неге....