Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті , КТУ-11/3
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-46-40
  • E-mail: pl1109@mail.ru

 

«Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» директоры 

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы 1964 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, 1971 жылы № 251-ші М. Әуезов атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына барып, осы мектепті 1981 жылы бітіріп шықты.

1981-1982 жылдары Бәйгеқұм көкөніс-бақша совхозында жұмысшы.

1982 жылы Жамбыл технологиялық институтына түсіп, 1987 жылы бітіріп шықты.

1987-1988 жылдары Чита облысында әскери қатарында.

1988 жылы № 11 Шиелі КТМ-де өндірістік оқу шебері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, директор орынбасары қызметтерін атқарған.

1997-2001 жыл аралығында Шиелі АІІБ-де Әкімшілік қызмет полиция саласында қызмет атқарды.

2001-2005 жыл аралығында Қызылорда облысы бойынша қаржы полиция департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша инспектор, аға инспектор, бөлімнің бастығы қызметінде.

2005 жылдың маусым айынан Қаржы полиция департаментінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» басқармасында аса маңызды істері жөнінде аға инспектор қызметінде. Осы жылдың қараша айында Астана қаласында орналасқан ҚР-ның премьер –министрі кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығында «Мемлекеттік құпияларды қорғау» курстық бағдарламасын үздік аяқтап, сертификаты берілген.

2007 жылдың желтоқсан айынан бастап, осы уақытқа дейін Қызылорда облысы ІІД-нің 4-ші бөлімінің бастығы полиция подполковнигі.

2009 жылдың наурыз- сәуір айларында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық мәдениетін жетілдіру» бағдарламасы бойынша үздік аяқтап сертификаты берілген.

Отбасылы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Жетістіктері:

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің үздігі.

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 10 жылдық медалімен,

-Қазақстан полициясына 15 жыл медалімен,

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығымен «Құқық тәртібін

Құрылымы:

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

1

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы

Колледж  директоры

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті , КТУ-11/3
Тел: 8-724-32-4-46-40

2

Жұматова Галина Тасболатқызы

Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Өмірбеков көшесі №25үй

Жұмыс тел: 4-46-46

Ұялы тел: 8 701 403 36 30

3

Дайрақұлов Бақтияр Таубайұлы

Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы көшесі, н/з

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел: 8 702 448 14 70

4

Бәйімбетова Гүлмира Есболатқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Шиелі ауданы, Көкшоқы м/а, ГРП-2 №60 үй

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел:8 701 497 77 25

5

Әбдиев Құрал Ерденұлы

Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шиелі кенті, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы көшесі, н/з

Жұмыс тел: 4-46-40

Ұялы тел: 8 702 753 14 21

 

АТЫ-ЖӨНІ

 

 

ҚЫЗМЕТІ

 

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

 

Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы

 

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры

 

БЕЙСЕНБІ

сағат 16.00-18.00

 

 

8(72432) 4-46-40

3.Жұмыс тәртібі 

Жұмыс уақыты : сағат 830 – ден 1800 - ге дейін                                                    

Түскі үзіліс: 1230- ден – 1500 ге дейін

Сенбі: 830- ден 1400 -ге дейін

Жексенбі: демалыс қамтамасыз етуде үздік шыққан үшін»медалімен марапатталған.

-Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен, Қазақстан Республикасы

ІІМ-нің тергеу комитеті төрағасының Алғыс хатымен және «Қазатомпром» АҚ президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

- «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Жалпы мәлімет

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің қысқаша тарихы.

Іргетасын 1958 жылы Бәйгеқұм қыстағында аудан ұжымдары мен мекемелеріне ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын № 97 селолық кәсіптік  техникалық училище,  оқу орны болып құрылған.

1980 жылы Шиелі қыстағына жаңа типтегі оқу орнына көшіріліп, мамандық пен қоса орта білім беретін оқу орнына айналды.

Осы уақыт аралығында 20 мыңнан аса ауылшаруашылығы мамандары аудан шаруашылықтарымен қоса  сол кездегі Совет Одағының құрамына кіретін Украина, Молдова сияқты одақтас республикаларға да мамандар даярланды.

Кәсіптік техникалық училище түлектері аты аңызға айналған 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жахаев атамызды, Социалистік Еңбек Ерлері З.Ержанова, Ұ.Алтайбаева, Ш.Қазанбаева, Ж.Таспамбетова және орденді механизаторлер Рысбай Мауленов, Сұлтан Айтасов, облыстық маслихат депутаты Жақсылық Ахметов т.б. көптеген азаматтарымызды мақтанышпен айта аламыз.

Кәсіптік білім беру сапасын өркениетті елдерге жақындату, кәсіби білімді әлемдік білім деңгейіне кіріктіру халықаралық жобалар мен тәжірибелерді үйрену талабын қояды. Ол үшін өзіміздегі бар нәрсені заманауи технологиялармен ұштастырудың ұшан-теңіз тиімділігі бар. Болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз ету-техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыруды, әсіресе, шетелдік іс-сапарларға жіберуді, халықаралық озат тәжірибелерді әріптестерімен бөлісуді қажет етеді. Осы орайда, Эстония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия мемлекеттеріне тәжірибе алмасуға барған сала басшылары, 2014 жылы тау-кен металлургия кешені бойынша болашақ мамандар даярлайтын Белорусь Республикасы Минск қаласындағы Ұлттық кәсіптік білім беру институтында біліктілік курсынан өткен колледждің 15 инженер-педагог қызметкері  іс-сапарының нәтижесінде кәсіби мамандар даярлаудың халықаралық озат тәжірибелерін және оқыту үдерісіне жаңа технологияларды ендіру жұмыстарын жүргізуде.

Колледжде сапалы білім беруді ұйымдастыра отырып, жас ұрпақты алдыңғы қатарлы саналы азамат етіп, тәрбиелеуді жүзеге асыру мақсатында ғылыми-әдістемелік жұмыс жолға қойылып, жан-жақты шығармашылықпен жұмыстар жүргізіліп келеді. Колледжімізде 1 – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 2 - «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, 20 – бірінші санатты педагог бар.

Мемлекеттік тапсырыс 9 сынып негізінде:

●1504062«Ауылшаруашылық  өндірісіндегі тракторшы-машинисі»-25 студент

●0706052 «Сығымдағыш қондырғының машинисі» -25 студент

●1115042 «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электромонтер» 25 студент

●0706032 «Бұрғылау қондырғысының машинисі» -25 студент

● 0508012 «Аспаз» - 25 студент

●1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші» - 25 студент

                Барлығы-150 студент қабылданды.

Біздің колледжде мамандықтар бойынша тәуелсіз бағалау 2009-2010 жылдары 5 мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, нәтижесінде 72 пайыз көрсеткіш көрсетті. 2010-2011 оқу жылында 6 мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсырды, нәтиже бойынша 86 пайыз, ал 2012-2013 оқу жылында  87 пайыз, 2013-2014 оқу жылында 92 пайыз,2014-2015 оқу жылында 97 пайызды  көрсеткішті көрсетті.

Колледждің жақсы көрсеткішке жетуіне тест орталығымен үнемі байланыста болып, тәжірибе алмасу жұмыстары себепші болып отыр. Еңбек нарығы мұқтаж болып отырған түлектерді даярлау-қазіргі кезеңдегі негізгі әлеуметтік міндет болып табылады. Сондықтан кәсіптік білім беру ұйымының міндеті-білім беру сапасын орындау деңгейі бойынша бағаланады. Колледждің тағы бір жақсы көрсеткішке жетуі арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлерінің біліктілік тест орталығымен бірлесіп үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесі, біліктілік тестінің сұрақтарын дайындауы. Мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің арқасында колледж студенттерінің жылдан-жылға білім көрсеткіштері артып келеді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2011 жылғы жолдауында айқындалған мақсаттарды шешуге Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес заманауи білім беру саясатының негізгі басымдықтарының бірі- қос бағытты білім беру жүйесі, яғни оқу орны мен жұмыс берушінің әлеуметтік серіктестігі болып табылады. Білікті маман болып шығу-колледжде алған теориялық білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында өндірістік тәжірибеден өтуді аудан көлеміндегі «Әлеуметтік» серіктестіктер мен ірі кәсіпорындар «Марсель Петролеум» компаниясы, №6 «Кен» басқармасы, «Реммонтаж Сервис» ЖШС, АҚ «Волковгеология» ГРЕ-23 филиалы, КЭТТК Шиелі электр желісін тарату филиалы, «Жаңа Бестам» ЖШС, «Жиделі топтық су құбыры» ЖШС, , «Сырдария» тігін фабрика ЖШС-мен тығыз байланыс жасай отырып, келісім-шарт негізінде арнайы пән мұғалімдері мен оқу өндіріс шеберлерінің біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан және студенттер өндірістік тәжірибеден өтуде.

Еліміздің ірі компанияларының бірі «Марсель Grup»  ЖШС-мен жасалынған меморандум негізінде колледждің материалдық-техникалық базасы жақсартылуда.

            Қазіргі таңда колледжде әрбір мамандықтың қыр-сырын ашу мен оған деген студент қызығушылығын арттыруға, өз бетінше жұмыстар жасауына мол мүмкіндіктер ашылған. Колледж студенттері болашақтағы кәсіби мамандықтарымен  қоса үйірмелерге қатысып, жан-жақты тәрбиеленуде.     Бүгінгі таңда колледжде «Қазақша күрес», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Стол теннисі», «Көркемөнерпаздар» үйірмелері және «Жас талап» тілшілер клубы, «Сырласу» қыздар клубы, «Жас қыран» әскери - патриоттық тобы жұмыс жасайды.

 Соның бірі, Көркемөнерпаздар үйірмесі. Бұл үйірме студенттердің өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Халық қазынасының бірі ол – домбыра. Халқымыздың ішкі жан-дүниесінің, арман мүддесінің, болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы.  Үйірме жетекшісі А.Қалекеев студенттерге домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында домбыра үйірмеcін ашып, қазіргі таңда  үйірмеде 15 студент жұмыс жасауда. Соның дәлелі, 2015 жылдың 4-6 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің – 70 жылдық мерекесіне орай ІІІ Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Жұлдызға жол» байқауы өткізіліп, үйірме мүшелері  «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша Дәулетхан Ізбасхан Дәулетханұлы «Нартайдың термесін» орындап, жүлделі І орын, «Вокал» бағыты бойынша Сапарбек Шынболат Бауыржанұлы «Мәншүк» атты патриоттық ән орындау шеберлігімен жүлделі І орын, «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша Жүргенбай Бағдәулет Жеңісбекұлы  «Солдат қасығы» өлеңін нақышына келтіре оқи отырып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

   Колледже алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Д.Полатовтың жетекшілігімен «Жас қыран» әскери патриоттық клубы жұмыс атқаруда, колледждегі «Арнайы тігінші» мамандығының және тігін цехының көмегімен барлық студенттер жүз пайыз әскери киіммен қамтамасыз етілген, клубқа қатысушы студенттер аудан көлеміндегі әскери-патриоттық сайыстарға, әскери шерулерге қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, аудандық марапаттауларға ие болуда.

Спорттық үйірмелер бойынша студенттеріміз аудан, облыс, республика көлемінде де жетістіктерге жетуде, атап айтсақ, №89 оқу тобының студенттері Сейтхан Бағлан Саматұлы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Темірбек Дүйсенбайұлы Жарықбаевты» еске алуға арналған аудандық ашық турнирде ІІІ орынды иеленсе, осы оқу тобының студенті Шойынбай Абдулла Асылханұлы қазақ күресінен облыс біріншілігіне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді және №81 оқу тобының студенті    Аббас Әбунасыр Мұратұлы М.Мәметованың жүлдесіне арналған Қазақ күресінен өткен республикалық турнирде жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 2013-2014 оқу жылында 6 студент «Үздік диплом» иегерлері. Олар: №64 «Компрессорлық қондырғы машинисі» оқу тобының студенттері Мажитов Жасұлан мен Сейтов Мәди, №65 «Аспаз» оқу тобының студенті Нұрмаханов Қанжарбек, Төлегенова Жарқынай, №66 «Электронды есептеу және бағдарламалық қамтамасыздандыру» оқу тобының студенті Ағатай Қуаныш, №67 «Мұнай және газ алатын операторы» оқу тобының студенті Ізбасар Талант қызыл диплом иеленсе, 2014-2015 оқу жылы 4 білім алушы Мырзаханов Ерсұлтан, Ақылбек Біржан, Балтабаев Бекзат Сматұлы, Бекназар Ұланбек қызыл дипом иеленді.

 Хронологиялық кесте 

  1. 01.09.1958 жылы ауылшаруашылығына механизатор дайындайтын Бәйгеқұм қыстағында № 97 училище  болып құрылды. (УМСХ № 97)
  2. 20.09.1965 жылы СПТУ-97 (Селолық кәсіптік техникалық училище)
  3. 1980 жылы Шиелі кентіне көшірілді.
  4. 10.08.1983 жылы ССПТУ -97 (орта селолық кәсіптік техникалық училище)
  5. 30.08.1984 жылы СПТУ-11 (орта кәсіптік техникалық училище)
  6. 15.10.1990 жылы КТУ-11( кәсіптік техникалық училище).
  7. 25.06.1996 жылы КТМ-11 (кәсіптік техникалық мектеп).
  8. 26.06.2001 жылдан КМ-11 (кәсіптік мектеп).
  9. 22.06.2009 жылдан КЛ-11 (кәсіптік лицей) болып өзгертілді.
  10. 07.08.2012 жылдан бастап №11 кәсіптік лицей мекемесі Шиелі индустриалды-аграрлық   колледж мемлекеттік мекемесі;
  1. 30.12.2013 жылдан бастап  «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық  мемлекеттік қазаналық кәсіпорыны

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Кәсіптік даярлау» негізінде даярланатын мамандықтар

Техникалық және кәсіптік білім беру

р/с

Шифр

Мамандықтар атауы

Оқу мерзімі

 

1504000

Ферма шаруашылылығы (бейіндері бойынша)

 

 

1504062

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1504082

Автомобиль жүргізуші

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1504102

Жөндеуші дәнекерлеуші

10 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1504113

Фермер

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1114000

Пісіру ісі (түрлері бойынша)

 

1114012

Пісіруші (барлық атауларымен)

6 ай, 3 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1114042

Электр газымен дәнекерлеуші

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0706000

Кен орындарындағы пайдалы қазбаларды ашық қазу

 

0706032

Бұрғылау қондырғысының машинисі

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

0706052

Сығымдағыш қондырғының машинисі

2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1115000

Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

 

1115042

Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

 

0809052

Мұнай және газ операторы

10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0809152

Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысы

10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

 

1304012

Электрондық есептеу машиналарының операторы

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

 

0508012

Аспаз

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508022

Кондитер

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508032

Калькулятор

10 ай, 2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

0508042

Даяшы

2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай, 5 ай, 3 ай, 4 ай

 

1401000

Ғимарттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

 

1401012

Тас қалаушы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1401022

Ағаш ұстасы

2 жыл 10 ай, 10 ай, 1 жыл 10 ай

 

1401042

Сылақшы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1401052

Бояушы

1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 10 ай

 

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

 

1211062

Тігінші

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

1211072

Модельер-пішуші

1 жыл 10 ай, 10 ай, 2 жыл 10 ай

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 2017-2018 оқу жылының оқу-тәрбие бағытында атқарылған жұмыстар

 

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 2017-2018 оқу жылының

оқу-тәрбие бағытында  атқарылған

ж ұ м ы с т а р

 Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылы 22 сәуірдегі №227  бұйрығына сәйкес кешенді бағдарламасын басшылыққа алып, тәрбие беру саласында озық тәжірибелер мен жаңа технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер тарату  бағытын ұстанып жұмыстар жүргізіп келеді.

2017-2018 оқу жылына  оқу ғимараттары мен  жатақханаға  күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға заманауи үлгідегі оқу кабинеттері, зертханалар және 240 орындық жатақхана сапалы білім алуға толығымен  жұмыс  жасауда.

2017-2018 оқу жылына колледжішілік жылдық жоспар,  тәрбие  жоспары және Шиелі АІІБ-мен бірлескен жоспар, наркобекет, діни экстремизм және терроризм, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарында жоспарлар құрылып, бекітіліп, аталмыш жоспарларға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

2017-2018 оқу жылына жалпы колледжде 9 мамандық бойынша 486 білім алушы дәріс алуда, оның ішінде 473 білім алушы  қазақ, 7 орыс өкілі, 1 кәріс өкілі, 1 украин өкілі, 1 оралман, 1 шешен өкілі, сондай-ақ  398  ер бала, 88 қыз бала, 180 көп балалы отбасынан шыққан және 4 білім алушы тұлдыр жетім, 7 мүгедек, тұрмысы төмен отбасынан шыққан 77 білім алушы,  білім алушының әкесі не анасы қайтыс болған – 56 білім алушы,  200 білім алушы  аудан орталығында тұрса,   286  білім алушы  елді мекеннен қатынап оқиды. Ал, «Нәтижелі жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 70 білім алушы дәріс алуда. Қазіргі таңда колледжде  20  оқу тобы бар.

19 наурыз 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым – перзенттік парызым!» атты ел ағаларымен кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, Сыздықов Болат – аудандық мәслихат хатшысы, Мұхамедов Мұрат Бақтиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Алшынбаев Сейтқали Бегманұлы, Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы, Бәкіров Құрманбек, Исмаил Өркен Әзімханұлы, Ноғайбаев Әлмырза Әліұлы, Арыстанов Әбсаттар Арыстанұлы – ардагер ұстаз және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Колледжде 2 кесте бойынша  спорттық үйірмелер волейбол, футбол, баскетбол, бокс, қазақша күрес, шахмат, теннис үйірмелері жұмыс жасауда.

2018 жылдың сәуір айында Шиелі ауданында жасөспірімдер арасында Алтын белбеуден 2 орын иеленсе,  мамыр айында Алматы қаласында Жастар Республикалық Кубогі  үшін өткізілген командалық жарыста қазақша күрестен №10 оқу  тобының білім алушысы Советов Қыдырәлі І орынды иеленсе, 19-21 мамыр аралығында Шымкент  қаласындағы VIII Республикалық турнирде жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2018 жылдың сәуір айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына орай бокстан өткен колледж студенттері арасындағы облыстық ашық біріншілігінде   75 кг салмақта №3 оқу тобының білім алушысы Орынбасарыв Мағжан, 69 кг салмақта №5 оқу тобының білім алушысы Қуандықов Давлатжан, 60 кг салмақта №2 оқу тобының білім алушысы Ерназарова Жансая жүлделі ІІІ орынға ие болса, №12 оқу тобынгың білім алушысы Амангелдиев Бақдәулет, №4 оқу тобының білім алушысы Сапарбектегі Нұрболат спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды.

Спорттық салада биылғы жылы  

2017-2018 оқу жылына үйірме жұмыстары бойынша 6 білім алушыға  спорттық разрядтар алынып берілді. Олар:

«Волейбол» үйірмесі бойынша жаттықтырушы Г.Әбдірахманова:

  1. Әбсатова Бибінұр Шынжігітқызы №7 оқу тобы білім алушысы – 2 разряд
  2. Нышанбаева Ақсамал Нұрғалиқызы - №7 оқу тобы білім алушысы – 2 разряд

«Волейбол» үйірмесі бойынша жаттықтырушы Ә.Мырзамұратов:

  1. Сейтжанов Нұрдәулет Жұмабайұлы №10 оқу тобы білім алушысы – 1 разряд
  2. Темірәлиев Заңғар Бекболатұлы - №97 оқу тобы білім алушысы – 1 разряд

 «Қазақша күрес» үйірмесі бойынша жаттықтырушысы О.Қазыханов:

  1. Советов Қыдырәлі Мақсатұлы - №10 оқу тобы білім алушысы – 1 разряд

«Баскетбол» үйімесі бойынша жаттықтырушысы Ә.Сәрсенбаев:

  1. Асанханұлы Төрехан - №1 оқу тобы білім алушысы – 1 разряд

«Тоғыз құмалақ» үйірмесі бойынша жаттықтырушысы М.Абдиров:

  1. Үрмаш Айсұлу Қайратқызы – 1 разряд

Сонымен қатар, колледждегі 2 кестеге сәйкес «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы жұмыс жасайды. Жетекшілер Д.Полатов, Р.Бекжапбаров. Құрамында 28 білім алушы қатысады.

         10 мен 20 наурыз аралығында студент жастары арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында «Қазақстанның болшағы есірткісіз!» атты 10-күндік іс-шара жарияланды,  осы іс-шарада жоспарға сәйкес наркобекет мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Заманым жақсарғанда мен неге жаман болуға тиіспін!» атты дөңгелек үстел өтті, нашақорлыққа байланысты денсаулық бұрышы ұйымдастырылып, спорттық ойындары,«Қазақстанның болшағы есірткісіз!» атты топ аралық сурет көрмесі өткізілді, нашақорлық, темекі шегушілік және ішімдікке қарсы сауалнама, диктанттар алынды, қорытынды кеш ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Елбасы халқымен бірге өткен жылы конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің үшінші жаңғыруын бастаған болса,  жаңа Жолдауында әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндік жасай отырып, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын дамытуға арналған бұл Жолдауында жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті көрсетіп берген болатын.

Осы аталған 10 міндеттің 7-ші міндеті аясында білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс  десе, 9 міндетінде Заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді деп көрсетілген. Осы орайда да, колледжде «Жастар ресурстық орталығы», Шиелі ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшесінің мамандарымен кездесулер өткізіліп, білім алушылар және педагогтар арасында талқыланып, Елбасының білім саласына, жастарға қойған міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді.

Студент жастар ұйымы, студенттердің өзін-өзі басқаруы колледжде  студент жастармен жұмыс жасау, жастарды еңбексүйгіштікке баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғамдық жұмысқа бейімдеу мақсатында «Жастар ұйымы»: ұйым төрағасы Әшіров Лесбек Кенжебайұлы оның ішінде Жігер жастар клубы жұмыс жасайды, одан бөлек «Жас қыран» әскери патриоттық клубы, «Жас талап» тілшілер клубы, «Сырласу» қыздар клубы өз жұмыстарын жасауда. Сонымен қатар, Жастар ресурстық қолдау орталығымен еріктілер тізімінде бірнеше білім алушылар жұмыс жасайды.

Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар суреттері

      Колледж ұжымы  Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақ күріштің атасы, еңбегімен елге танымал болып, дала академигі атанған Ыбырай Жақаев атамыздың шәкірттері, Социалистік Еңбек Ерлері, батыр  аналарымыз  Ұлбала Алтайбаева, Заhира Ержанова, Шырынкүл Қазанбаева, Жадыра Таспамбетовалардың училище түлектері екендігін мақтан тұтса, бүгінгі күні оқу  орнында 10 мамандық  42 біліктілік бойынша 480 білім алушы дәріс алып, 2017-2018 оқу жылында 185 бітіруші түлектің, оның ішінде 2 үздік диплом иегері мамандық иесі атанып, оқу орнымен қоштаса, 22 білім алушы Отан алдындағы борышын өтеуде.

         Биылғы жылы бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсіміне аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, аудандық мәслихат  депутаттары, аудандық ішкі саясат бөлімі,  мекеме басшылары,  аудан көлеміндегі әлеуметтік серіктестіктер, аудандық Ішкі істер бөлімі, ардагер ұстаздар, аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ата-аналар, білім алушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

2018 жылғы жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту- көгалдандыру мақсатында Шиелі аудандық «Жастар орталығы» бөліміміен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жөнінде колледж білім алушылары арасында насихатталып, аталмыш бағдарлама аясында  жұмыс жасауға ниет білдірген жастарға арнайы киім және 50000 айлықпен қамтамасыз етілетіндігі түсіндірілді.  Бұндай қоғамдық жұмысқа колледж білім алушылары да атсалысып келеді. 2017 жылы колледждің 30 білім алушылары жұмыспен қамтылса,  2018 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша колледжде  жоспар жасалынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маусымдық жұмысқа 31 білім алушы ниет білдіріп тіркелді.

        

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top