eGov-тың 30 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады -- "Электрондық үкімет порталында ұялы телефон ..." -- 20 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд ..." -- 19 Қазан 2017
Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Қырғызстан делегациясымен өткен ... -- "ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ..." -- 19 Қазан 2017
Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаковпен ... -- "Қырғызстанның Премьер-министрі үлкен делегациямен ..." -- 19 Қазан 2017
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ -- "Латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында ..." -- 16 Қазан 2017
БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға ... -- "  Қазақстандықтардың көпшілігі ..." -- 12 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына ... -- "Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ..." -- 11 Қазан 2017
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысынан сөгіс алды -- "Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан ..." -- 11 Қазан 2017
Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң ... -- "Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ..." -- 11 Қазан 2017
Елбасы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының ... -- "  Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы ..." -- 09 Қазан 2017

Шиелі аудандық білім бөлімінің 2017 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі

Аудандағы білім беру жүйесін  жалпы білім беретін 41 мектеп (оның ішінде  жаңа типті 7  мектеп: 2 мектеп-гимназия, 5 мектеп-лицей, 34 жалпы білім беретін мектептер) мен 1 кешкі мектеп, 116 мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары (оның ішінде, 16 мемлекеттік және 1 ведомстволық, 61 жеке балабақшалар, 37 толық емес, 11 толық, 1 жеке шағын орталықтар) және 3 мектептен тыс мекеме құрайды. 41 жалпы орта білім беретін мектептің 32 типтік, 9 бейімделген жобадағы ғимараттарда орналасқан. Жалпы білім беретін 41 мектептің 38 – де оқу - тәрбие жұмысы қазақ тілінде, 1 мектепте орыс тілінде, 2 мектепте қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектептердің 33 –і орта (80,5 %),  5-і негізгі орта (12,2%), 3-і (7,3%) бастауыш мектептер.   2016-2017 оқу жылында аудан бойынша 16 161 оқушы білім алады. Барлық балалардың 98,1% орта мектептерге, 1,7% негізгі орта, 0,2% бастауыш мектептерде оқиды. Шағын жинақталған мектептер саны – 5 (№84,154, Ақтам, Жуантөбе, Лесхоз)

Мектепке дейінгі тәрбие

Қазіргі таңда  аудан  бойынша   129 (80   балабақша, 49 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 7839 бала тәрбиеленуде. Жұмыс  жасап жатқан 17 мемлекеттік, 63 жеке меншік балабақшалар. Аудан бойынша жеке меншік балабақшаның үлесі 75 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 49 шағын орталық жұмыс жасайды, оның 48 мемлекеттік, 1 жеке шағын орталық. 49 шағын орталықтың 12 –і толық күн жұмыс жасайды, яғни шағын орталықтың 25 пайызы толық күндік шағын орталық. 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы - 55 пайызды құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – қазіргі таңда 100 пайызды құрайды. 2017 жылы 8 бала-бақша, 5 қосымша топ ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1855 бала кезекте тұр. Оның 0-3 жас аралығындағы бала саны- 1610, 3-6 жас аралығындағы бала саны – 245.

Шиелі ауданы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы 

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 16 қарашадағы №660,  2017 жылғы 24 наурыздағы  №128, 2017 жылғы 31 наурыздағы №135  бұйрықтары негізінде аудан бойынша 11 сыныпты  32 орта мектепте 782 оқушы және кешкі мектепті бітіруші 33 оқушы, барлығы 815 оқушы бітірді.  782 оқушының  595-і жаратылыстану-математикалық, 187-і қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда білім алды.

11 сыныпты бітіруші 782 оқушының – 46-сы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылып, 40 оқушы иеленді (5,1 пайыз), «Үздік аттестатқа» 19 оқушы ұсынылып, 18 оқушы мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша білімін дәлелдеп шықты. (2,3 пайыз)

Жалпы орта білім беру курсын ақтаған 782  бітірушінің 444-і (56,78%) ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, 431  (55,1 пайызы) түлек қатысты.  Оның 427 – і қазақ тілінде, 4 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырды.

Аудан түлектерінің  жинаған балл саны – 33 706.

Орта балл - 80,53.  Оқу сауаттылығы бойынша орта балл – 16,6,   математикалық сауаттылық  - 10,8 балл, Қазақстан тарихы -14,7  балл,  № 1 бейінді пән бойынша нәтиже – 20,9 балл , №2 бейінді пән бойынша – 18,9 балл болды. 50 балдан төмен жинаған 36 түлек.

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайлы

Өткен жылғы 12 айда Шиелі ауданының мектеп оқушыларының қылмыс жасауға қатысу үлесі +33% болса (6-дан 8-ге өскен), қазіргі уақытта жыл басынан бері қылмыстылық жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен профилактикалық жұмыстарға бағытталған кешенді жұмыстарды күшейтудеміз. Білім беру ұйымдарында «тәуекел тобындағы» білім алушыларды анықтау түрлі психологиялық әдістер шеңберінде жүзеге асырылып, (баланың әлеуметтік хал-ахуалының жинақталған көрсеткішін анықтау, т.с.с.) олардың осы топқа ену себептерінің диагностикасы жасалып, коррекциялық, түзету бағытындағы жұмыстарға тиісті мамандарды тартып жеке жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелерін күшейту, білім алушылардың оқу – тәрбие процесі барысындағы күнделікті іс - әрекеттеріне ұдайы бақылау жасау, білім беру ұйымындағы білім алушылардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы іске асырылуда. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 41 мектептің іші-сыртына 172 дана бейнебақылау орнатылып, оған 2 630 000 мың теңге қаралды. Сондай-ақ  білім мекемелерінде «Құқық күндері» «Құқық сабақтары»және құқық қорғау органдары өкілдерімен белгіленген тақырыптар аясында ай сайын әр форматта кездесулер ұйымдастырылуда. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының алдын-алу мақсатында әкімдік қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралған кезекшілік кестесі бекітіліп, рейд жұмыстары мереке және сенбі күндері жүргізіліп, талданып отырады.

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі барысындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты қандай да бір келеңсіз оқиғаны болдырмау мақсатында білім алушыларға арнайы лездемелік жиналыстар ұйымдастырылып, мектеп аумағынан ұзап шықпау, қандай да бір оқиға орын алса, (өзге тараптардан бопсалау, ұрып-соғу, т.б құқықбұзушылық сипатындағы іс-әрекеттер) шұғыл мектеп әкімшілігіне, педагог қызметкерлерге жеткізу жөнінде ақпарат беріледі. Мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың тек мекеме әкімшілігінің рұқсатымен кіруін қамтамасыз етілуі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұл мәселе бақылауда ұсталуда. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы, олардың өмір сүру сапасының жақсартылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар күшейтілуде.

1) Мүдделі мекемелердің қызметі барысында атқарылған жұмыстарының есебін тыңдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге байланысты проблемаларды анықтау.

2) Балалар мен олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне жалпы жұртшылыққа ішкі істер бөлімі тарапынан құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.

3) Білім беру ұйымдарындағы мектеп полиция инспекторларының жұмыс орнында тұрақты қызмет атқаруының тиімділігін қарастыру және қиын оқушыларымен жұмыс жасау үшін біліктілік арттыру курстарынан өткізу.

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу бағытында алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы, олардың өмір сүру сапасының жақсартылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында барлық тәрбиеге байланысты мекемелермен бірлесе отырып жұмыс жасалатын болады.

Суицидтің алдын алу шаралары жайлы

Шиелі ауданы бойынша 61 педагог-психолог психологиялық қызметті ұйымдастыруда. 2016 жылы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әзірлеген суицидтің алдын алу бойынша сауалнамаға қатыстырылған балалар саны- 3401. (8-10 сыныптар бойынша). 21 мектепте тәуекел топ анықталмаса, сауалнама қорытындысымен 17 мектептен 90 бала «тәуекел тобына» алынған.  Олардың ішінде 34 бала депрессиямен, суицидке  бейімділігі 43, суицидке ұмтылыс 9 бала анықталған. Бұл балалармен арнайы мамандардан кеңес алып, ата-аналарымен, оқушымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәрігерден көмек түрін алды. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтер превенциясы жобасы бойынша 2016-2017 оқу жылында 8 сыныптарда 1197 оқушы қатыстырылды. Келісім берген ата-ана саны-1197. Келісім бермеген ата-ана жоқ. Қосымша оқытылған 9-11 класс аралығында «Рефреш» компонентіне қатысқан жасөспірім саны 2965. Жобаға байланысты оқытылған вахтерлер саны-3685.               8 сыныптарда жобаға сәйкес сауалнама  қорытындысымен анықталған балалар саны-56. 18 мектепте (№252, 206, 154, 157, 84, 241, 243, 181, 151, 214, 40, 251, 153, 133, 155, 142, 141, 228) «тәуекел тобы» анықталған жоқ. Бүгінгі таңда «тәуекел тобындағы» 56 баланың 37-і дәрігерге, 19-психиатр дәрігерлерге қаралды. Желіде тіркелген, психологиялық күйзеліске түсіретін ойын түрлерінің алдын алу мақсатында 2017 жылдың 8 ақпан күні аудандық салтанат сарайында ауданның мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшілері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, оқушылар парламентінің депутаттары, тәлімгерлер, аудандық ІІБ қызметкерлері, «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасыларының қатысуымен «Ақпараттық кеңістіктегі бала психологиясы» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізілді. Онда әлеуметтік желілердегі суицид жағдайларына апаратын ақпараттардың таралуы, алдын алу жолдарын қарастыру талқыланды. 

Видео ақпараттар

Scroll to top