Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018
БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті -- " Қызылорда          ..." -- 20 Маусым 2018
Алматының Алмалы ауданында көп қабатты үй өртенді -- "Алматының Алмалы ауданында 5 қабатты үйдің шатыры ..." -- 18 Маусым 2018
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды -- "Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы ..." -- 18 Маусым 2018
Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады -- "«Құрметті отандастар! Баршаңызды күллі әлем ..." -- 15 Маусым 2018
Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек ... -- "Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 ..." -- 15 Маусым 2018
2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарының мамандықтар бойынша ... -- "2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша ..." -- 14 Маусым 2018
Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ... -- "Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол ..." -- 14 Маусым 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 335,67 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 13 Маусым 2018
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады? -- "Қазақстандықтар шілде айында 10 күн демалады. ..." -- 13 Маусым 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120007
  • Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы  Қызылорда  облысы  Шиелі ауданы Шиелі кенті  Көк-шоқы мөлтек ауданы Исатай Әбдікәрімов көшесі №11
  • Тел/факс: 8 (72432)35-5-42; 8 (72432)35—5-42 факс;
  • Электрондық пошта:  sh.arhitektura@korda.gov.kz   

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы 

Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы Облыс әкімінің келісімімен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  15 бабының 1 тармағына және 
19 бабына сәйкес аудан әкімінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №1331-ө өкімімен «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы 1987 жылы 
23 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында туылған. Білімі жоғары.  2010 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының Қазақ бас – сәулет құрылыс академиясын Сәулет мамандығы бойынша бітірген.\

2012 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының Қазақ бас – сәулет құрылыс академиясын Сәулет мамандығы бойынша өнер Магистрі.

Еңбек жолын 2006-2011 жылдары «Урбостиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сәулетші – техник болып бастаған.

2011-2014 жылдары «Урбостиль» жауапкершілігі шектеул серіктестігінде сәулетші, бас маман, бас сәулетші;

2014-2016 жылдары «Алматинская Топливно – Энергетическая Компания» (АТЭК) жауапкершілігі шектеул серіктестігінде директор;

2016 жылдың 20 сәуір 4 қараша аралығында «Урбостиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалау бас сәулетші қызметін атқарған. 

Отбасылы.

ҚҰРЫЛЫМЫ

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесі 2005 жылы 30 желтоқсан Шиелі ауданы әкімінің №1230 Қаулысымен құрылған. Сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде атқарылды.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

 35-5-42

35-5-42

2

Шалбаев Ғалымжан Серікұлы

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы

35-5-90

3

Дусанов Мухаммедияр Анварович

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы

 35-5-90

Жалпы мәлімет

«Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2005 жылы 30 желтоқсанда Шиелі ауданы әкімдігінің № 1230 қаулысымен құрылған. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді атқарады.

Ереже

«Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

  1. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады.

  3. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  4. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік мекеме  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  5. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  6. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  7. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

            9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Кок-шоқы мөлтек ауданы Исатай Әбдікәрімов көшесі №11.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  11. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

  1) Дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

  2) Жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

  3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  12. Осы Ереже Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  13. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру  аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

  14. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі аудандық сәулет және құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  Егер «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау .

16. Міндеттері:

            1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру .

            17. Функциялары:

            1) заңнамамен  белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын  жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

            2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгеленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

            3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

            4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жасынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейінен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді іске асыру;

            5) салынып жатқан (салынуы белгеленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу;

            6) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру:

            7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын аудан әкімдігінің бекітуіне ұсыну және іске асыру;

            8) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

            9) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

            10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

            11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау  туралы шешім қабылдау;

            12) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

            18. Құқықтары мен міндеттері:

            1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

            Құзырет шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

            Қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

            2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            Жеке тұлгаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            Заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

            Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            Қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  20. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзгеде ұйымдарда бөлімді білдіреді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

     

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы анықтама

Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды рәсімдеу және беру Ережесіне сәйкес, 2017 жылы 67 сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) бекітіліп оның ішінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бойынша Ақмая және Алғабас ауылдарына, аудандық маңызы бар Гежуба Шиелі Цемент Компаниясына Шиелі кентінде тәулігіне 2500 тонна клинкер өнім шығаратын цемент зауытының құрылысына, зауыттың әуе электр желілерімен қамту жұмыстарына, Шиелі кенті Ақорда мөлтек ауданында вахталық қалашық құрылысына, және Шиелі ауданына қарасты 1930+300 шақырымында орналасқан «Батыс Еуропа Батыс Қытай» автокөлік дәлізіндегі «В» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенінің құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) бекітіліп берілді. Өтініш берушілердің ғимараттарына қайта жоспарлау және қайта жабдықтауға рұқсат беру саны - 335, ғимараттарға реттік нөмірлер беру -1015, басқада бөлімнің қызметіне қатысты заңды тұлғалардан, кәсіпорындардан барлығы 1153 кіріс, 1384 шығыс құжаттары заңдылықтарға  тиісінше уақытылы жауап берілді. Мемлекеттік қызмет түрлері бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілді. «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша мердігер «ГРАДО» ЖШС-гі әзірлеген «Шиелі ауданы Шиелі кентінің Бас жоспарына түзету жұмыстары толығымен аяқталып, қабылданып, бекітілді.

Шиелі ауданы бойынша 2017 жылдың он екі айында  пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылыстарының саны 364, жалпы ауданы 41777 м², өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,0 пайызды құрады. Бөлім тарапынан ай сайынғы қабылданған тұрғын үйлер жайлы нақтыланған мәліметтер арнайы үлгіде облыстық әділет басқармасына, облыстық жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталықтарына әр айдың 5-не жолдануда.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтер беру жөніндегі жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді. Космотүсірілімдер негізінде елді мекендердегі ғимараттардың нөмірлерін нақтылау көше аралау тәртібімен атқарылуда. Бүгінгі күні осы ақпараттық жұйені өзектендіру жұмыстары атқарылып келеді. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» РМК-мен екіжақты 2 967 мың теңгеге келісім шарт жасалып, 120 га. аумаққа «кадастрлық жоспар жасай отырып, Шиелі кентінің құрылыс салынған аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу» жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпараттар интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастырылды.

Бөлімнің ұйымдастыруымен  аудан әкімінің санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес Шиелі кенті Самара-Шымкент автожолы, Қ.Сәтбаев көшесі, Дулатов, Мәметова, Қабанбай батыр көшелерін күл-қоқыстан тазалау, аяқ су арықтарын тазалау жұмыстары үнемі бақылауға алынып орындалды.

2015 жылы жасалған Шиелі кентінің қызыл сызық жоспарымен кенттің көшелерін толық дерлік аралап, біршама тұрғындарға, кәсіпкерлерге ауызша ескертулер беріліп бақылау жұмыстары үнемі бақылауда. Шымкент Самара бойындағы бір құрылыс қызыл сызықтан шығарып құйған фундаментін бұзып жылжытуға  келісімін беріп құрылыс жұмыстарын тоқтатты.

Сонымен қатар 2008 жылы жасалған ірі 9 елді мекеннің даму сызбаларына түзетулермен өзгеріс енгізіп, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктіріп жоба дайындау үшін смета дайындалып 53 800  мың. теңгеге аудан әкімдігіне ұсыныс берілді. 

2018 жылдың 1-тоқсанына атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және қызмет үшін қажетті қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен толықтыруларды бөлім қызметкерлеріне таныстыру, үйрету, жұмыс барысында қатаң басшылыққа алынуын қадағалау;
  2. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғары деңгейде ұстау;
  3. Шиелі кенті көшелеріндегі меншік иесіне қарамастан ғимараттардың қас беттерін әрлеу, абаттандыру, жеке тұрғын үй қораларын қызыл сызыққа келтіру жұмыстарын жүргізу;
  4. Шиелі кенті бойынша 2018 жылға инфрақұрылымға жоба жасату үшін 2 ауданнан егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын ұсыну, жоба сметелық құжаттамасын дайындау.
  5. Аудан тұрғындарына елді мекендердің бекітілген бас жоспарлармен даму сызбалары негізінде тіршілік етуге қолайлы орта қалыптастыру және елді мекендерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар кешенін ұйымдастыру;
  6. Аудан бойынша құрылысы салынған, салынуы жоспарланған нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, қорытындысымен 2017 жылдың 3-ші тоқсанында құрылыс нормаларына сәйкестігін, заң талаптарының сақталуын тексеру мақсатында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен тексеру жұмыстарын жүргізуге қолдау жасау.

Видео ақпараттар

Scroll to top